Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 июня 2018 19:07

"1000 теңгеге баспана" немесе көпбалалы әйелге баспана сыйлаған футболшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/xareket_kory_official © instagram.com/xareket_kory_official

27 жасында жеті баланың анасы атанып, қазіргі таңда тағы егіз балаға жүкті келіншекке "Астана" футбол клубының қорғаушысы Абзал Бейсебеков баспана сатып алып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Жетінші арнадағы "Өз ойым"бағдарламасындағы сюжеттен белгілі болды.


27 жасында жеті баланың анасы атанып, қазіргі таңда тағы егіз балаға жүкті келіншекке "Астана" футбол клубының қорғаушысы Абзал Бейсебеков баспана сатып алып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Жетінші арнадағы "Өз ойым"бағдарламасындағы сюжеттен белгілі болды.

17 жасында тұрмысқа шыққан Айгүл Әбдіғаниқызының айтуынша, отандық футболшы оған баспананы "Қарекет" қайырымдылық қорымен бірлесіп сыйлаған. "Абзал бауырымыздың арқасында баспаналы болдық. Бұл бізге жасалған тосынсый болды", - деді ток-шоу барысында 7 баланың анасы. 

Ток-шоуда "Қарекет" қайырымдылық қорының жетекшісі Алғадай Әбілғазыұлы футболшының көпбалалы әйелге баспана сыйлағысы келіп, жалғыз өзі бір үйдің ақшасын аударғанын атап өтті. 

"Қарекет" қайырымдылық қоры өткен жылдың қыркүйегінде құрылған. Мақсатымыз - көпбалалы аналарымызға баспана алып беру. Сонда біз "Мың теңгеге баспана" ұранын тастадық. Яғни әрбір қазақ шотымызға 1000 теңгеден салса болды, біз баспана алып береміз дедік. Сөйтіп, ісіміз алға жүріп кетті. Бізді "Өнер қырандары" қолдады. Осы сегіз айдың ішінде осындай отбасыларға 15 баспана алып бердік", - деді қордың жетекшісі. 

Оның айтуынша, пәтерге мұқтаж жандарды таңдаудың өз талабы бар екен. "біз мысалы бір қаладан бес адамды таңдап, олардың жағдайын көріп, ең мұқтажына береміз. Өздері өтініш береді немесе мешіттен тізімін аламыз. Осы жолы Ақтау қаласына жасаған сапарымыз Ораза айтқа тура келді, осы кісіден (Айгүл Әбдіғаниқызын айтып отыр - Автор ескертпесі) бұрын басқа адамға бердік. Сонда Абзал (Бейсебеков) бауырымыз да менің атымнан да бір үй қосыңыздар, Ораза айт қой деп ұсыныс жасады. Бұл кісінің жеті баласы бар екен, бірі науқас және өзі егіз күтіп отыр екен. Сондықтан таңдауымыз осы кісіге түсті. Үй құтты болсын дейміз және әрбіріңізді 1000 теңгеден жинап, осы бір қайырымды іске қатысуға шақырамыз", - деп әңгімеледі "Қарекет" қайырымдылық қорының жетекшісі Алғадай Әбілғазыұлы.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети