Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 апреля 2018 17:38

VIP-нөмірлі әжетхана тазалайтын көлік Қазнетті таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысында VIP-нөмір таққан ассенизатор Қазнет қолданушыларын күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Шығыс Қазақстан облысында VIP-нөмір таққан ассенизатор Қазнет қолданушыларын күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеодан әжетхана тазалайтын ассентизатор көлігінің "kz 001 OOI 16" сериялы нөмір таққанын көруге болады. 

"Мұндайдың не қажеті бар?", - деп жазыпты Instagram қолданушыларының бірі. 

"Мынау таксовать еткен машинадан 10 есе артык тапқан соң салған ғой нөмірді", - деп атап өтті екіншісі.

"Бұл қалай?", - деп ерекше таңданғандар да болды.

"Ол да адам, ол да машина", - деп қолдағандар да табылды.

Алматыдағы мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, мұндай сериалы мемлекеттік нөмірдің қанша тұратынын сұрадық. "Шамамен 548 мың теңге", - деп жауап берді ХҚКО өкілі.

Еске салайық, Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату 2014 жылдың қазан айында басталған болатын. ІІМ мәліметінше, мемлекеттік баж мөлшерлемесі өзге елдердің тәжірибесін зерттеу және қазақстандықтардың нөмірді сатып алу мүмкіндіктерін ескеру негізінде белгіленген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети