05 декабря 2018 20:43

Артық салмақтан арылудың жолдары қандай - 30 келі тастаған қыздың мотивациясы

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Артық салмақ артық па?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Артық салмақ артық па?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Артық салмақтан арылудың жолдары қандай? Адам бойына артық мөлшерде салмақ қалай жиналады? Үзбей ұстаған диета мен күнделікті жаттығулар неге көмектеспейді? Бүгінгі бағдарламаның кейіпкерлері мен қонақтары осы сұрақтардың жауабын табуға тырысты.

Реклама
Реклама

Бағдарламаға келген Гүлнар Қапалбаеваның дене салмағы бұрын 108 келі болған, қазір - 78 келі. Ол Жаңа жылға дейін 68 келі болуды мақсат етіп отыр.

Гүлнар өзі арықтаған, кейін оған диетолог Салтанат Жолдасбекова көмектесіпті. Салтанаттың айтуынша, ол өзі де осы жайтты бастан кешкендіктен білімін жетілдіріп, қазіргі таңда түрлі марафондар ұйымдастырады екен. Бағдарлама барысында Салтанат диетолог ретінде дұрыс тамақтану жайында айтты.

Бағдарламаға келген тағы бір қонақ Ермұрат Назарұлы керісінше, салмақ қоса алмай жүргенін айтады. Оның жүрегіне операция жасалған. Бірақ арықтығы денсаулығына байланысты емес көрінеді. Отбасында да өзіндей арықтар жоқ.

Бағдарлама қонағы, фитнес-жаттықтырушы Олжас Ермұратқа өте көп кеңес берді. Сондай-ақ, Олжас маман ретінде Ермұратты бір ай ішінде өзі қадағалап, оның жаттығуымен жеке айналысатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram