Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 октября 2018 22:59

Бақсыларға тікелей эфирде сынақ жүргізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Бақсы-балгерге сенесіз бе?" тақырыбы талқыланды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Бақсы-балгерге сенесіз бе?" тақырыбы талқыланды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тікелей эфир барысында бақсы-балгерлерге арнайы жасырылған затты табу ұсынылды. Нәтижесінде оның жауабын ешкім таба алмады. Ақ қағазға жасырылған заттың "көзілдірік" екенін бағдарламаға келген көрермен ғана таба алды.

Сондай-ақ, елімізде бақсы-балгерлердің өз қызметі үшін қанша сұрайтыны көрсетілді.

Бағдарлама барысында Бәзила Мәжіханова өзінің бойында емшілік қасиет дарығандығын айтты. Ол 22 жасында түс көріп, түсінде бір қарт адамның оған келіп, емшілікпен айналысуын сұраған.

"Ата-бабам қажылыққа барған кісілер, солардан дарып, маған тарады. Бұл негізі бала кезімде қонды, бірақ мен оны ұстамадым. Құмалақпен бал ашқаным дәл келетін. Ол кезде жас болғасын ондай іспен айналысқым келмеді. Бір кездері қатты ауырдым, дәрігерлер емін таба алмады. Сосын бір күні ұйықтап жатқанымда, түсіме ақ киімді шал кісі келіп жауырынымна осып салды да, мынаны ұстанбасаң үш күндік өмірің қалды деді. Бісміллә деп атып тұрдым, да тазарынып, осы істі бастадым", - дейді Бәзила Мәжіханова.

Сондай-ақ, бағдарламаға келген емші, көріпкел Ақмарал Сапарәлиева да өзінің бала күнінен бұл қасиеттін әжесінен дарығандығын алға тартты.

"Отбасыңда алты адам болса да, Алланың қалауымен біреуіне жастай осы қасиет қонады. Бәріне бірдей емес әрине. Имам, дін ұстанған адамдар әрине бізге қарсы болады. Әжем Қожаның қызы болатын. Ақсүйектердің, яғни Сейтқожалардың ұрпағы болатын. 13 жасымда нағажы әжемнен дарыды. Бастауыш сыныптан бастап үздік оқығаныма қарамастан, 16-17 жасымда сабақты оқи алмай қалғаным бар. Оқу оқығанда қазір сот, заңгер болып шығар едім. Сабақта отырғанымда, көз алдымда көріністер пайда бола бастады", - дейді Ақмарал Сапарәлиева.

Несібелді Орал есімді бағдарламаға келген қонақ өзінің отбасына жақын адамы дуа салғанын баяндады. Дуа, бақсы-балгерлерге сенім білдірмейтін дәрігерлер отбасы бақсының көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Оның айтуынша, жақын туысы көреалмаушылықтан оның отбасына дуа салған. 

Жақия қажы Исмаилов - Астана қаласы бойынша "Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы (бақсы-балгерлік, болашақты болжау) бұл қабілеттерді жоққа шығарып, сенуге болмайтынын айтты. 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Ертең сағат 15:00-де "Қазақстан қарулы күштері күшті ме?" тақырыбын Жетінші арнадан көре аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети