Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болашақ жарынан тікелей эфирде кешірім сұрады

04 Мамыр, 20:15
15
Ерасыл Тұрлыханов. © instagram.com/erasyl_bolat_
Ерасыл Тұрлыханов. © instagram.com/erasyl_bolat_

Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Ерасыл Тұрлыханов болашақ жарынан тікелей эфирде кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрлыхановтың ұлы жеке басындағы оқиғасын бүгін 7 арнада "Жұлдызды балалар" тақырыбы қозғалған "Өз ойым" бағдарламасында ашып айтты. Ток-шоуға Skype арқылы байланысқа шыққан ол өзінің болашақ жары Дильбараны ренжітіп алғанын айтып, кешірім сұрады.

"Осы тікелей эфирді пайдалана отырып, айтқым келетіні - менің сүйікті қызым бар, бірақ таяуда қатты ұрысып қалып, қазіргі уақытта сөйлеспейміз. Істеген қылықтарым үшін өкінемін және қазір оны қатты жақсы көретінімді түсіндім. Кешірім сұраймын. Мен сені қатты сағынып жүрмін", - деп ашығын айтты ол.

Айта кетейік, Ерасыл дзюдомен айналысады, бүгінге дейін бірнеше рет чемпион атанған.


© instagram.com/erasyl_bolat_

Сонымен қатар, бағдарламаға айтыскер ақын Сара Тоқтамысова өзінің ұлы Ермұхаммедпен келді. Баласы анасы секілді айтыс өнерінен алыс емес екенін айтты.

Ал, Қыдырәлі мен Қарақаттың тұла бойы тұңғышы Бекболат спортты тек бала кезде ұнатқананын айтып, қазіргі таңда "ICQ старт" интеллектуалдық сайысына қатысқаны жайлы, содан кейін қызығушылығы артқанын ортаға салды. Естеріңізде болса, ол Астана қаласының оқушылар арасынан ақылды бала атанған еді.

Бағдарламаға қонақ болып келген тағы бір жұлдызды ағайындылар Жүгінісовтердің кенжесі Мұхаммедали Жүгінісов алдыңғы ағаларының жолын қуып, өнерге ерте жастан араласқанын айтты. Сондай-ақ ол мектепте үшпен оқығанын да мойындады.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (15)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц