Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 ноября 2018 00:34

Жігітіне үш миллион теңге алып берем деп алданып қалған қыздың оқиғасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Альфонс жігіттер бүгінгінің серілері ме?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Альфонс жігіттер бүгінгінің серілері ме?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаға қонақ ретінде альфонс жігітке алданып, үш несие алып берген Нұргүл Әзірбайқызы келді. Ол Марсель есімді жігіттен қалай алданып қалғанын айтып берді.

"Бір жігітпен Астанада таныстым, артынша ол мені алдап кетті. Менімен танысқанда 1995 жылғымын деп, атын да өзгертіп айтқан екен. Басында 2-3 ай уақыт қана араластық, сосын белгілі себептермен бір жылдай арамыз үзіліп кетті. Уақыт өте қайтадан араластық. "Астанаға жұмысқа орналасқалы жатырмын, маған несие алып берші" деді. Мен алып бердім. Бір айдан соң "әкем комада жатыр" деп тағы ақша сұрады. Бас-аяғы үш банктен үш миллион теңге алып бердім. 4-5 ай өткен соң, несие төлеуге шамам болмай, полицияға шағым түсірдім. Сол жерде оның есімі мүлдем басқа екенін білдім", - дейді Нұргүл Әзірбайқызы.

Нұргүл алдаған жігітке ұялы телефонды да несиеге алып берген. 

"Барлығын да Марсельге бердім. 1 миллион 200 мың теңгені ақшалай бердім. Менің барлық мәліметім бұғатталды. Айлығымның 50 пайызы несие төлеуге автоматты түрде ұсталып қалады. Үшінші несие бойынша іс сотқа өтіп кетті. 300 мың теңгеге ұялы телофонды несиеге алып берген болатынмын. 700 мың теңгені әкесіне ота жасау керек болып тағы бердім", - дейді Нұргүл Әзірбайқызы.

Психолог Шолпан Серікбосынқызы кейбір 50-ден асқан бақуатты әйелдер арасында жас жігітті іздеу психологиясын түсіндірді.

Соңғы кезде әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен қазақстандық альфонс жігіт Дильзат қонақта болды. Бұл ісінің дұрыс екендігін, шетелге жұмыс істеуге барған ол жұмыссыз-ақ қомақты қаражатқа ие болғандығын баяндады.

"Мейрамханада жұмыс істеп жүргенімде Стефанимен таныстым. Жасы 51-де. 31 жастағы қызы бар. Оның қызы менің анамнан небәрі 8 жас кіші. Ол менің сымбаттыма тәнті болса керек, өзі бірінші бастады", - дейді Дильзат Әбдірашитов.

Бағдарлама барысында оны қолдағандар да, қарсылық танытқандар да болды. Алайда ол бағдарламадан кейін бұл тек әзіл екенін мойындады.

"Менде автокөлік болды, алайда жол-көлік оқиғасы салдарынан көлігімнен айырылдым. Стефани сыйлаған iPhone бар. Жағдайым жақсы. Ақшасы бар адам маған беріп тұрса, оның несі жаман?", - дейді альфонс.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети