Журналист түнгі көбелектердің түрлі айласын әшкереледі

04 Шілде, 20:47
1

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жезөкшелік қашан заңдастырылады?" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға жезөкшелікті заңдастыруды қалайтын 21 жастағы қыз келді. Ол өзін Анжелла деп таныстырды. 

Ток-шоу кейіпкері теміржолшы мамандығын бітірген. Астана қаласында спортбарда жұмыс істеп, нәпақа тауып жүрген қыз ақшаның жетпегенінен осындай қадамға бардым дейді. Бұл жұмыспен айналысып жүргеніне 3 жылдай уақыт өтіпті. Мұнысын жақсы табыс көзі деген жезөкше осылай кейіннен жігіт тауып тұрмыс та құрғысы келеді екен. 

Сонымен қоса өз ойым бағдарламасының журналистері жезөкшелерге эксперимент жасап, көшеге жезөкшелікті заңдастыруға қол жинап жүрмін деп шыққан еді. Тұрғындардың көбі өз ойларын айтты.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц