Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 января 2019 11:39

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері - Теңсерік

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Tengrinews.kz "Қазақтың ұмытылған дәстүрлері" атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр - Теңсерік.


Tengrinews.kz "Қазақтың ұмытылған дәстүрлері" атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр - Теңсерік.

Қазақтардың дәстүрлері тек қонақжайлықпен шектелмеген. Олардың ішіне тәрбие, отау құру, отбасыға қатысты, аң аулау, наурыз және еңбек туралы да дәстүлері жеткілікті. Арғы заманнан қалыптасқан дәстүрлердің кейбіреуі әлі күнге дейін сақталып, кейбіреуі ұмыт қалды. Осы жолғы әңгімеге арқау болатын дәстүріміз теңсерік деп аталады.

Теңсерік деп - бағзы кезде бай адамдар өзінің иелігіндегі жерлердің шөбін орғызуға басқа адамдардың көмегін пайдаланған және шабылған шөптің жартысы шапқан адамқа тиесілі болған. Жалшының тарапынан шөптің бәрі жиналып қана қоймай, жұмыс белгіленген уақыт аралығында аяқталған. Аяғында жалшы адамға өз ақысы ретінде сол шөптің жартысын өзіне алған немесе істелген жұмысына қарай ақы ретінде қой берілген. Яғни теңсерік дәстүрі қазіргі еңбек келісімшартының бір түрі деп алсақ та қателеспейміз. 


© muslim.kz

Этнограф Болат Бопай теңсерік дәстүрі туралы әңгемелеп берді. Оның айтуы бойынша теңсерік бір ұғымды ғана білдірмейді, яғни еңбек ақысының келісімі ретінде ғана емес.

"Қазақ дәстүрінде теңсерік ұғымы - ықылым замандардан алған жол-жоралғы әлі күнге құнын жоймай, қаз-қалпын сақтап келе жатқан бағалы дәстүрлеріміздің бірі. Ата-бабаларымыз бірлесіп жұмыс істеген бір-біріне қолғабыс еткенде, алыс сапарға бірге шыққанда, бірге аң аулап құс қулағанда, бір-біріне құда түскенде, олжа бөліскенде, алым-берім жасасқанда барлық істі барлық нәрсені қақ ортадан бөліп тепе-тең алуды қазақ дәстүрінде - теңсерік деп атаған. Тарқатып айтар болсақ бірлесіп шөп шапқанда қой қырыққанда, аң аулап, құс қулағанда, егін салғанда, сауда жасағанда, мал баққанда осы жұмыстарды қақ ортасынан бөлісіп алу теңсерік дәстүріне жатады. Құда түскенде қыз жақ пен жігіт жақ, құда бірігіп екі жастың отауын ортаға ортақ тігіп, жастарды тең көріп бақытын жандырса оны қазақ теңсерік құдалық деп атаған. Ортақ олжаны ортадан тең бөліп, игіліктенсе теңсерік олжа деп атаған. Қазақта "теңсерік болмай тең достық болмайды" деген сөзі бар, теңсерік сөзінің түбірі "тең" - яғни бірдей, ұқсайды, артық-кемі жоқ деген сөз. Ал "серік" сөзі жолдас-жора, жақын, ағайын деген ұғымды білдіреді", - деп түсіндірді тарихшы.

Сондай-ақ, ғалымның айтуынша, теңсерік сөзі біріккен ұғымын білдіріп, екі жағы бірдей, тең, бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ деген сөз. Сондықтан теңсерік жоралғысының ұзақ сақталуы - адал, бірдей, бір-бірінен еш кем емес деген ұғымды дұрыс сақтап келгендігінен екен.


© anatili.kz

"Теңсерік дәстүрі екі адам ғана емес, екі топ, екі ел, мемлекет, тіпті бір үйдегі ерлі-зайыпты екі адам, мына теңсерік дәстүрін ұстап өтсе, жер бетіндегі адамдар олардың арасында еш теңсіздік болмас еді. Теңсерік дәстүрі адамдардың бірін-бірі қорлауына, бірін төмен бірін жоғары санауына жол бермейтін асыл дәстүр. Оның ғасырлар бойы өзгермей сақталуының сыры да дәл осы ұлы ұғымда жатыр. Қазақта "тең-теңімен- тезек қабымен", "теңін тауып тегін бер", "теңін тапқан бақытты", "теңін тапса теңсерік болып өтеді", "теңін тапқанның бақшырағы өшпейді", "теңсерік ауыр күнде теңселмейді" деген сияқты қазақ тілінде сөз тіркестері бар", - дейді Болат Бопай.

Теңсерік бастапқыда шөп шабу мысалында шыққан болса, оның ұғымы бұл мысалмен шектеліп қоймайды.

"Көңіл-күйдің де, іспен жұмыстың да, әділеттің де тұтқасы теңсерік дәстүрін адал атқарудан аңғарылады. Әрқандай тоқтамда теңсерік арқылы істің ақ-қарасын, адалдығын, арсыздығын, анық көруге болады. Теңсерік қазақ дәстүрінде тек шөп шабуға қаратылмаған дәстүр. Шөп шабуды бөліп алу, ол да теңсерікке жатады, бірақ әрқандай жұмыста, әрқандай кезеңде теңсерік болып өмір сүру, теңсерік болып жұмыс істеу, теңсерік болып өмірде бірге жүру ол өте керемет ұғым. Сондықтан қазақтың дәстүрінде теңсерік ұғымы осындай нәрселерге қаратылған" - дейді этнограф.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети