Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 июня 2018 13:53

Қазнетте #Нурбекцветмет хештегімен түсірілген роликтер хит болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram желісінде #Нурбекцветмет xештегімен видеолар түсіру флешмобы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Instagram желісінде #Нурбекцветмет xештегімен видеолар түсіру флешмобы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған қазақстандық танымал блогер Біржан Әшімнің Instagram желісіндегі "сториз" видеосы себеп болған. Бастапқыда ол Instagram желісінде видео жариялаған. Бұл роликте Childish Gambino деген лақапатпен танылған америкалық актер Дональд МакКинли Гловердің This Is America деп аталатын бейнебаянына орыс тілінде пародия жасалған. 

"Это мой кент - его зовут Нурбек, Он принимает цветмет", - деген екі тармақтан тұратын ырғақты ән Біржан Әшімнің оқырмандарын елең еткізген. Осыдан кейін желі қолданушылары осындай ықшам роликтер түсіре бастаған.

Блогер Біржан Әшімнің айтуынша, бұл идеяны өзі шығармаған. 

"Идея менікі емес, Астанадағы досым 15 секундқа созылатын видео жіберді. Мен оны тыңдаған соң, тректің миллиондаған адамның жадында сақталып қалатынын айттым. Досымның аты Ілияс, сахналық аты TSYP. Ол көптен бері рэп оқымаған еді, бірақ бұл туынды хайпқа айналды", - дейді ол. 

Әннің қызықтырғаны соншалық, қазіргі уақытта блогерден тректің толық нұсқасын сұраушылар көп.

"Скажите как найти этот трек? Хотя бы 15 секундную", "Это песня не вышла, но уже хайпанула", "Иногда для шедевра достаточно пару секунд", - деп жазып жатыр оқырмандар блогердің парақшасында.

"Мен бұл трек желіні жаулап алатынына сенімді болғанмын және менің үмітім 1000 пайызға ақталды", - дейді блогер. Енді оның айтуынша, хитке айналған әннің толық нұсқасы шығады екен. 

Блогердің оқырмандары #Нурбекцветмет xештегімен видеоның өзіндік нұсқасын да жасап көрді. Жека, Эльдана Форайс, Нагимуша және басқа да вайнерлердің биімен келістіріп, фильм үзінділерінен де пародия жасалды. 

Сонымен қатар қазақстандық танымал блогер Бика Бризи де осыған орай видео түсірді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.49   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети