Қыстың күні көшеде шомылуға арналған киіммен жүрген журналист қыз көпшілікті таңғалдырды

23 Қараша, 21:03
2
видеодан үзінді
видеодан үзінді
видеодан үзінді
видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Желінің жұлдыздары" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаға әлеуметтік желі арқылы танымал болған видеоблогерлер келді. Олар Instagram желісі арқылы танымал болудың қыр-сырын бөлісті. "Өз ойым" бағдарламасының Instagram желісіндегі парақшасында "Сіз де желіде танымал болғыңыз келе ме?" деген тақырыпта сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша көрермендердің 40 пайызы "иә" десе, 60 пайызы "жоқ" деп жауап берді.

Instagram желісінде вайн түсіріп танымал болған жас отбасы ерлі-зайыпты Қуаныш Шаймардан мен Сағыныш Рысқұлбекова (Кука/Сако) бағдарлама барысында билеп берді.

"Бірден видео салдық, содан кетті. Instagram желісіндегі парақшамызды 8 мыңға жуық адамға қарайтын, сол видеодан кейін екі сағаттың ішінде 10 мыңнан асып түсті. Бір күнде 22 мың адам жазылды. Екі айдың ішінде бұл көрсеткіш 120 мыңға жетіп артылды. Біздің видеоларымыз көбіне отбасы жайлы. Қазір жастар үйленеді де ажырасып кетіп жатады. Соған жаным ашиды. Біздің видеолар соларға қандай да мотивация болса екен дейміз. Үйде отағасы болған соң көп жерде өзім сөйлеймін.

Бағдарламаның көрермені болған бойжеткен мәні жоқ, мағынасы жоқ видеоларды жариялайтын вайнерлерді ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрген жандар деген баға берді. Өйткені шын мәнінде танымал болу үшін тер төгіп, ерен еңбек ету керек дейді. Алайда соған қарамастан телефонындағы барлық бірлік осы вайнерлердің видеосын қарауға кететінін айтады.

Instagram желісінде қарындасымен бірге кавер орындайтын Ақыл Алдарберген есімді жігіт танымалдыққа қарындасының арқасында жеткенін айтады.

Желіде өлең шумақтарымен танымал болған ақын Саят Әбенов бағдарлама жүргізушілеріне арнап өлең оқыды.

Бағдарлама журналисі Гоги Дәрібай да арнайы бағдарлама үшін эксперимент жасады. Көшеге қалың киімсіз шыққан журналист ел назарында болды. Ол да өз тәжірибесінде танымал болуды зерттеп көрді. Ол туралы еліміздің бірнеше ақпараттық порталы жазды.

Бағдарламаның көрермені журналист қыздың әрекетіне мәдениетсіздік деген баға берді. 

Журналист Гоги Дәрібай пайдалы дүниелерді әлеуметтік желіде жазса аз ғана қаралым болатынын, ал хайп болатын бір видеоны жариялау арқылы танымалдыққа әп-сәтте жетуге болатынын айтады. 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц