Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 марта 2018 10:58

Қыз жасауы. Мамандар ата дәстүрдің бүгінгі шығынын есептеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kursabaev.blogspot.com © kursabaev.blogspot.com

Қыз жасауын дайындау әрбір ананың перзенті алдындағы парызы. "6 жастан жинасаң артылады, 7 жастан жинасаң жетеді" дегендей, кейбіреулер қыз жасауын туғанынан бастап жинап қойса, тағы біреулері туған туыстарымен бірігіп дайындап жатады. Осыған орай, Tengrinews.kz тілшісі бүгінгі таңда қыз жасауына қанша ақша жұмсалатынын анықтап көрді.


Қыз жасауын дайындау әрбір ананың перзенті алдындағы парызы. "6 жастан жинасаң артылады, 7 жастан жинасаң жетеді" дегендей, кейбіреулер қыз жасауын туғанынан бастап жинап қойса, тағы біреулері туған туыстарымен бірігіп дайындап жатады. Осыған орай, Tengrinews.kz тілшісі бүгінгі таңда қыз жасауына қанша ақша жұмсалатынын анықтап көрді.

Той-бизнес саласында қызмет көрсететін маман Илита Шапанова елімізде қалыңдықтардың басым бөлімі жасауға сандықтар, тоқыма заттары, яғни, көрпе-төсек, жастықтар, төсек-орын жабдықтары, жиһаз бен тұрмыстық техника, төрт маусымға арналған киім-кешек алатынын айтып берді. 

Қазіргі уақытта ұнамды әрі заманауи қыз жасауына қажетті дүниенің барлығын табуға болады екен.

"Тапсырыс көбіне Оңтүстік Қазақстан облысы, Атырау, Ақтау, Қарағанды және Алматы қалалаларынан түседі. Мысалы, сандық жиынтығының бағасы 100 000 - 250 000 теңге аралығында. Оған көлемі әр түрлі үш сандық кіреді және сыйлық ретінде қобдиша беріледі. Баға сандық жасалған матаға, дизайнға, модельге байланысты", - дейді маман.


© Илита Шапанова

Маманның айтуынша, қыз жасауына көрпе-төсек, ыдыс-аяқ, төсек-орын, сандық, кілем, тұрмыстық техника (тоңазытқыш, шаңсорғыш, газ плита, кір жуғыш машина, қысқа толқынды пеш) кіреді. Сондай-ақ, соңғы уақытта қыз жасауын ұлттық нақышта жасау сәнге айналып жүр. Оюлармен өрнектелген көрпе-төсектер мен оюланған ыдыс-аяқтар, ұзатылып жатқан қыздың көйлегі де әдемі ұлттық нақышта тігіліп жатыр.

Осыдан кейін маман қыз дүниесіне қажетті заттардың орташа бағасын келтірді.

"Көрпешенің бағасы 15 000 теңгеден басталады, ал жастық 6500 теңгеден басталады. Бір сандықтың бағасы 50 мың - 100 мың теңге арасында. Бағаның барлығы қалыңдықтың қалауына байланысты, яғни, дизайн мен көлемге. Ал халаттар Түркияда жасалған, сапалары жақсы. 30 мың теңгеден басталады. Себеттер 5 мың теңгеден жоғары", - дейді Илита Шапанова.

Бұған тұрмыстық техника, жиһаз, кілемдерді жатқызсақ, қыздың жасауына миллион теңгеден артық ақша жұмсау қажет болады. Мұның өзі бағалардың орташа есептелгендегісі.  

Өз кезегінде тарих ғылымдарының кандидаты Зәуре Сәдуақасқызы қыз дүниесін дайындағанда қаражатты "қажетсіз майда-шүйдеге" жұмсамауға кеңес береді.

"Бүгінгі таңда өз ұсынысым қаражатты керек емес майда-шүйдеге жұмсамастан, көрпе-жастықпен бірге жастарға баспана алуға көмек көрсету керек деп ойлаймын. Себебі, соңғы кезде ата-аналар барлық қаражатына кір жуатын, ыдыс жуатын, үй жинайтын техника алып жатады. Сол техниканы кіргізіп қоятын өз отаулары болмаса, қос-қос дүние кімге керек. Сондықтан осыны да ойланып қою керек. Сонымен қатар, барлығы бар болса, жаңа отау құрған жастардың алдында не мақсат болады деп те ойлаймын. Еңбекпен тапқан мал тәтті...", - дейді Зәуре Сәдуақасқызы.


© Илита Шапанованың клиенттері жолдаған сурет.

Расында қазіргі уақытта қыз жасауына жұмсалатын қаражат тойға жұмсалған ақшадан кем түспейді. Бірақ оны бәрі біле бермейді.

Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі босаға табалдырығын аттаған келіндермен тілдесіп көрді.

Алматылық Жібек 23 жаста. Жібек өткен жылдың тамыз айында жаңа үйдің босағасын аттап, келін атанды.

"Мен қыз жасауы ретінде төсек-орын гарнитурасы, үтік (булы), 12 адамға арналған ыдыс-аяқ, керамикалық ыдыстар, өзіме және күйеуіме арналған орамал, төсек-орын жабдықтары, шанышқы мен қасықтар, қонақтарға арналған майлықтар, кілемнің екі түрі, теледидар, жеміс-жидектер мен тортқа арналған ыдыс-аяқтарды апардым", - дейді Жібек.


© Алматылық Жібек.

Сондай-ақ, Жібек жасаудың үш ай уақытта жиналғанын айтып өтті.


© Жібектің жасауы.

"Қыз жасауын 3 ай уақытта жинадық. Бірақ анам оған дейін де тойбастар, сыйлықтар және сол сияқты тағы басқа дүниелерді ретімен алып жатты. Қыз жасауына қажетті заттардың басым бөлігін "барахолкадан" алдық. Күзен тонын да сол жақтан сатып алдық", - деді ол.

Жібектің айтуынша, қыз жасауын дайындауға шамамен 2 миллион теңге жұмсалған. Сондай-ақ, ол қыз жасауын енді дайындап жатқан қыздарға қажетті ғана дүниелерді алуға кеңес береді.

Екінші кейіпкер - Нуриза, 25 жаста. Нуризаның айтуынша, анасы оған қыз жасауын мектеп кезінде оқып жүргенде жинай бастаған. 

"Қыз жасауы ретінде соңғы модельдегі теледидар алдық, сосын тоңазытқыш, бутазартқыш - 500 000 мың теңге болды. Барлық ыдыс-аяқты алдық. Жалпы барлығына шамамен 2 миллион теңге жұмсалды. Асхана заттарын Аura компаниясынан сатып алдық. Оған шамамен 60 000 теңге жұмсалды. Су тазалауға арналған фильтр - 300 000 теңге. Көрпе-төсек тапсырыспен Бішкекте тіктірдік - 10 жастық және 4 көрпе. 5 төсек-орын жабдығы, оны да Бішкектен алдық. 310 000 теңгеге күзен тон (норковая шуба) алдық, Италиядан 300 000 теңгеге етік алдық. Қалған заттарды көйлек, шалбар, іш киім, аяқкиім, спорттық киімге дейін Бішкектен сатып алдық", - дейді Нуриза.


© Астаналық Нуриза.


© Нуризаның жасауы

Нуризаның айтуынша, қыз жасауын дайындауға шамамен 4 миллион теңге жұмсалды.


© Нуризаның жасауы

Ал 25 жастағы Гүлдейжан қыз жасауын дайындаудың ерекшелігіне тоқталды. Гүлдейжанның айтуынша, олар қажетсіз заттарды алмауды ұйғарыпты.


Гүлдейжан.


© Гүлдейжанның жасауы

"Кит-митсіз деп келістік. Сырға салды. Жасауды Бішкектен алдырдық. Көрпе, жастық, шапан. Себебі онда тігінмен айналысатын адамдар бар. Тапсырыспен тігеді. Төсейтін оюланған көрпелер, жастықтарға чехолдар алдырылды. Ал ішіндегі мақталарды анам өзі жақсы мақталар алып, тігінші алдырып, өзі қарап отырып тіктірді. Махаббат көрпесі деген бар, жастық бар. 4 жастық келді. Төсек-орын алдық, ең бастысы сол. Сосын оюы бар сандық алдық", - дейді Гүлдейжан. 


© Гүлдейжанның жасауы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.15   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети