Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 марта 2018 12:59

Наурыз көженің құрамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Gazeta.kz © Gazeta.kz

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан бері қалыптасқан мейрамдардың бірі. Бұл мейрам Қазақстанда ғана емес, Әзірбайжан, Албания, Грузия, Үндістан, Қырғызстан, Македония, Түркия, Түрікменстан, Татарстан, Дағыстан, Өзбекстан, Тәжiкстан елдерінде атап өтіледi. Наурыз мейрамында қазақстандықтар "Ұлы күні қазан толса,ол жылы ақ мол болар" деген ырыммен наурыз көже дайындайды. Әрине, әр отбасы, әр ұлт өкілі бұл мейрамда тағамдарды өзіндік рецептерімен жасайды. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі наурыз көженің құрамы қандай екенін, ол өзгерді ме, жоқ па және наурыз көже дайындауға шамамен қанша қаражат жұмсалатынына тоқталды.

Сондай-ақ, Наурыз көжені халық арасында "тілеу көже", "көп көже" деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналғандар "ақ мол болсын" деп тілек айтып таралады.

Халқымыз сонау заманнан бері мал шаруашылығымен айналысқандықтан болар наурыз көженің құрамына міндетті түрде төрт түлік малдың еті қосылады. Мұнымен қоса, су, дәнді дақылдар, май, айран, сүт, тұз, кей кезде құрт, жылқының сүрленген қазысы, қартасы қосылады.

Сонымен қатар, Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметтеріне сүйінетін болсақ, биыл көктемде жарма бағасының 1-4 пайызға, айран 6 пайызға, ет 8-10 пайызға арзандағанын айтып өту керек.

Айта кетейік, Қазақстанның өңірлеріндегі наурыз көженің құрамы ерекшеленеді.

Мысалы, Солтүстік Қазақстанда наурыз көжеге қақталған ет, су, күріш, тұз, ұн, қарта, май қосса, Орталық Қазақстанда тұратындар наурыз көжеге шұжық, қазы, су, арпа жармасы, май, айран, мейіз, тұз қосады екен. Ал Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындары Ұлыстың ұлы күні көжеге қақталған ет, су, арпа жармасы, күріш, тары, құрт, тұз қосады. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да наурыз көженің құрамымен ерекшеленді – олар көжеге қақталған ет, су, тұз, сәбіз, арпа жармасы, мейіз, сүт немесе айран қосады екен.

 Instagram қолданушылары да өз кезегінде наурыз көжені қалай дайындағандарын бөлісіп жатыр.

#Наурызкоже#балалардынсурауыбойынша#дамикеремет#баринеунады

Публикация от Айгерим❤️Бейбит (@aikabeibit)

#наурызкоже#

Публикация от dari_lydiam_dobro (@dari_lydiam_dobro)

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети