Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 марта 2018 13:06

Наурыздың шығу тарихына байланысты деректер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Светлана Фурман © Светлана Фурман

Әлбетте, Наурыздың діни емес, ең көне мейрам және 2009 жылы 30 қыркүйекте Наурызды адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы ретінде танығанын, ал көне парсы тілінде нава-жаңа және рәзаңһ-күн, "жаңа күн" мағынасын беретінін көпшілік біледі. Бүгін біз бұл мейрамға басқа қырынан қарап көрейік. 


Әлбетте, Наурыздың діни емес, ең көне мейрам және 2009 жылы 30 қыркүйекте Наурызды адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы ретінде танығанын, ал көне парсы тілінде нава-жаңа және рәзаңһ-күн, "жаңа күн" мағынасын беретінін көпшілік біледі. Бүгін біз бұл мейрамға басқа қырынан қарап көрейік. 

Бұл мереке қашаннан бастап тойланды және шығу тегі қандай?

Бұл мерекенің шығуы туралы аңыздардың бірі мынадай: өз елін аралап жүрген парсы патшасы Джамшид Әзірбайжан деген жерге тоқтапты. Ол уәзірлеріне күнгей жаққа қаратып, үлкен тақ орнатуды бұйырған екен. Күн сәулесімен шағылысқан тақ айналаға ерекше нұр шашыпты. Осыдан соң, ел бұл күнді жаңа жыл есебінде тойлауды дәстүрге айналдырыпты деседі.


Джамшид Патша

Мұндағы Джамшид деген патша кім деген орынды сұрақ туады. Енді осыған тоқталып өтсек. Джамшид иран мифологиясы мен эпостарындағы патша, оның үстіне патшалардың ең көркемі әрі кіршіксізі. Мифология бойынша Иранның алғашқы патшалар әулеті Пишдадидтерден шыққан төртінші билеуші. Зороастризмнің қасиетті кітабы саналған "Авестада" ол мәдениет, егіншілік пен діннің негізін қалаған делінеді. Ол тауларды мекен еткен жабайы тайпаларды климаты жайлы жазықтыққа түсірген екен. Ол тіпті күнтізбе мен музыканы шығарған адам болып есептеледі. 


Зороастризмнің белгісі

Ал осы "Авестада" Наурыз мерекесінің басталатын күні Сиявуш атты қаһарман жерленген күн болып есептеледі. Фиродусидің "Шахнамесінде" де былай делінген екен: "Бізге жеткен мәліметтер Сиявуштың жерленген күні "Наурыз" деген атау алып, жыл сайын мереке ретінде тойланады...".


Афрасиаб пен Сиявуш Әмудария сағасында XV ғасыр миниатюрасы

Сиявуш деген Иран мифологиясы бойынша атақты Кей-Кавус атты патшаның ұлы, жоғарыда атап өткен Фироусидің поэмасында өзге елде қайтыс болған, тазалық пен адалдықтың үлгісі ретінде сипатталады. Тағы бір қызық жайт оны өлтірген Тұранның атақты билеушісі Афрасиаб (Алып Ер Тоңа) деп айтылады.

Ал енді Алып Ер Тоңаға аз тоқталсақ. Қазақша Уикипедияда ол өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі деп көрсетілген. Тұранға көрші отырған Иран елінің әскері қайта-қайта шабуыл жасап, тыныштық бермейді. Тұран елінің сұлу қыздарын, асыл бұйымдарын, қоңды малдарын әкетеді. Диқандардың енді ғана жайқалып өсіп келе жатқан егіндерін, бау-бақшаларын парсы әскері таптай береді. Осылайша Афрасиаб әскер жинап, Иранға қарсы аттанады. Осы жорықта Тұран әскері жеңіп, сол күннен бастап Ер Тоңаны "алып" деп атай бастайды. Ал оның Сиявушты өлтіргені туралы аңыз "Авестада" айтылған екен. 

Енді бұл аңыз бен ежелгі ирандықтардың наурызда ата-бабаларының рухына тағзым ету күнімен сәйкесуінде ұқсастық бар. Кейін бұл дәстүр Ахеменидтер әулеті патшалық еткен заманда Иранның ресми дініне айналған зороастризмге өткен екен. Демек Наурызды тойлау тым әріден басталған, тіпті ғалымдар да оның дәл қашан тойлана бастағанын және неден шыққанын дөп басып айта алмайды. 

Бұл мереке туралы анық айтуға болатыны - кейінгі ғасырларда бұл мерекеге өзге аңыздар телініп, тойлау түрі өзгере бергенімен негізгі сақталған. Мәселен Наурызды тойлайтын барлық елдер дастарханына жеті түрлі азық қойылады. Ал Әзірбайжан және Тәжік елдерінде Наурызға қараған түні от жағылып, оттан секіру әдеті сақталған. Ол күні оттан жеті рет секірген адамдар өзінің жаманшылықтарын тастап, өздері оттай қызыл, яғни, сау болатынына сенеді. Бұл қазақ дәстүріндегі отпен аластаумен астасып жатқаны көрінеді. Наурыз күннің жылуымен байланысты, шуақты, нұрлы мереке, ол қара күштердің жеңіліп, жер бетінің тазалану ұғымымен астасады. Кейін оның зороастризмнің басты мерекелерінің біріне айналғандықтан онда оттың алар орны ерекшелене түсті. Ал енді Наурыздың әр елде өз ерекшелігімен тойлануы жайында мына жерден оқи аласыз. 

Әзірбайжандағы Наурызды тойлау түні. © ru.sputnik.az

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети