Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 августа 2018 18:37

Сүндетке отырғызу. Бағасы, емі және пайдасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет. © mazhab.kz Иллюстрациялық сурет. © mazhab.kz

Қазақта ұл баланы сүндетке отырғызу дәстүрі әлі де сақталып келеді. Сүндетке отырғызар алдында әрбір ата-ана баласын алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындайды. Біреулер сүндетке отырғызуды парыз деп санаса, енді біреулері оны тек міндет деп түсініп жатады. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі бұл дәстүрдің тарихы қандай екенін және бүгін қалай жасалып жүргенін анықтап көрді.


Қазақта ұл баланы сүндетке отырғызу дәстүрі әлі де сақталып келеді. Сүндетке отырғызар алдында әрбір ата-ана баласын алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындайды. Біреулер сүндетке отырғызуды парыз деп санаса, енді біреулері оны тек міндет деп түсініп жатады. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі бұл дәстүрдің тарихы қандай екенін және бүгін қалай жасалып жүргенін анықтап көрді.

Продолжение

Түркі заманынан бастау алған

Жалпы сүндетке отырғызу дәстүрінің тарихына тоқталатын болсақ, этнограф Досымбек Қатранұлының айтуынша, бұл дәстүр исламнан келіп, түркі заманынан бастау алған. 

"Бізге сүндеттеу дәстүрі X-XI ғасырдан бастап ене бастады, XIV-XV ғасырда толықтай еніп, жалпы халықтық бола бастады. Ең қызығы, исламға дейін бұл дәстүр еврейлерде болған. Сондай-ақ, бала сүндетке отырғызылған соң оған ақша беру әдеті әлі де бар екенін айтып өту керек. Қазір кейбіреулер баланы тіпті 1 жасында сүндетке отырғызып жатады. Олай болмайды. Себебі 1 жаста баланың денесі қалыптаспайды да. Олай жасау өте қауіпті ", - дейді этнограф.

Сондай-ақ, ол дәстүр бойынша, сүндеттелген балаға жақын туыстарының мал атап беруі керектігін айтып өтті.

"Қозы, қой, тай деп ақшасын береді. Теңгемен санасақ, сол малдың бағасы шығады. Бұл бұрынғы дәстүрлі формасы ғой. Ал қазір заман өзгерді ғой. Жақын туыстары 10 000 - 20 000 теңге беріп жатады, 100 доллар да беріп жатады. 2 000 - 3 000 теңге беретіндер де жоқ емес. Жалпы бұл атқа міну салтына өте ұқсас болып келеді. Атқа міну - баланың денесін шынықтыратын жаттығудың бір түрі десе де болады", - дейді Досымбек Қатранұлы.


© Elana.kz

Бұрындары баланы көбіне ауыл молдасы сүндеттейтіні белгілі. Бірақ соңғы кезде хирургиялық әдістерге жүгінетін қазақстандықтардың саны артып жатыр. Біреулер хирургиялық әдісті қауіпсіз деп санаса, тағы біреулері бала ота арқылы ауырсынуды аса сезбейді деп айтып жатады. 

Қазір балалар қалай сүндеттеледі? 

Осы ретте дәрігер-хирург Темірхан Қожахметов соңғы уақытта сүндеттеудің қандай әдістері жиі қолданылатынын айтып берді.

"Кейінгі кездері дәрігерлер қауымы сүндетке отырғызу рәсімін xалықтың тілі - лазермен, медицинаның тілі - электркоагулятормен күйдіріп-кесіп жасайды. Бұл тәсілдің балаға ешқандай зияны жоқ. Керісінше, оның артықшылықтары бар. Мысалы, біріншіден ол уақытты үнемдейді, екіншіден қан көп шығармайды, ал үшіншіден тігісі аз болады", - дейді Қожахметов. 

Бірақ маманның айтуынша, көп жағдайда жергілікті жансыздандыру әдісі қолданылады. Одан айтарлықтай асқыну болмайды екен. 

"Жансыздандырудың жалпы және жергілікті түрі бар. Бірақ көп жағдайда жергілікті жансыздандыру әдісі қолданылады. Жергілікті жансыздандыру біріншіден аллергиялық реакция берсе, екіншіден жергілікті гематома пайда болуы мүмкін. Жергілікті жансыздандырудан басқа айтарлықтай асқыну жоқ", - деп түсіндірді Қожахметов.

Үйде сүндеттеу қауіпті ме?

Негізінен кез келген xирургиялық манипуляция медицина мекемесінде жасалуы керек. Алайда медициналық мекеме мен үй жағдайында сүндеттеудің қаупінде аса айырмашылық жоқ. Бұл алматылық дәрігер-xирург Темірхан Қожахметовтің сөзі. 

Базаргүл есімді шымкенттік тұрғын баласын сүндетке 5 жасында үй жағдайында отырғызған екен. Айтуынша, бала ауырып мазасызданбаған, әйтсе де емді дəрігердің айтуы бойынша жасаған.


© aqmeshit-zhastary.kz

Бұл дәстүрді ол "әке жолымен жасатқанды жөн көргендіктен" үйінде жасатқанын айтады.

"Сүндеттеу рәсімін ата-апасының үйінде жасаттық, жергілікті хирург ота жасады. Ота сәтті өтті. Бір күн марганец жəне фурацилин ертіндісімен тазалап отырдық. Сосын жазылып, аттай шауып кетті. Негізі дəстүрі бойынша 5 жасында жасадық. 3 күндей сол кісі бақылауда ұстады. Сосын жақсы болғанына көз жеткізгендіктен, балаға ойнай беруге рұқсатын берді. Осылайша, өзіміздің бұрыннан келе жатқан жолмен жасатқанды əкеміз дұрыс деп шешті", - деп әңгімеледі Базаргүл.

Сүндеттеу қанша тұрады?

Дәрігерлердің айтуынша, сүндеттеудің нақты белгіленген бағасы жоқ. Бұл қызмет мемлекеттік ауруханаларда 10 мың теңге төңірегінде. Бірақ кейбір жеке клиникаларда бекітілген бағасы бар екен. Ол 5 000 - 30 000 теңге аралығында болуы мүмкін. Қазақстандық хабарландыру сайттарында сүндеттеу қызметі ұсынылған. Жекеменшік емхананың арнайы сертификаты бар маманы балаңызды 15-20 мың теңге аралығында сүндеттеп береді. 


Қазақстандық хабарландыру сайттарында сүндеттеуден киетін арнайы іш киім сатылады. Бағасы 2 400 теңгеден басталады.

Қандай пайдасы бар?

Ашық дереккөздердегі мәліметтер көптеген медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің мынандай пайдалары бар екенін дәлелдегенін көрсетіп отыр. Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады екен. Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойыншағының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе жоғары делінеді, сонымен қатар, жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары болады-мыс. 

Өз кезегінде сексопатологтар да сүндеттелудің қажеттілігін айтқан. Зерттеулерге жүгінсек, гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, стафилокк (іріңді микроб), гонорей (жыныстық жіңішке ауруы) микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату аса керекті. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршектер) қабынып, жараға айналмауында үлкен рөл ойнайды. Сүндет фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады екен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.81   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети