Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 марта 2018 13:53

"Сіздерді сабауға келіп едім". Қазнет Жан Ахмадиевтің даулы бастамасына не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рэпер Жан Ахмадиев. © Tengrinews.kz коллажы Рэпер Жан Ахмадиев. © Tengrinews.kz коллажы

Елімізде даулы мәселелерді көтерумен жұртқа танылған рэпер Жан Ахмадиев таяуда тағы да елдің көзіне түсті. Әлеуметтік желілерде таралған видеода ол Алматыдағы Сейфуллин даңғылының бойында жұмыс істейтін түнгі көбелектерді жазалауды ұйғарған. Сонымен қатар, ол ер адамдарды осы ісін жалғастыруға шақырған.


Елімізде даулы мәселелерді көтерумен жұртқа танылған рэпер Жан Ахмадиев таяуда тағы да елдің көзіне түсті. Әлеуметтік желілерде таралған видеода ол Алматыдағы Сейфуллин даңғылының бойында жұмыс істейтін түнгі көбелектерді жазалауды ұйғарған. Сонымен қатар, ол ер адамдарды осы ісін жалғастыруға шақырған.

Видео әлеуметтік желілерде нағыз тартысты дауға айналды. Біреулері оның ісін құптап, жезөкшелерді солай жазалау керектігін айтса, екіншілері мұның заңға қайшы екенін, кем дегенде бұзақылық дерегі айдан анық екенін айтады. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі рэпердің әрекетіне Қазнетте қандай баға беріліп жатқанын сараптап көрді.

Журналист Назгүл Қожабек болса қамшымен сабау жезөкшелікпен күресудің тиімді әдісі емес екенін жазыпты. 

"Қызық, бір көшедегі үш жезөкшені қамшымен ұрсам, соны кәсіп етіп жүрген қазақ қыздардың бәрі бір күнде қалтырап-дірілдеп, "ойбай, қоймасам, Жан келіп, жанымды шығарады" деп, жұмысын тастап кетті деп ойлай ма екен? Мықты болса, сутенерлерді ұрмай ма. Проституция - тұтас индустрия. Оның басында сіз де, мен де білмейтін, бәлкім білетін, адамдар тұр. Қамшы жеген жезөкше - сол алып индустрия тізбегінің соңғы шығыршығы ғана. Ол алып механизмнің бір тетігі. Сен оны қамшылап отырып, сол жолдан тайдырсаң - орнын екіншісі басады. Өйткені олар алып зауытта жасалып жатыр: зорлық, алып қашу, алдап тастап кету, оқуға түсу үшін профессормен жату, жұмысқа тұру үшін бастықпен саунаға бару деген станоктарда болашақ жезөкшелер жасалып жатыр. Станоктар тоқтамай - тетік таусылмайды. Сол алып индустрияның басында тұрған адамдар - осы саладан түскен қаражатын, басқа, адалдау іске салып, бизнес жүргізеді. Ол да анық. Демек, шындап келсе, біздің жеп отырған әр түйір нанымызда жезөкшенің көз жасы бар", - деп пікір білдірді ол.  

Продюсер Баян Алагөзованың айтуынша, тарихта батырлар жерді қорғаса, бүгінгілер қамшымен жезөкше қуатын жағдайға жеткен.

"Бұрын батырларымыз жерді жаудан қорғаған! Бүгінгілер камшымен жезөкшені қуалап жүр, осы "батырлығын" рахаттана камераға түсіреді, қорқыныштысы - оның ісіне қолдау білдіріп, қошемет көрсеткен жұрт. Қоғамның кері кеткенінің айқын мысалы! Құқық қорғау органдары бұған бағасын беріп, қоғамдық шектен шыққан жағдайға қатысты пікір білдіреді деп үміттенемін", - дейді Алагөзова.

Ақындығымен танылып жүрген Самурай Самраттың да бұл мәселе төңірегінде айтары бар екен. Жезөкшелікке салынған қыздарды ақтауға тырысқан ол пікірін өлең жолдарымен жеткізеді. 

 

ЭТО ДУРДОМ! я не мог промолчать. кто не знает ситуацию, можете найти у @ztb_video и у @zhan_ahmadiev соответственно. ⠀ ⠀ Самурай Самрат «это впервую очередь - женщина» ⠀ то ли время молчать, то ли время тиранить, но как обойти, если злость пробирает? алё! это женщины, чьи-то дочки, с чего ты решил, что в праве их бить если хочешь? а может, их жизнь так помотала? а может не сами пришли к проститутству? иль в семье то побои, скандалы, ты попробуй, поинтересуйся? возможно, что батя был вечная пьянь, влезли семьей в долги и кредиты, и пнули дочурку, использовав брань, мол деньги в домину тащи нам? ну ты же не знаешь все терни её, и чем же поможет твой кнут? пару кварталов она перейдёт и продолжит свой бременный путь. и Я не согласен с профессией я против секса за деньги. но разве деспотные ваши версии опций «уят» не задели? а где ж это писано: «можно с кнутом по городу женщин мутузить, ответственность - низкая, главно, казашка ли нет, поинтересуйся». ЭТО В ПЕРВУЮ ОЧЕРЕДЬ ЖЕНЩИНА! А ВО ВТОРУЮ ЧЬЯ-ТО ДОЧЬ! НАДЕЮСЬ, ДЕТЕЙ ТВОИХ МЕНЬШИХ СУДЬБА ОТ ТАКИХ СБЕРЕЖЁТ! #уят #Казахстан #стихи #япротивнасилия #камша #жанахмадиев #нет

Публикация от SamuRay (@samrat_ir)

Алайда әлеуметтік желіде рэпердің ісін құп көріп, қолдау мәніндегі пікір жазып жатқандар да баршылық. 

Айта кетейік, бұл оқиғаға қатысты Алматы ІІД өкілдері зардап шеккен қыздардың арызданып, полицияға келмегенін хабарлаған еді. "Осы уақытқа дейін Алматы ішкі істер органдарына осы дерекке қатысты арыз түскен жоқ. Біз видеоны тексеріп жатырмыз", - деп хабарлаған еді Алматы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети