ҰБТ-дан 140 балл алған түлек қандай сұрақтардың қиын болғанын айтты

27 Маусым, 18:56
4
Шиара Құдайбергенова
Шиара Құдайбергенова

ҰБТ-дан 140 балл алған алматылық түлек Шиара Құдайбергенова қандай сұрақтардан қауіптенгенін айтты. Бұл туралы ол Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасына Skype арқылы байланысқа шығып, айтып берді.

Шиараның айтуынша, ол ҰБТ тапсырып шыққаннан кейін 138 сұраққа берген жауабына сенімді болған. Ал екі сұрақтың жауабын дұрыс белгілегеніне күмәні болған. 

"Екі сұрақтың ішіндегі бірі - "1845 жылы болған оқиға" деді. Оның жауабы Бөкей ордасында хандық биліктің жойылуы болды. Екінші сұрақ - "Хандарды ретімен сәйкестендіріңіз". Сенімді болмасам да, дұрыс толтырыппын. 140 балл алғаныма өте қатты қуандым", - деген Шиара ҰБТ-ға дайындалуға көмектескен ұстазына тікелей эфирде алғыс айтты.

Бағдарлама атынан Шиара Құдайбергеноваға Астананың 20 жылдық тойына орай үш күндік жолдама сыйға тартылды. Осы жолдама арқылы түлек елордадағы барлық мәдени іс-шараға тегін кіре алады. 

Сондай-ақ, түлек Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектен сыйға алған үш кітап жайлы айтты. Мұнымен қатар, оған Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов iPhone телефонын сыйға тартқан. 


Шиара Алматы әкімі Бауыржан Байбекпен. © almaty.gov.kz

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц