12 сентября 2018 | 11:59

"Боянбай далаға шықпайды". Қазақстандық қыз корейлердің бет күтімі жайлы

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Алтынай корей құрбысымен. © Жеке мұрағаттан

Сеулде 4 жыл білім алған, Sejong University биылғы түлегі алматылық Алтынай Сейтханова көп жағдайда ондағы косметикалық процедуралар сапасыз жасалатынын және оған қарағанда Қазақстанның деңгейі анағұрлым жоғары екенін айтады. Ол Tengrinews.kz тілшісіне Кореядағы сұлулық сыры мен сәннің күнделікті өмірдегі маңызы туралы айтып берді.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сеулде 4 жыл білім алған, Sejong University биылғы түлегі алматылық Алтынай Сейтханова көп жағдайда ондағы косметикалық процедуралар сапасыз жасалатынын және оған қарағанда Қазақстанның деңгейі анағұрлым жоғары екенін айтады. Ол Tengrinews.kz тілшісіне Кореядағы сұлулық сыры мен сәннің күнделікті өмірдегі маңызы туралы айтып берді.  

22 жастағы Алтынай Сейтханова Сеулде қонақүй және мейрамхана бизнесі мамандығы бойынша оқуын тәмамдап, биыл Қазақстанға оралыпты. Айтуынша, корейлердің сұлулыққа құмарлығын "сұлулыққа табыну" десе де болады. Ал өзін күтуді корей отбасында бала кезінен үйретеді екен.  

Реклама
Реклама


Сол жақтағы Алтынай Сейтханова, Сеул, Sejong University. © Жеке мұрағаттан

Қазақстандық қыздың айтуынша, Кореяда барлығының терісі аппақ емес, бірақ ол нәтижеге бәрі қол жеткізгісі келеді. 

"Кореяда барлық косметикалық өнім құрамында ағартқыш бар. Мұны өзім де білмегенмін, бірақ бұл шындық екен. Әрине, теріні ағартуға арналған арнайы өнімдер бар, мұнда ол элементтер көбірек болады. Ал жалпы терініз бір реңкте болсын десеңіз және ағартқыңыз келсе, корей косметикасын қолданған жөн", - дейді ол. 


Сеул қаласы. © Алтынай Сейтханованың жеке мұрағатынан

Сонымен қатар, Сейтханова корейлер үшін мінсіз келбет қандай екенін айтып берді.

"Ол - ақшыл, мінсіз таза, қара дақтар мен безеусіз тері, V тәрізді иек, үлкен көздер мен қабағы бар қыздар, түзу, жоғары қарайтын мұрын мен табиғи шырай. Олар терідегі меңнен арылуға тырысады, себебі ол келбетті "күңгірт" етеді деп ойлайды. Дене пішіні бойынша арықша келген, бойы 160-165 сантиметр қыздар сұлу саналады. Ал корей ұлдары Миранда Керр сияқты қыздарды ұнатады. Себебі оның пішіні нағыз әйел адамға сай деп санайды екен. Оның нәзіктігі, бөксесі мен кеудесінен бөлек, келбеті өте тартымды, ұлдыкіне ұқсайды десе болады", - деп сипаттап берді Алтынай.


Миранда Керр.

Алтынайдың айтуынша, корей халқы қарапайым әрі тік мінезді. Себебі олар адам келбетіне қарап, кемшілік байқаса, өз ойын тіке айтады. 

"Әрине, барлық корей қызы боянады. Одан қашып құтылу мүмкін емес шығар. Барлығының атынан айта алмаймын, бірақ қыздардың көбі опа-далапсыз көшеге шыға алмайды. Көп жағдайда адам өзін ыңғайсыз сезінуінен емес, қоғам соны талап еткеннен боянады. Корей халқы байқаған кемшілігін тіке айтады. Макияж жасамай немесе шашын жөндемей шыққан қызды көрсе, "бүгін ұйықтап қалып макияж жасап үлгермедің бе?" немесе "шашыңа не болған?" деп айта салады. Ал мектеп оқушыларына боянуға болмаса да, білдіртпей кірпігін, қасын әдемілеп қояды. Маған қазір корей қыздары ғана емес, барлығы - қазақтар да, америкалықтар да боянатын секілді. Себебі сұлулық индустриясы дамып келеді", - дейі қазақстандық қыз. 

Кореяда түйіндемеге міндетті түрде сурет болуы керек екен және ондағы жұмыстың келбетке деген талабының жоғары екенін есепке алсақ, корейлер 10 дана 3х4 фотоға түсу үшін аз ақша жұмсамайды екен. 

"Қызметкерді таңдау барысында келбетке аса мән беріледі, ол әсіресе болашақта тұтынушылармен сөйлесетін болса. Сондықтан корейлер үшін түйіндемеге түскен суреті өте маңызды. Онда фотошопты керемет жасайды. Бірақ 10 дана 3х4 сурет - 16 мың вон, яғни 15 доллар тұрады. Бірақ жасаған жұмыстары үшін ол ақшаны аямауға да болды. Кореяда сурет жасатып алмағаныма өкінемін. Бізде америкалық стандарт бойынша фотоны талап епейді деп ойласам, көп жерде керісінше екен", - дейді Алтынай. 


Иллюстрациялық сурет. © Ардақ Құлтай

Қазақстандық қыз Солтүстік Корея тұрғынын көрмесе де, суреттер мен пікірлерге қарап, олардың оңтүстіккореялықтардан айырмашылық байқағанын айтады. 

"Өзім оларды көрмедім. Бірақ біздің университетте Солтүстік Кореядан қашып келген студент оқиды дегенді естігенмін. Алайда оны жай ғана сыбыс деп ойлаймын. Ал суреттер мен пікірлерге қарасақ, ондағылар мүлде опа-далапты қолданбайды, ал кірпік өсіру немесе микроблейдинг секілді нәрселерді мүлде естімеген. Ал тері реңкі қараторы келеді", - дейді ол.

Алтынайдың айтуынша, Кореяда косметикалық процедуралар өте қымбат болғанымен, Қазақстанда оларды анағұрлым жақсы жасайды.

"Мұнда косметикалық процедуралар өте қымбат және әдетте сапасыз жасайды. Қазақстанда маникюр, педикюр, шаштараз қызметі мен кірпік өсіру сияқты процедураларды салыстырмалы түрде өте жақсы әрі арзанға жасайды. Кореяда бір маникюрдің өзіне 60-70 доллар кетуі мүмкін. Себебі онда әр қосымша процедураға ақы қосылады. Мысалы, маникюр жасағанда әр саусаққа бөлек төленеді. Ал шаштаразға барсаң, шаш жуғанға, қиғанға, шаш жатқызуға бөлек ақы бересің", - дейді Алтынай.


Сasual style © Алтынай Сейтханованың жеке мұрағатынан

Кореядағы киіну стилі - casual, яғни күнделікті стиль. Ашық, нәзік реңктер мен негізгі киімдер көп, қысқа белдемше, мом джинстар, ассиметрия және тағы басқалары.

"Кореяда киім бағасы орташа. Арзан дүкендерде шамамен - 10-30 доллар. Zara, Bershka, Massimo сияқты дүкендерде баға Қазақстанмен бірдей, бірақ таңдау анағұрлым жоғары. Ал бренд киімдердің бағасы барлық жақтағыдай", - дейді Алтынай.

Тері күтімі үшін 10 қадам

Кореядағы қыздар 10 кезең бойынша терісіне күтім жасайды екен. Сейтханованың айтуынша, оны morning&night routine деп айтады екен.

1. Oil cleanser. Алдымен бет терісінен барлық опа-далап пен spf кремдер секілді басқа майлы өнімді арнайы тазартқыштармен сүртіп тастау керек. 

2. Foam Cleanser/Жуыну. Опа-далапты сүртіп тастағаннан кейін жуыну керек. Ол күні бойы бет терісінде жиналған шаң, тер, кірден біржола арылу үшін керек.

3. Скраб көмегіне жүгіну. Оны аптасына 1-2 рет қана жасаған жөн. Скрабинг бітелген тері тесігін тазартумен қатар, өлі теріден айырылуға көмектеседі және тері түсін ағартады. 

4. Тонер. Екі реттік тазартуден кейін тері өте нәзік болады және ылғалдандыруды талап етеді. Сондықтан міндетті түрде тонер жағу керек. Ол ылғалдандыруға "дайындық" ретінде жүреді. Бірде корейлік құрбым "10 секунд ережесін" ұстанатынын айтты, тонерді жуынғаннан соң 10 секундтан кейін жағу керек. Неге? Себебі тазартудан кейін терідегі ұсақ тесіктер ашылып, жаққан өнім оңай сіңеді. Содан бері өзім де осы әдісті қолданамын. 

5. Эссенция. Барлық танысым мұны тері күтіміндегі ең маңыздыкезең екенін айтады. Ол ампула, сарысу және басқалары сияқты емдеу өнімі ретінде (treatment product) әсер етеді және теріні ылғалдандыру үшін қолданылады.  Бірақ ол сулы болғандықтан, бірден тонерден кейін пайдаланылады, себебі эссенция кремдерге, сарысу мен ампулаларға қарағанда әлдеқайда жеңіл. 

6. Кез келген крем. Мұнда енді сарысу, ампула, бустер немесе кез келген басқа treatment product өнімдерін қолдануға болады.

7. Sheet mask. Корейлердің сүйікті матадан жасалған маскасы, олар теріні керемет ылғалдандырады. Бірақ оны көрсетілген уақытынан аса қолдануға болмайды, себебі кері әсер жүріп кетуі мүмкін, яғни мата ылғалды сорып алады. 

8. Көз айналасына арналған крем. Ол тері үшін майлы және құнарлы кезең. Әжімнен және көз астында қара шеңберден арылуға көмектеседі.

9. Бет терісіне арналған крем. Теріні ылғалдандырудың соңғы кезеңі. 

10. SPF кремі. Тері күтіміндегі өте маңызды кезең, бірақ елімізде көбі мұны қолданбайды. Әдетте біз SPF кремдерін (күннен қорғайтын күшті сүзгілері бар) жазда ғана қолданамыз. Бірақ негізінде оны күнделікті пайдаланған дұрыс. Себебі күн жыл 12 ай шығып тұрады, ал ол тері обырын тудыратын ультракүлгін сәулесінен қорғайды. 

Дегенмен Алтынайдың айтуынша, бұл күтімді барлық корей жасайды деп ойламайды.

"Олар 10 кезеңнің 7-еуін нақты жасайды десем болады. Екі реттік тазарту, тонер, эссенция, мата маскасы, крем, күндізгі SPF қорғанышы және түнде sleeping mask", - дейді ол. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная