Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 декабря 2019 13:20

"Қызғаныш, менталитет". Модель бизнесіне барған қыз неге дайын болуы керек?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сән әлемі Қазақстанға бүгін келген жоқ, бұл бизнес түрі қарқынды дамып, шетелдік деңгейге жетуінің де ауылы алыс емес сияқты. Жастардың да бұл салаға, жалпы әдеміге қызығуы жақсы байқалады. Оған дәлел - түрлі халықаралық деңгейдегі сән көрсетілімдері мен кастингтерге жиналатын қыз-жігіттердің саны. Алайда қазақ менталитетінен бе, әлде сән әлемі жайлы қалыптасқан үстірт ойлардан ба көп ата-ана балаларын бұл саланың төркініне жібергісі келмейді. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық модельдермен және сән агенттігінің басшысымен әңгімелесіп, Қазақстандағы модельдер қалай ақша табатынын, оларға қойылатын талаптарын білді. 


Сән әлемі Қазақстанға бүгін келген жоқ, бұл бизнес түрі қарқынды дамып, шетелдік деңгейге жетуінің де ауылы алыс емес сияқты. Жастардың да бұл салаға, жалпы әдеміге қызығуы жақсы байқалады. Оған дәлел - түрлі халықаралық деңгейдегі сән көрсетілімдері мен кастингтерге жиналатын қыз-жігіттердің саны. Алайда қазақ менталитетінен бе, әлде сән әлемі жайлы қалыптасқан үстірт ойлардан ба көп ата-ана балаларын бұл саланың төркініне жібергісі келмейді. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық модельдермен және сән агенттігінің басшысымен әңгімелесіп, Қазақстандағы модельдер қалай ақша табатынын, оларға қойылатын талаптарын білді. 

Бүгінде Қазақстандағы модель агенттіктерінің бірінің негізін қалаушы Құрманғазы Сыздықов 2015 жылдан бері бұл бизнесте табысты еңбек етіп келеді. Айтуынша, агенттік ашу идеясы көрмеде жұмыс істеп жүргенде келген. Ол Қазақстанның қай өңірінде модель бизнесі жақсы дамығанын және бәсекелестік туралы айтып берді. 

"Модельдік бизнес әсіресе Алматыда жақсы дамыған. Ал Нұр-Сұлтанда нашар, бірақ оған қарамастан онда сұраныс көп. Қазақстанның басқа өңірлерінде жағдай қиын. Негізі модель бизнесі өте табысты. Алайда бәсекелестеріміздің көбі аяқтан шалғысы келеді. Клиенттерімізді өзіне қаратудың айла-шарғыларын жасайды. Бағаны төмендетеді", - дейді ол. 

 

Құрманғазы Сыздықов модельдік бизнестегі "төсек" әңгімесіне де пікір білдірді.

"Барлығы төсек арқылы шешіледі деген сөзге келіспеймін. Алайда олай емес деп те айта алмаймын, себебі жағдайлар болған", - дейді ол. 

21 жастағы алматылық Айгерiм Рахимбекова бұл саламен алты жыл бұрын таныса бастаған екен. Бүгінде ол тек жеке модель емес, агент қызметін де атқарады.

Моделингке қалай келді?

 

Оның айтуынша, барлығы тегін, TFP фотосессиялардан басталған. 

"Моделингке бірден келгенім жоқ. Көпшіліктің алдында болғанды ұнататын едім, сол себептен журналистика, актерліктен бастадым. 2014 жылы фотосессияға TFP негізінде шақырды, яғни фотограф пен модель өзі үшін тегін жұмыс істейді. Кейін ол фотоларды әлеуметтік желілерге жүктедім. Содан соң досатырым, желі қолданушылары көріп, дүкен, ательелерге модель болуға шақыра бастады. Осылайша 2017 жылға дейін әр түрлі жобаларға қатысып жүрдім", - дейді ол.

Айгерiм Рахимбекова моделингпен кәсіби түрде 2017 жылдан бері айналысады.

"2017 жылы бір танысым желідегі парақшамды көріп, Алматы қаласында жаңадан модель мектебі ашылатынын айтып, соның жарнамасына түсуге шақырды. Өзімді жақсы көрсетсем, ары қарай агенттікке тіркеп, тегін оқуға, кейін жұмыс істей беруге рұқсат беретінін айтты. Өзімді фотосессияда жақсы көрсеткендей болдым. Осылайша сабағыммен қатар агенттікте жұмыс істей бастадым. Кәсіби түрде моделингке аяқ басқан осы жыл деп айта аламын", - дейді ол. 

"Ата-анам қолдамады"

Модельдің айтуынша, оның ата-анасы алғашында бұл жолды таңдағанына аса қуанбапты. 

"Олар кез келген бастамама қарсы болған емес. "Тек сабағыңа кедергі келтірмесін, не істегің келсе де өзің біл, осы жолды бастап, ары қарай ісіңе айналдырғың келсе, біз саған көмек көрсетпейміз, себебі мұны маңызды жұмыс деп ойламаймыз" деп айтты", - дейді Айгерiм Рахимбекова. 

Ол ата-анасының көңілін қалай тапқанын да түсіндірді. 

"Модельдік агенттікте оқығаннан кейін жұмыс істеп жүріп көп нәрсеге көзім ашылды, үйренгенім де көп. Kazakhstan fashion week, Almaty fashion days, "Жыл таңдауы" сияқты үлкен подиумдарға шыға бастадым. Ата-анам мені теледидардан көрегеннен кейін айналысып жүрген хоббиім жай ғана іс емес екеніне көзі жетті. Яғни бұл жұмыстың көп уақыт пен күшті, еңбекті талап ететінін түсінгенінен кейін қазір қарсы емес", - дейді ол. 

Тағы бір модель қыздың оқиғасы

 

Шымкенттік Аружан Тәжібайдың модель бизнесінде жүргеніне екі жыл болды. Айтуынша, әкесі әлі күнге дейін бұл саланың кей тұстарын қолдамайды. Негізінен бұл бизнес түріне модельдер екі жолмен келеді. Біріншісі - бала кезінен армандап, 13-18 жасында немесе қазіргі уақытта одан да ерте 5-7 жасында модель мектебінде оқиды. Ал екіншісі - кездейсоқ тап болғандар, мысалы досы тартады немесе агенттік директорына я болмаса оған жұмыс ұсынған сән дизайнерінің көзіне түсу арқылы. 

"Мен кішкентай кезімнен армандап, ата анамның рұқсатын алып, 2 жыл бұрын модель агенттігіне хобби ретінде барған болатынмын. Бірақ ата-анам бірінші орында сабақ деп фотосессия, көрсетілімдерге рұқсат бермей жүрді. Кейінен оларға бұл менің сүйікті ісім екенін, сабаққа да, бәріне үлгеретінімді дәлелдедім. Бірақ қазірдің өзінде әкем көп нарсені қолдамайды. Өйткені мен Шымкент қаласының тумасы болғандықтан, "тәрбие, тұрмыс тіршілішігіне сай келмейді!" деп айтады", - дейді ол. 

Аружан Тәжібайдың айтуынша, модель болу оңай емес. 

"Иә, сізді керемет қылып сәндеп, қымбат киім кигізіп, көптеген сурет түсіреді. Көбі модельдердің жұмысын ақшасы көп және оңай деп түсінеді. Өкінішке қарай, бәрі олай емес. Әр жұмыстың өзінің қиындықтары бар", - дейді модель.

Тек ата-ана қарсылығы емес, сонымен қатар, ер адамдар өзінің жұбайларына да модель болуға рұқсат бермей жатады. Олардың ойын білу үшін шағын сауалнама жүргіздім. Онда 116 адам қатысты. Содан шығатын статистикаға көз жүгіртсек, жігіттердің 59 пайызы болашақ жарының, әйеліне түрлі көрсетілім мен түсірілімдерге қатысуына қарсы емес. Бірақ көбінің жалғыз талабы - ашық киінбеуі керек. Ал 41 пайызы мүлде жоқ деп отыр. Оның себебі - қызғаныш, менталитет.   

Моделинг негізігі табыс көзі бола ала ма? 

 

Айгерiм Рахимбекова "Қазақстанда модель болу негізгі табыс көзі бола ала ма?" деген сұраққа жауап берді. 

"Осыған келе жатыр. Бірақ қазіргі таңда тек моделингпен мамандық иесі ретінде жұмыс істеу қиын. Негізі модельдерге Қазақстандағы басқа мамандықтармен салыстырғанда жақсы төлейді. Бірақ жұмыс тұрақты болмағандықтан, негізгі табыс көзі болуы қиын", - дейді ол. 

Модельдерге қойылатын талап

 

"Кез келген қыз модель бола алады. Бұл жерде міндетті түрде табиғаттан берілген сұлулық болуы міндетті емес", - дейді Рахимбекова.

Айтуынша, тек бар артықшылықты дұрыс қолдана алсаң болғаны, нақты бір стандартты айту қиын. 

"Әрине, сұлбасы әдемі, арық, аяғы ұзын қыздардың шыңға жетуі әлдеқайда оңай. Алайда артық салмақты да ретке келтіріп алса болады. Бір фотосессияға бірнеше модель іздеген кезде, бойы 175-180 сантиметр қыздардың арасынан 163 сантимерлік аруды таңдаған кездер де болды. Бұл тапсырыс берушінің таңдауы. Сондықтан модельдікте жетістікке жету үшін бойың ұзын, әдемі, арық болуың керек деп кесіп айта алмаймын", - дейді ол. 

Десе де үлкен подиумдарда стандарт болады. Қазақстандағы ең үлкен сән көрсетілімі Kazakhstan Fashion Week десек, онда қыздардың бойы - 175, жігіттердікі 185 сантиметрден биік болуы керек екен. 

"Модельдердің қандай жобаға қатысатынына байланысты қасиеті бағаланады. Фотосессия болса, оның суретке түсе алу қабілеті, ал көрсетілім болса, дене бітімі, түрі, дефилесі, яғни жүре алуы бағаланады", - дейді модель. 

Осы талаптарға қоса агенттік басшысы Құрманғазы Сыздықов модельдерің денесінде тату суреттері, жара, операция іздері болмауы керегін айтты.

 Кәсіби модель болу үшін не істеу керек?

 

"Кәсіби модель болу үшін алдымен сән мектебін бітіріп алған жөн. Оны таңдаған кезде де өте абай болу қажет. Өйткені оның аты жақсы болғанымен, оқытуға келгенде салғырт қарауы мүмкін. Сондықтан таныстарыңыз оқыған немесе жақсы пікірлер айтылатын мектептерде оқыған абзал", - дейді Рахимбекова. 

Сұраныс бар ма?

 

Модельдерге сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Оны кастингтерден байқауға болады. Себебі ондағы қыздардың саны кейде 700-1000-ға дейін жеткен кездер болды. Мұнда жігіттердің саны бөлек тағы қосылады. 

Модельдер қазір суретке түсетін немесе подиумға шығатын болып қана бөлінбейді. Промо-модель, хостес, аудармашы модельдер бар. Сондықтан қосымша тіл білетін, сөйлей алатын модельдерге қосымша жұмыс табу әлдеқайда жеңіл болады.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????Rakhimbekova Аigerim???? (@aigerim_rkh)

"Мен үшін моделинг негізгі табыс көзі болмағандықтан аптасына 2-3 рет түсірілімге қатысқаным жақсы көрсеткіш саналады. Қазір арнайы топ ашып қойғанмын. Кейде тапсырыс көбейіп, үлгермей жатсам, жұмысты сол қыздарға беремін. Бір жағынан клиенттен де айырылмайсың, екінші жағынан басқа модельдер де ақша табады. Бұл меніңше жақсы шешім болды", - дейді Рахимбекова.

Модельдердің қандай қасиеті бағаланады?

 

Айгерiм Рахимбекова клиентті қалай тарту керегін айтып берді. 

"Әрбір кастинг, жұмыс - мүмкіндік. Сен ол жерде жаңа клиент табуың мүмкін, ал ол адам болашақта тұрақты клиентке айналады. Сол үшін модельдерге кез келген жұмыста өзіңді мейлінше жақсы қырыңнан көрсетуге тырыс деймін. Бұл саған келесі жұмыс табуыңа міндетті түрде көмектесетінін айтамын. Мен модельмін, мен әдемі, мен сұлумын деп басыңа тәж киіп алып, оның сабағын көтере алмай жүру дұрыс емес. Иә, олар сені бір рет таңдауы мүмкін, бірақ келесі жол клиент жұмыс істегісі келмей қалады", - дейді ол. 

Айгерiм Рахимбекова бүгінде жеке модель ғана емес, сонымен қатар, модельдерге жұмыс табатын агент.

"Мен де жоғарыда айтылған талаптар бойынша өз модельдеріммен жұмыс істеймін. Олар үнемі кешігіп, қызметін тыңғылықты атқармайтын болса, жанжал шығарып, мінезінің жаман тұстарын көрсетсе, мен олармен жұмыс істемеуге тырысамын", - дейді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети