30 июля 2018 17:46

Ван Даммның ресейлік нұсқасы

Спортпен айналысатын адам тек тән әдемілігі емес, толықтай ағза құрылысының саулығы, психологиялық тұрақтылық пен төзімділікке қол жеткізеді. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанатын адам өзін әрдайым сергек және жеңіл сезеді. Ал спортпен бала кезінен айналысқан адам айтарлықтай белестерді бағындыруы мүмкін және оған тек спортқа деген қызығушылық емес, сонымен қатар, кино актері немесе төбелес өнерінің шебері әсер етуі мүмкін. Мысалы ресейлік Денис Солдатовты Жан-Клод Ван Даммға келтіріп Ван Ден дейді екен. "Екінші Ван Дамм" Tengrinews.kz тілшісіне төбелес өнері, дене мәдениеті, сау жан мен тән жайлы әңгімелеп берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Спортпен айналысатын адам тек тән әдемілігі емес, толықтай ағза құрылысының саулығы, психологиялық тұрақтылық пен төзімділікке қол жеткізеді. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанатын адам өзін әрдайым сергек және жеңіл сезеді. Ал спортпен бала кезінен айналысқан адам айтарлықтай белестерді бағындыруы мүмкін және оған тек спортқа деген қызығушылық емес, сонымен қатар, кино актері немесе төбелес өнерінің шебері әсер етуі мүмкін. Мысалы ресейлік Денис Солдатовты Жан-Клод Ван Даммға келтіріп Ван Ден дейді екен. "Екінші Ван Дамм" Tengrinews.kz тілшісіне төбелес өнері, дене мәдениеті, сау жан мен тән жайлы әңгімелеп берді.

 

Скоро выйдет мой новый клип в котором я продемонстрирую упражнения с палкой и баскетбольным мячом. Это будет одно из самых сильных моих видео. Всем хорошего настроения! #streching #sport #live #motivation #strong #kickboxing #kicks #tkd #kick #karate #shanti #split #martialarts #шпагат #растяжка #стретчинг #каратэ #гибкость #йога #мариинск #шантипрактика #фитнес #трюки #тескао #здоровье #вандэн

Публикация от Denis Soldatov (@van_den1) 21 Апр 2018 в 9:12 PDT

Реклама
Реклама

Қазір Денис Солдатов дене иілгіштігі мен керілуі, және төбелес өнерінен жеке жаттықтырушы. Оның Instagram желісіндегі парақшасында 17 мыңға жуық оқырманы бар. "Ол соншалық неге танымал?" деген сұрақ ойға келеді. Себебі ол әлемге белгілі бельгиялық актер, режиссер Жан-Клод Ван Даммның жасаған іс-қимылдарын қайталай алады және парақшасында суреттері мен видеоларын бөлісіп отырады.

Әке тәрбиесі баланың болашақ өміріне азық болады. Денис Солдатовтың да Ван Даммға ұқсауы әкесінің қызығушылығы мен оның жаттықтыруынан басталған екен.

"Төбелес өнерімен 3 жасымнан бері айналысамын. Барлығы 80-жылдардың соңында елде видеомагнитофон тараған кезде басталды. Әкем спортқа жақын, гаражында әрдайым груша ілініп тұратын адамдардың қатарында еді. Бір күні ол Жан-Клод Ван Дамм түскен фильмді көріп, оның қабілеті мен аяқ соққысына, созылуына қатты таңғалған. Бірақ өзі 27 жаста болғандықтан мұндай жетістікке жете алмайтынын түсінген. Ал алдында кішкентай мен жүгіріп жүрмін. Сөйтіп ол мені үш жасымнан жаттықтыра бастады. Осылайша Ван Дамм менің өміріме әсер етті және жылдар өте өзім де Ван Ден атандым", - деді Солдатов.

 

100-ый клип Ван Дэна. Трюки с баскетбольными мячами. С 2011-ого года берет начало моё творчество). Сколько же произошло всего за это время...А я всё ногами машу.))) Говорила мне мама "хватит тебе ноги задирать да на шпагате сидеть, займись серьёзным, нормальным делом...") М-да...а ведь я так её и не послушал...#kick #streching #sport #live #motivation #strong #kickboxing #kicks #tkd #taekwondo #karate #shanti #split #vandamme #jcvd #martialarts #настоящиймомент #шпагат #растяжка #стретчинг #каратэ #гибкость #йога #мариинск #шантипрактика #трюки #тескао #здоровье #вандэн #кемерово

Публикация от Denis Soldatov (@van_den1) 26 Июн 2018 в 8:32 PDT

 

"Әкем төбелес өнерін үйретті, ал кейін түрлі секцияларға қатыстым. Қаламыз шағын болғандықтан киокусинкай карате ғана болды. Спорттың осы түрімен айналыса бастадым. Бұл қатаң карате түрі болғандықтан, шыны керек, жүрегіме жақын болмады. Менің барлық жаттықтырушым аяғымды жоғары сермеп ұрғанда "Солдатов! Айналып бұраңдағаныңды қой, қатты ұр, күшпен теп" деп ұрысатын. Бұл маған ұнамайтын, мен төбелеске шығармашылық жағынан қарағым келетін. Маған әрдайым төбелес өнерінің сұлулығы мен эстетикасы ұнайтын. Сөйтіп каратемен 8 жыл айналыстым, бірақ жақсы достасып кете алмадым", - дейді Денис Солдатов.

"Армандар орындалы. Ол үшін сәттілік керек және сүйікті ісіңмен айналысуың қажет". Бұл Денис Солдатовтың сөзі.

"Кішкентай кезімнен ірі қалада, Мәскеуде тұруды армандадым, себебі өзім Кемеров облысының шағын Мариинск қалашығынан едім. Қарапайым отбасынан шыққанмын. Мәскеуге көшуге мүмкіндік те, алғышарт та болмаған. Бірақ ақыры қалауыма жеттім. Мәскеуге көшіп бардық. Кішкентай кезімнен аяғымды жоғары созғанда адамдар таңғалатын. Сөйтіп жылдар өте танымал адамның көзіне түстім. Ол атақты ресейлік спортшы, актер және қоғам қайраткері Сергей Бадюк. Ол менің видеоларымды көріп, жақсы бағасын берді. Нәтижесінде, бала кезден армандаған қалаға жол тарттым", - деп әңгімелеп берді ол.


Сергей Бадюкпен бірге

Мәскеуге келгеннен кейін оқытушылық қызмет атқардым. Балаларды төбелес өнеріне, аяқ соққысы, акробатикаға үйретемін және әрине дененің созылуы мен иілгіштігіне ден қоямыз. Шәкірттерім айтарлықтай көп. Маған ауқатты адамдардың балалары да келеді. Оның қатарында мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы да бар. Сонымен қатар карате, тай боксы бойынша әлем чемпиондары бар.

Денис Солдатовты түрлі тележобаларға көп шақырады екен. Мысалы, Бірінші Еуразия арнасында "Я могу" бағдарламасында ол 33 секундта 20 адамның басында тұрған стақандарды теуіп түсіргені үшін Ресей рекордттар кітабына енген. Сонымен қатар ол басқа да жобаларға қатысқанын айтты.

 

"Николай Коровин деген қоғам қайраткері бар. Ол кісі мен туралы бағдарлама түсіріп, нәтижесінде атым жазылған қара белдеу табыстады. Мен мұны 30 жыл күттім. Менде ешқашан қара белдеу болмаған, ал мұнда Коровиннің өзі беріп тұр. Өте қатты қуандым. Бағдарлама тамыздың соңында шығады", - деп қуанышын бөлісті жекпе-жек шебері.

 

#helicopterkick #motivation #strong #streching #splits #split #shanti #fitness #motivated #cardio #workout #fitspo #kick #nevergiveup #martialarts #karate #flexebility #masterclass #шпагат #растяжка #каратэ #гибкость #йога #мариинск #трюки #тренировки #тескао #вандэн #tescao #actionmovie

Публикация от Denis Soldatov (@van_den1) 28 Апр 2018 в 3:38 PDT

 

Бала әкеден тәлім алады. Солдатовтың баласы да 3 жасынан бастап жаттығады екен. Отбасында бұл династияға айналған, яғни бар білгенін әкесі баласына қалдырып отырады. Бірақ қазір Денистің баласы 4 мың шақырым шалғайда болғандықтан, оны қашықтан видеоқоңырау арқылы жаттығуға "мәжбүр етеді" екен. Оның айтуынша, "мәжбүр ету" дәл табылған сөз. Баласы мұндай өнердің керек еместігін айтса да, әкесі баладан гөрі әзірше не дұрыс, не бұрыс екенін білетінін айтып, жаттықтырады екен. Баласы биыл 4-сыныпқа көшеді. Мектеп аяқтағаннан кейін оны Мәскеуге көшіргісі келетінін айтты Денис Солдатов.  

 

В воспитании важен личный пример. #jcvd #streching #motivation #strong #flexible #tkd #kick #tescao #karate #shanti #split #athlete #fitspo #lifestyle #yoga #instafit #vandamme #шпагат #растяжка #каратэ #тескао #гибкость #йога #мариинск #трюки #вандэн

Публикация от Denis Soldatov (@van_den1) 30 Май 2018 в 5:25 PDT

 Айта кеткен жөн, спортшы қазіргі таңда шәкірт тәрбиелеуден бөлек, өзінің мысалында қоғамды салауатты өмір салтына, спортпен айналысуға шақырады.

Спорт адамды әрдайым қалпында сақтауға, өзін жақсы сезінуге көмектеседі. Солдатовтың айтуынша, дененің созылу қабілеті денсаулыққа өте пайдалы.

"Дененің созылуы, керілуі мен иілгіштігі дені сау адамның басты талаптарына жатады. Бұл әсіресе ер адамдарға маңызды, себебі 40 жастан кейін аяқтың қан айналымы баяулай бастайды. Ал аяқтың керілуі оны жылдамырақ етуге көмектеседі. Осылайша, дене қалпына келіп, адам өзін жақсы сезінетін болады. Мұнда аяқ қана емес, буын гимнастикасы да маңызды. Ол деннің саулығы мен көтеріңкі көңіл-күйде жүруді қамтамасыз етеді", - деді ол.

 "Спортпен айналысқанда ең бастысы шектен тыс көп жаттықпау. Оған үлкен жауапкершілікпен қарап, арнайы жаттықтырушымен айналысу керек. Адамның дене қабілетіне байланысты жаттығу барысында жарақат та алуы ықтимал. Құлап немесе аяғын қайыруы мүмкін. Бірақ физиологиялық жаттыққан адам, денесі иілмейтіндерге қарағанда мұндай жарақатты қатты сезбейді. Әркімнің жетістікке жету тәсілі түрліше. Бірі шатқа отыру үшін бір жыл жұмсаса, келесісі одан да көп уақыт кетіруі мүмкін. Ол адамның дайындығына байланысты. Ал орташа есеппен алғанда 3 айда шатқа отыруға болады. Кез келген адам дененің созылғыштығын қалпына келтіре алады бірақ, мен жасайтын іс-қимылдарды үлкендер үйрене алмайды. Ол үшін кішкентайынан дайындалу керек. Адамның дене бітімі әдемі, арқасын тік, кез келген жағдайда шатқа отырып, аяғын жоғары көтере алса, бұл қандай әдемі, әсерлі көрінеді", - деп аяқтады әңгімесін Денис Солдатов.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram