15 марта 2018 09:34

Қызылордада автошиналар қалай қайта өңделеді

Владимир Прокопенко Корреспондент

Tengrinews.kz "ӨКМ Операторы" ЖШС-мен бірлесе отырып, Қазақстандағы қайта өңдеу саласы туралы материалдар циклін жалғастырады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz "ӨКМ Операторы" ЖШС-мен бірлесе отырып, Қазақстандағы қайта өңдеу саласы туралы материалдар циклін жалғастырады.

Жаңа сюжетте Қызылордадағы тозығы жеткен автомобиль шиналарын утилизациялау процесі көрсетілген. "ДорстройСервис" ЖШС бұл іспен 2014 жылдан бері айналысып келеді. Дөңгелектерді механикалық ұсақтау механизмі жолымен жоғары сапалы резеңке үгітінді жасалады. Оны жарақатқа қауіпсіз ойын алаңдарын, жүгіру жолдарын және жасанды желек құрылыстарында қолданылады. Сондай-ақ, дайын өнімнен резеңке тас төсеуіш, кілемше және плиткалар жасалады.

Реклама
Реклама

Кәсiпорынға тозығы жеткен автомобиль шиналары Ақтөбе, Түркістан және Атырау қалаларынан жеткізіледі. Қазіргі уақытта цех 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта кәсіпорынды кеңейту жоспарда бар. 

Еске салайық, мұның алдында Алматыдағы "Техно-Пром.кз" ЖШС кәсіпорнында тұрмыстық техника қалай өңделетінін айтып берген едік. Қазақстандағы қайта өңдеу өнеркәсібі жайлы мына жерден толығырақ таныса аласыз.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram