ПОДЕЛИТЬСЯ
15 октября 2020 | 15:34
"2022 жылға қарай пандемия аяқталуы мүмкін". Коронавирусқа қатысты тың болжамдар
Дүние жүзінде COVID-19 жұқтыру бойынша жаңа рекорд 9 қазанда тіркелді. Бір тәулікте 338 779 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Бұл - пандемия басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Коронавирус пандемиясының қашан аяқталатыны туралы әлі нақты болжам жоқ. Оның үстіне күн сайын коронавирусқа байланысты түрлі жаңалық шығып, зерттеу жасалып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус инфекциясына байланысты қандай болжамдар айтылып жатқанын анықтады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүние жүзінде COVID-19 жұқтыру бойынша жаңа рекорд 9 қазанда тіркелді. Бір тәулікте 338 779 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Бұл - пандемия басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Коронавирус пандемиясының қашан аяқталатыны туралы әлі нақты болжам жоқ. Оның үстіне күн сайын коронавирусқа байланысты түрлі жаңалық шығып, зерттеу жасалып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус инфекциясына байланысты қандай болжамдар айтылып жатқанын анықтады.
ДДҰ алдағы таңда коронавирустан өлім жағдайы көп болатынын ескертті
Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан коронавирус жұқтырған науқастармен қатар өлім саны көбейі бастайтынын айтты. Сарапшының айтуынша, қазір дүние жүзі бойынша интенсив терапия бөлімінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны артып жатыр. Маман қайтыс болғандар өсімі жұқтырғандардан бірнеше апта кейін жүретінін ескертті.
"Дүние жүзі бойынша өлім күніне 5000 жағдайға дейін төмендегенде (сәуірде бұл көрсеткіш 7500 жағдайға жеткен - ред.), біз үндемей отырмауымыз керек", - деді Сумья Сваминатан.
Одан бөлек, бүгінде коронавирус инфекциясының екінші толқынына қатысты түрлі болжам айтылды. Ал ДДҰ өкілдері коронавирустың түрлері мен формалары COVID-19 пандемиясының екінші толқыны жоқ екенін көрсететінін мәлімдеген еді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік директоры Дорит Ницанның сөзінше, бүгінде коронавируспен ауыратындар саны өсіп келе жатқан елдер мен науқастар саны азайып келе жатқан мемлекеттер де бар.
"Біз бұл жағдайды күнде бақылап отырамыз, төмендеу (ауру жұқтырғандар саны) бар елдердегі жағдайды зерттейміз", - деді ол.
Ницан "көптеген адам коронавирустың өте қауіпті ауру екенін түсінбейтінін" атап өтті. Себебі әлемдегі халықтың тек 5 пайызы ауыр халде екен.
"Бірақ бұл 5 пайыз қатты зардап шегеді. Олардың өміріне қауіп төніп тұр. Бұл жағдай олар үшін өте қиын", - деді директор.
Вирус мутацияланып, жұқпалылығы арта түседі
РИА Новости мәтілетінше, вирустың мутацияланып, жұқпалылығының арта түсуіне коронавирустың ақуыздың бөлшектері организмге енуі үшін он түрлі форма қалыптастыруы себеп болуы мүмкін. Мұны ұлыбританиялық ғалымдар анықтаған.
"Тұмаудың да, АИТВ-дің (ВИЧ) де организмге енуінің мұндай күрделі механизмі жоқ", - делінген зерттеу жұмысында.
Зертхана жағдайында ақуыз бөлшектері өте тез - 60 секундтың ішінде трансформацияланады. Ал шын мәнінде оның адам организміне енуі үшін ұзағырақ уақыт қажет.
ДДҰ өкілдері коронавирус маусымдық ауру емес екенін айтады
Биыл сәуір айында қытайлық ғалымдар коронавирус инфекциясының көзі жойылмайтынын, ол маусымдық тұмау секілді жыл сайын пайда болатынын мәлімдеген еді.
Ғалымдардың зерттеуінше, COVID-19 оның туысы, 17 жыл бұрынғы SARS секілді түбегейлі жоғалып кетпейді. SARS жұқтырғандар ауруды ауыр өткізген екен. Оның белгілері де айқын болған. Карантин режимі енгізілгеннен кейін оның тарауы бәсеңдеген. Қытайлық мамандар COVID-19 көп жағдайда еш белгісіз өтетінін және вирус та білдіртпей тарайтындықтан коронавирусты толығымен тоқтату мүмкін емес екенін айтты.
"Бәлкім бұл адамзатпен ұзақ уақыт бірге өмір сүретін, маусымдық ауруға айналатын эпидемия секілді қалады", - дейді қытайлық ғалым Цзинь Ци.
Алайда таяуда ДДҰ өкілдері COVID-19-ды маусымдық ауру деп есептемейтіндерін мәлімдеді. Ұйымның төтенше жағдайлар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария ван Керкхове кей елдегі науқас санының өсуі шектеу шараларының алынып тасталуымен байланысты екенін айтады.
"Толқындар туралы айтқан кезде (вирустың) маусымдық тұмау секілді деп санаймыз, оның маусымдық сипаты солтүстік және оңтүстік жартышарларда қыс мезгілінде жағдайдың өршуімен байланыстырылады. Біз вирустың бұл түрін маусымдық деп есептемейміз. Вирускез келген жағдайда, барлық климат пен өңірде байқалады", - деді Керкхове онлайн-брифинг барысында.
Пандемияның аяқталуына қатысты болжам
Жалпы әлемдік пандемияның аяқталуына қатысты нақты дерек жоқ. Ғалымдар мен мамандар әлі күнге дейін бұған қатысты түрлі болжам айтады. Мысалы таяуда Microsoft негізін қалаушы, мультимиллиардер, коронавируспен күрес үшін 650 миллион доллар бөлген Билл Гейтс те COVID-19 пандемиясы қашан аяқталатынына болжам жасаған болатын.
"Жақсы болжам айтсақ, 2022 жылға қарай пандемия аяқталуы мүмкін. Бірақ бұл проблеманы әлемдік масштабта алып қарасақ, 2021 жылы біз ауру жұқтырғандар санын азайтуымыз керек", - деді Гейтс Fox News басылымына сұхбатында.
Ал Швецияның мемлекеттік эпидемиологы Андерс Тегнеллдің сөзінше, мәселе пандемияның анықталуында емес, ДДҰ-ның бағалауына сүйене отырып, қашан оның тоқтатылатыны туралы хабарлауында. Оның айтуынша, бүгінде бастысы – вирустың тарауынтоқтатып, ұлттық денсаулық жүйесіне күш жұмсамау.
"Биыл аяқталмайтыны сөзсіз. Егер келесі жылы жаз мезгілі тыныш өтіп, күз мезгілінде қандай да бір толқын болмаса, ДДҰ жағдай тұрақталғанын және пандемияның аяқталғанын мәлімдеуі мүмкін", - деді маман Aftonbladet газетіне.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также