12 июля 2021 | 16:12

"86 адам қаза тапты". АҚШ жұртын дүрліктірген қайғылы оқиға

Фото: Reuters

25 маусымда Майамидегі Серфсайд қалашығында көпқабатты үй жартылай қирады. Local 10 телеарнасының мәліметінше, жүзге жуық адамның тағдыры әлі белгісіз. Ал қайғылы жағдай салдарынан 86 адам қаза тапты. Әлі күнге дейін ғимараттың қирауына не себеп болғаны да белгісіз. Tengrinews.kz тілшісі Майамидегі қайғылы жағдайдың мән-жайы туралы материал дайындады.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

25 маусымда Майамидегі Серфсайд қалашығында көпқабатты үй жартылай қирады. Local 10 телеарнасының мәліметінше, жүзге жуық адамның тағдыры әлі белгісіз. Ал қайғылы жағдай салдарынан 86 адам қаза тапты. Әлі күнге дейін ғимараттың қирауына не себеп болғаны да белгісіз. Tengrinews.kz тілшісі Майамидегі қайғылы жағдайдың мән-жайы туралы материал дайындады.  

Ғимаратта орналасқан 136 пәтердің жартысы қираған. Жалпы тұрғын үй 1981 жыл салынған. Алғашқыда 12 қабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Алайда құрылыс салушы тұрғын үйге пентхаус қосуды шешіп, ғимараттың биіктігіне тағы үш метр қосылған. Осылайша, сол кездегі биіктік нормасы бұзылған. Ғимараттың жалпы биіктігі 48,1 метр болған. Тұрғын үй сәулетшісі - Уильям Фридман. 

Фото: Reuters

Реклама
Реклама

Ғимарат жергілікті уақыт бойынша шамамен 01:30-да қираған. Алдымен тұрғын үйдің бір бөлігі, шамамен тоғыз минуттан кейін екінші бөлігі қираған. Артынша оқиға орнында өрт шыға бастаған.

Төтенше жағдай орнында 80 құтқарушы бригадасы келді. Аймақ директоры Фредди Рамирес полиция апат болған күні 53 тұрғынмен байланысқанын, алайда әлі 99 адам табылмай жатқанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, қала мэрі тергеуге инженер-конструкторлар тартылғанын айтты. 


Фото: Reuters

Ал соңғы мәліметтер бойынша, қалашықтағы апаттық жағдайдан 86 адам қайтыс болған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында тек америкалықтар емес, шетелдіктер де болған. Сонымен қатар, қаза тапқандардың арасында Парагвай президенті әйелінің сіңлісі де болған. 

Із-түссіз жоғалғандарды іздестіруге Мексика мен Израильдің құтқарушылары да көмектесті. Жалпы 800-ге жуық құтқарушы жұмылдырылған. 7 шілдедегі жағдай бойынша, үйіндінің астынан табылғандар саны 54-ке жетті. Алайда РИА Новости мәліметінше, екі аптадан кейін іздеу жұмыстары тоқтатылған. Себебі, құтқарушылардың сөзінше, үйіндінің астынан адамдардың тірі табылуы екіталай болған.

Фото: Reuters

DW мәліметінше, жергілікті билік 40 жыл бұрын салынған көпқабатты ғимараттың қирауының себебін әлі анықтай алмаған. 2018 жылы инспекция ғимаратта құрылымдық ақаулар барын анықтаған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, тұрғын үйдің опырылып түсуіне сол ақауларды ескермеу себеп болуы мүмкін. Бүгінде тергеу бригадасы қайғылы жағдайдың себебін анықтап жатыр.


Фото: Reuters

Дайана Уайнер есімді жергілікті тұрғын DW-ге берген сұхбатында "қайғылы жағдайдың алдын алуға болатын еді" деген екен.

"Шара қабылдайтын уақыт келді" деп ешкімнің айтпағаны өкінішті. Ескертулерге құлақ асуымыз керек еді. Көптеген адам қаза тапты", - дейді ол.

Ал қираған ғимаратқа қарама-қарсы үйде тұратын Дарел Арнольдтың көпқабатты үйдегі апатқа қалалық әкімдік инспекторының мәлімдемесі себеп болуы мүмкін екенін айтқан.

"Ол жедел шара қабылдауға еш себеп жоғын айтқан болатын. Ал үйді жөндеу жұмыстарына шұғыл ақша іздеудің қажеті жоғын түсінген адамдар бұл жаңалықты қуана қабылдады. Енді мұндай мәселелерге мұқият қарайды деп ойлаймын", - дейді жергілікті тұрғын.

Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз болғанымен бұл жайттан кейін қалашықта 40 жыл бұрын салынған үйлердің бәрі күмән туғызған. Сондықтан инженерлер басқа да ондаған үйді тексеруді бастап кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная