13 января 2020 | 13:47

Абхазияда президент сайлауының қорытындысы күшін жойды. Халық неге наразы болды?

© РИА Новости

Осыдан бірнеше күн бұрын Абхазияда ереуілдеушілер президент әкімшілігіне шабуыл жасады. Олар президенттің отставкаға кетуін талап еткен. Бастапқыда президент Рауль Хаджимба отставкаға кетпейтінін мәлімдесе, бүгін оның қызметтен кеткені белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі Абхазияда ереуілдеушілердің не себепті отставканы талап еткенін анықтап, елдегі қазіргі жағдайға шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Осыдан бірнеше күн бұрын Абхазияда ереуілдеушілер президент әкімшілігіне шабуыл жасады. Олар президенттің отставкаға кетуін талап еткен. Бастапқыда президент Рауль Хаджимба отставкаға кетпейтінін мәлімдесе, бүгін оның қызметтен кеткені белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі Абхазияда ереуілдеушілердің не себепті отставканы талап еткенін анықтап, елдегі қазіргі жағдайға шолу жасады.

"Президенттің отставкаға кетуін талап етеміз"
Реклама
Реклама

Өткен аптада Абхазияда 800-ден аса адам наразылық акцияларын өткізді. РИА Новости мәліметінше, митингіге шығушылар былтыр президент сайлауында жеңіліске ұшыраған Алхас Квицинияның ісі мен Сухумда болған атысқа қатысты тергеу жұмыстарының жүргізілуіне наразылық білдіріп жатыр. Сол себепті олар президент Рауль Хаджимбаның отставкаға кетуін талап етіп, әкімшілікке шабуыл жасады. Нәтижесінде Абхазияның қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиын өткізіп, күш құрылымдарының жұмысын күшейтілген тәртіпке ауыстырған еді.

Президент әкімшілігі. © sputnik-abkhazia.ru

Наразылық шарасына қатысушылардың басым бөлігі оппозицонер Алхас Квицинияның президент сайлауында жеңіліске ұшырауына байланысты қозғалған істі әділ емес жүргізілді деп санайды.

Ал Абхазия президенті оларды мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтқан. Сол кезде президент жағдай әрі қарай ушыға берсе, елде төтенше жағдай жариялайтынын ескерткен болатын.

© twitter.com

Абхазия парламенті ереуілдеушілерді жақтады. Олар бірауыздан президенттің отставкаға кетуін талап етті. Алайда, РИА Новости мәліметінше, мұндай наразылық акциясына тағы бір себеп - халық елде қылмыстың жиі жасалатынына наразы.

Елде тұрақты жағдайды сақтау үшін отставкаға кеткен президент

Күні кеше президент Рауль Хаджимбаның отставкаға кету туралы өтініш білдіргені белгілі болды. Бұл туралы вице-президент Аслан Барциц мәлімдеген еді.

"Қантөгіс болмауы үшін, елде тұрақтылық болуы үшін ол қажетті құжатқа қол қою туралы шешім қабылдады", - деген еді президенттің өкілі.

Ал алдағы сайлауға ол қатыса ма деген сұраққа ол "ол сұрақты әлі шешеміз" деп жауап берді.

Отставкаға кеткен президент Рауль Хаджимба. © РИА Новости / Илья Питалев

Қазіргі жағдай
 

Ресейлік басылымдардың мәліметінше, президент отставкаға кеткен соң Абхазияның Жоғарғы соты былтыр қыркүйекте өткен президент сайлауының нәтижесін жойды. Сондықтан Орталық сайлау комиссиясы биыл қайтадан президент сайлауын өткізетін болды. Заң жүзінде сайлау екінші рет өткізілейін деп отыр, бірақ оған жаңа үміткерлер қатыса алатыны айтылады.

Алайда Рауль Хаджимбаның әкімшілігі сайлау комиссиясының бұл шешімімен келіспейтінін және оған шағымданатынын айтты.

Сайлау күні бекітілді

Кеше Абхазия Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын өткізу күнін белгіледі. "Қайта сайлау өткізу күні 2020 жылдың 22 наурызына белгіленді", - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тамаз Гогия шешім бірауыздан қабылданғанын айта отырып.

Ол заңды түрде сайлау қайта болатынын және оған кез келген кандидат қатыса алатынын атап өтті.

               © РИА Новости / Михаил Воскресенский 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная