18 июля 2019 | 16:38

АҚШ билігі өз азаматтарына оқ ата ма? 51-аймақтың құпиясы

Интернет қолданушылары адамзат үшін құпия болып келген жерлерге басып кіруді жоспарлап жатыр. Бүгін Facebook желісінде мыңдаған адамның өмірін қиып, жүздеген кеме мен ұшақ жоғалған Бермуд үштағанына баруға шақырған топ құрылды. Бүгінге дейін шабуылдауға 17 мың адам келіскен.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Интернет қолданушылары адамзат үшін құпия болып келген жерлерге басып кіруді жоспарлап жатыр. Бүгін Facebook желісінде мыңдаған адамның өмірін қиып, жүздеген кеме мен ұшақ жоғалған Бермуд үштағанына баруға шақырған топ құрылды. Бүгінге дейін шабуылдауға 17 мың адам келіскен.

Жұмбақ мекенге барып, оның шындығын жария етуге шақырған бұл алғашқы топ емес. Бәрі АҚШ-тағы "51-аймақ" деп аталатын базаға басып кіру идеясынан басталған. Бүгінде бұл бастамаға 1,6 миллион адам қатысқалы отыр. Тengrinews.kz тілшісі АҚШ-тағы ең құпия орындардың бірі туралы баяндайды.

Реклама
Реклама

"51-аймақта" не бар?

"51-аймақ" - АҚШ-тың Невада штатында орналасқан әскери база. 1955 жылы ашылған бұл базаның расында да бар екенін АҚШ билігі 2013 жылы ғана растаған болатын. Ресми деректер бойынша, бұл базада ұшу аппараттары мен қаруларға эксперимент жасалып, сынақтан өткізеді.  

Билік бұл базаны ұзақ уақыт бойы құпия ұстауына байланысты ел ішінде алып-қашпа әңгімелер көбейген. Солардың ең атақтысы - "базада бөгдеғаламшарлықтар бар, әскерилер оларға тәжірибелер жасайды".

Түрлі кинофильмдерде де осындай теория айтылғандықтан, базада өзгеғаламшарлықтардың бар екеніне сенетіндер көбейген. Бұған кей ғалымдардың сөзі де ықпал еткен. Мысалы, 1989 жылы физик Скотт Лазар "51-аймақта" бөгдеғаламшарлық технологияны зерттеу жұмысына қатысқанын айтқан болатын.

Базаны спутниктер арқылы суретке түсіруге тырысқандар да бар. Бірақ онда тек бірнеше қойманы көруге болады. Ал негізгі орталығы жер астында салынған.


"51-аймақтың" спутниктен түсірілген суреті. © NASA

Айта кетерлік жайт, бұл базаның үстімен ұшақпен өтуге тыйым салынған. Орталық барлау басқармасы (CIA) бұл аймақтың атын жасыруға тырысады. Көбіне құжаттарда ол "ертегі елі", "жұмақ ранчосы", "Грум өзені", "үйдегі әуежай" деп аталады.

Базаға басып кіру идеясы қайдан шыққан?

Осындай теориялардан кейін, оның үстіне АҚШ билігі бәрін құпия ұстағандықтан, базаны өз көзімен көргісі келетіндер көбейген. Сондықтан, Facebook желісінде арнайы топ ашылған. Атауы - "51-аймаққа шабуыл! Олар бәрімізді бірдей тоқтата алмайды". Бұл материал дайындалып жатқан кезде топқа қосылып, құпия базаға шабуылдауға келіскендер саны 1,6 миллион адамға жеткен. Тағы 1,2 миллион адам бұл идеяға қызығушылығын білдірген. Ал шабуыл 20 қыркүйекке жоспарланып отыр.

Парақшаны ашқан адам жоспарланған күні "51-аймақ" маңында жиналып, "мультфильмдегі Наруто секілді" базаға қарай жүгіруді ұсынады.

"51-аймақ" туристік орталығында кездесіп, қалай шабуылдайтынымызды келісеміз. Егер жүгірсек, олардың оқтарынан да жылдамбыз. Бөгдеғаламшарлықтарды көріп қайтайық", - деп жазылған хабарламада.        


Шабуыл жоспары. © unilad.co.uk

Расын айтқанда, бұл топтың модераторы Джексон Барнс бір жерге шабуыл жасау жоспарында болмағанын айтады. Бұл жәй ғана көңіл көтеру үшін басталған жоба екен. Оның үстіне, бұл интернетте жаңа достар табуға көмектеседі деп сенген.

Бір қызығы, бұл шабуыл жайлы қарапайым тұрғындар ғана емес, жұлдыздар да пікір білдіре бастады.  Мысалы, ғарышқа көлігін жіберген Илон Маскке бөгдеғаламшарлықтармен кездесу идеясы ұнаған. Ол Twitter желісіндегі парақшасында осыған қатысты мем салып, оған "SpaceX-тің өз 51-аймағы бар, бірақ оның саны 59" деген жазба қалдырған.

Көптеген жұлдыздар бұл акцияға қолдау көрсетті деген ақпарат тараған еді. Бірақ олардың кейбірі фейк болып шықты.

Тұрғындар "51-аймақ" маңындағы қонақүйден нөмір алып қойған

Мұның бәрі жәй ғана әзіл үшін жасалғанын айттық. 1,6 миллион адам 20 қыркүйекте базаға шабуыл жасайды дегенге сену қиын. Бірақ "51-аймаққа" жақын орналасқан шағын қонақүйдің қожайыны Конни Уэст қызық дерегін бөлісті. Ол соңғы уақытта қонақүйге келушілер белсенді бола бастағанын айтады. Қонақүй телефонына хабарласатындар көп екен.

Айтуынша, адамдар 20 қыркүйекке нөмір мен көлік алу үшін қоңырау шалған.


© PacificCoastNews.com/EAST NEWS

Қазіргі уақытта 20 қыркүйекке барлық нөмір сатылып кеткен. Бірақ тұрғындар әлі хабарласып жатыр екен.

"Қонақүй әкімшісі соңғы уақытта хабарласқандардың бәрі 20 қыркүйекке нөмір алып қоюды сұрағанын айтады. Бұл адамдардың бәрі жаңалықты шынайы қабылдаған", - дейді Конни журналистерге.

Әскерилер не дейді?

АҚШ-тың қарулы күштері бұл әзілдің тым алысқа бара жатқанын түсініп, ресми мәлімдеме жасады.

Қарулы күштер өкілі Лора Макэндрюс New York Times басылымына берген сұхбатында "51-аймақты" кез келген тәсілмен қорғауға рұқсат етілгенін айтты. Оның сөзінше, әскери-әуе күштері өз базасын қорғауға дайын. Тіпті, оқ атуға да рұқсат етілген.

Себебі энтузиастардың кез келген қадамы қауіп деп саналады. Сондықтан, Макэндрюс бұл аймаққа жақындамауды сұрады. Айта кетейік, қазір "51-аймақтың" маңында тақтайшалар ілінген. Онда база аймағына енуге болмайтынын, оқ атылуы мүмкін екені жазылған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная