Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 июля 2018 13:17

Әлем елдері ұрыларды қалай жазалайды?

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hodor.lol © hodor.lol

Алматыда соңғы он жылда қылмыс деңгейі төрт есе өскен. Бұл ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми деректері. Сонымен қатар, Алматыда соңғы кездері ұрлық жасау қылмысы жиі тіркеліп, жиі айтылатын болды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл мәселеге қатысты түрлі уәжді алға тартатын болған. Алайда солардың басым бөлігі біздің елдегі жазаның жеңілдігіне қатысты. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі "Әлем елдерінде ұрылар қалай жазаланады?" деген сұраққа жауап іздеп көрді.


Алматыда соңғы он жылда қылмыс деңгейі төрт есе өскен. Бұл ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми деректері. Сонымен қатар, Алматыда соңғы кездері ұрлық жасау қылмысы жиі тіркеліп, жиі айтылатын болды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл мәселеге қатысты түрлі уәжді алға тартатын болған. Алайда солардың басым бөлігі біздің елдегі жазаның жеңілдігіне қатысты. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі "Әлем елдерінде ұрылар қалай жазаланады?" деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Иран


© ribalych.ru

Иранда бірінші рет ұрлық жасаған ұрының оң қолының төрт саусағы кесіледі. Екінші рет қайталаса сол аяғының табанының жартысынан айырылады. Үшінші рет ұрлық жасаса түрмеге қамалады. Ал төртінші рет - соңғы, қаладағы орталық алаңға шығарып, көпшіліктің алдында дарға асылады. Айта кетейік, бұл елде ұрылар көпшіліктің алдында жазаланады, олар қылмыстың және жазаның деңгейіне қарамастан, яғни, ауыр немесе жеңіл қылмыс жасаса да халықтың алдында тиісті жазасын алады. Осының нәтижесінде, Иранда ұрлықтың қылмыстар арасындағы көрсеткіші төмендеген.

Біріккен Араб Әмірліктері

Біріккен Араб Әмірліктерінде ұрлық жасаған адамның қолын кесу жазасы әлі де бар. Бұл елде бірінші ұрлығы үшін ұрының бір саусағының жартысы кесіледі. Екінші рет қайталаса бір саусағы, үшінші рет ұрлық жасаса қолы кесіледі. Бұл жаза БАӘ-ге көршілес елдер де бар.  

Қытай

Қытайда да ұрылардың саусағы мен қолын кесу жазасы болған. Алайда қазір ҚХР Қылмыстық Кодексіне сәйкес, ұрыларды жасаған қылмысының ауырлығына қарай 3-10 жылға бас бостандығынан айыру және айыппұл салу, өмір бойына түрмеге жабу, өлім жазасын беру, мүлкін тәркілеу сияқты жаза түрлері тағайындалады.

Солтүстік Корея

Солтүстік Кореяда қылмыстың бірқатар түрі үшін өлім жазасы беріледі, сол қылмыстардың арасында ұрлық бар. Ұры көпшіліктің алдында атылады.


© bagnet.org

Нигерия

Нигерияда ұрлық жасаған адамның оң қолы кесіледі. Егер ол бір қолмен қалса да қылмысын қайталап, екінші мәрте ұрлық жасайтын болса, сол қолынан да айырылады.


© dropi.ru

Ресей 


© Александр Чиженок/Коммерсант

Ресей тарихында қылмыскерлерді ауыр жазалаудың бірқатар түрі болған. Әсіресе, ұрыларды жазалауда билікке келген әр патша өзінше өзгеріс енгізіп отырған. Шыбықпен сабау, мұрын, құлақ кесу, табанға шеге қағу, маңдайына "В" әрпін күйдіріп басу ("вор" деген сөз). Ал қазір Ресей Федерациясының заңына сәйкес, қылмыстың ауырлығына қарай 5 жылға дейін мерзімге қоғамдық еңбекке жегу, айыппұл салу, бас бостандығын шектеу және 2-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары бар.

Жапония

Жапония елінде де ұрылардың қолы кесіледі. Бұл елде қол алысып амандасуға болмайды және кейбір деректерге сенсек, ұрлық үшін жазалау мен амандасудың арасында тығыз байланыс бар. Есесіне, ұзақ уақыттан бері күшін жоймай келе жатқан жазаның нәтижесі шексіз. Қазіргі таңда Жапония - әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі. Бұл елдің тұрғындары үйлерін, көліктерін кілттемей, сауда орындары да тауарларын қараусыз қалдыратын көрінеді. 

Қазақстан

Әлемде ұрлық үшін қатаң жаза қолданатын елдер жетеікрл. Ал Қазақстанның Қылмыстық Кодексіне сәйкес, ұрлық жасаған адамға қылмысының ауырлығана қарай түрлі мөлшерде айыппұл салынады, 3-10 жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе 3-10 жылға сотталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ұрыларды ауыр жазалап, қоғамда кімнің ұры екенін айшықтау мәселесі қозғалған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети