03 июня 2020 | 14:50

Әлем елдерінде жануарлардың құқығы қалай қорғалған?

© Reuters

Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адамның әрекеті Қазнетті дүрліктірді. Желі қолданушылары осы жағдайға байланысты түрлі пікір жазды: бірі ер адамның өзін осындай қастандықпен қинау керек десе, енді бірі Қазақстанда жануарлардың құқығы қорғалмағанын айтып қынжылды. Ал әлем елдерінде жан-жануарлардың құқығы қалай қорғалған? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адамның әрекеті Қазнетті дүрліктірді. Желі қолданушылары осы жағдайға байланысты түрлі пікір жазды: бірі ер адамның өзін осындай қастандықпен қинау керек десе, енді бірі Қазақстанда жануарлардың құқығы қорғалмағанын айтып қынжылды. Ал әлем елдерінде жан-жануарлардың құқығы қалай қорғалған? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Нидерланд - жануарларды циркте қолдануға тыйым салынған

Реклама
Реклама

Нидерландта жануарлар құқығы туралы заң бар. Елде 2015 жылы 15 қыркүйектен бері жануарларды циркте қолдануға тыйым салынған. Яғни, арыстан, аю, піл және керіктерді көңіл көтеру мақсатында циркта қолданылмайды. Себебі жаттықтырушылар жануарлар белгілі бір әрекетті орындауы үшін оларды ұрып соғатын көрінеді. Одан бөлек, Нидерланд - үйсіз жануарлары жоқ алғашқы ел. Ол үшін жергілікті билік бірнеше

- Жануарлардың құқығын қорғау;

- Жануарларға нашар қарым-қатынас жасағаны үшін жаза қарастырылған: үш жылға бас бостандығынан айыру және 17 мың еуро айыппұл (7,6 миллион теңгедей).

- Сондай-ақ міндетті түрде жануарларды жаппай зарарсыздандыру жүргізіледі.

Германия - "Жануарлар қорғаушысы" мамандығы бар 

Германия жануарлардың құқығы 2002 жылдан бері Конституция бойынша қорғалған алғашқы ел. Сонымен қатар, Германияда "Жануарлар қорғаушысы" мамандығы бар екен. Одан бөлек, жануарларды эвтаназияциалауға (емделмейтін, дауасыз ауру жануардың не адамның өз еркімен өлімге мойынсұнуы) тыйым салынған.

Италия - 10 мың еуро айыппұл

Италияда ит пен мысықты тастап кеткендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған: бір жыл бас бостандығынан айыру және 10 мың еуро көлемінде айыппұл. Турин қаласында жануарлардың иесі оны күніне үш реттен аз серуендетсе 500 еуро айыппұл салынуы мүмкін. Бір қызығы, Италияда жануарлардың түгін не жүнін түрлі түске бояуға тыйым салынған екен. Одан бөлек, Туринде пластик пакетке салынған "алтын" балықты сатуға болмайды.

Австрия - балапандарды торда ұстауға болмайды

Австрияда балапандарды тар торда ұстау, үй жануарларын арқанмен байлау қылмыс болып саналады екен. Одан бөлек, иттерді шынжырға байлап, қарғыда ұстауға тыйым салынған. Күшіктер мен мысықтарды ауасы тар зоодүкендерде ұстауға болмайды. Аталған ережелерді бұзғандарға 2 мың мен 15 мың доллар аралығында айыппұл салынады.

Греция - жануарды ұрлағандар алты айға түрмеге қамалады

Грецияда жануарлардың құқыған қорғау туралы заң 2012 жылы қабылданған. Оның ішінде:

- Жануарларды көңіл көтеру мақсатында қолдануға;

- Оларды чиптеуге;

- Жануарларды сату туралы хабарландыру жазуға тыйым салынған;

- Жануарларды ұрлаған адамдар алты айға түрмеге қамалып, үш мың еуро көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Үй жануары жоғалып кеткен жағдайда қожайыны оны бес күн ішінде хабарлауы керек. Егер адам жануарға қарайласа алмаса оны муниципалитетке тапсыра алады. Ал жануарға қастандық жасаған адамдарға прокурор үй жануарын тәркілеп, алдағы таңда үй жануарын ұстауына тыйым сала алады. Жануарларға қастандық жасаған адамға да арнайы жаза қарастырылған: бір жыл бас бостандығынан айырылып, 15 мың еуро айыппұл төлейді.

Үндістан - дельфиндердің құқығын мойындаған ел

Үндістанда жануарлар дүниесін қорғау туралы заң қатаң заңдардың бірі. Мысалы 2011 жылдан бері елде жануарларға қастандық жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оған жаза ретінде 10 мың мен 25 мың рупий арасында айыппұл (53 мың мен 133 мың аралығы) салынуы мүмкін не екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады екен. Қылмыс қайталанған сәтте айыппұл көлемі екі есе өседі. Одан бөлек, Үндістан - дельфиндердің құқығын мойындаған алғашқы ел. Яғни, бұл елде дельфиндер "адам қатарына жатпайтын табиғи тұлға" деп қарастырылады. Елде дельфинарий ашуға және дельфиндерді еркінен тыс ұстауғы болмайды екен. Сондай-ақ Үндістан - жануарларға косметикалық сынама жасауға тыйым салған Оңтүстік Азиядағы алғашқы ел.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная