07 октября 2020 | 14:18

Әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы қандай?

Фото © Әлихан Сариев

Қазақстанда екі миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина тегін салынатыны хабарланған. Ал қалған 16 миллионы вакцинаны сатып алады. Ал вакцинаның құны қанша болады? Tengrinews.kz тілшісі әр елдегі вакциналардың бағасына шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда екі миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина тегін салынатыны хабарланған. Ал қалған 16 миллионы вакцинаны сатып алады. Ал вакцинаның құны қанша болады? Tengrinews.kz тілшісі әр елдегі вакциналардың бағасына шолу жасады.

Қазақстан

Реклама
Реклама

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық сынағы биыл қарашада аяқталады деп хабарланды. Егер вакцина тиімді әрі қауіпсіз болса, ол жаппай сатылымға шығарылады.

"Бұл вакцина қымбат болмайды. Бұған дейін әріптестеріміз оның өзіндік құны 2-3 доллар (860-1300 теңге) болатынын айтты", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой брифингте.

Қазақстандық вакцинаның алғашқы сынақтары сәтті өткен. Енді бірінші және екінші клиникалық сынақты қарашада аяқтауды жоспарлап отыр. Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина QazCovid-in деп аталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны мамырда "үміткер вакциналар" тізіміне қосқан. Ал тамызда клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берген еді.

Қазіргі уақытта елімізде вакцина өндіретін зауыт салынып жатыр. Сол арқылы үкімет тұрғындардың бәріне вакцина жетеді деп сеніп отыр.


Фото:elements.envato.com

Ресей

Қазір Ресейде де коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатыр. Ресейлік вакцинаға "Спутник V" деген атау берілген.

"Р-Фарм" компаниясы директорлар тобы кеңесінің төрағасы Алексей Репиктің айтуынша, вакцинаның жаппай өндірісіне дайындық процесі қазір қызу жүріп жатыр. Оған деген сұраныстың үлкен болғаны соншалық, ресейлік биотехнологиялық компаниялардың барлық қуаты жұмылдырылған.

"Россия 24" телеарнасы берген сұхбатында ол жыл соңына қарай бірқатар елге вакцина дозаларын жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Алексей Репик, сонымен қатар, ресейлік вакцинаның құны туралы айтты. Екі дозаны сатып алу үшін кем дегенде 10 доллар (4300 теңге) қажет, деді ол.

"Егер біз экспорттық нарықтар туралы айтсақ, онда екі дозаның бағасы кем дегенде 10 доллар болады. Кем дегенде бірінші серия айтарлықтай қымбатқа түседі", - деді ол.

Ол вакцина өндірісі жеткілікті көлемге жеткенде бағасы төмендейтінін атап өтті.

Қытай

CGTN мәліметінше, биыл желтоқсанда Қытайда да COVID-19-ға қарсы вакцина сатылымға шығады деп жоспарланып отыр. China National Biotech Group компаниясы қазір бірден екі вакцина әзірлеп жатыр.

Вакциналар БАӘ, Бахрейн, Перу, Марокко, Аргентина және Иордания секілді 10-нан аса елде қауіпсіздік және тиімділік бойынша үшінші кезеңнен өткізіліп жатыр.

"Вакцинация алған он мыңдаған адам COVID-19 инфекциясының қаупі жоғары елдер мен аймақтарға аттанды. Осы уақытқа дейін олардың ешқайсысы вирус жұқтырмаған, бұл вакциналардың тиімділігін дәлелдейді", - деді CNBG өкілі Чжоу Сун.

Клиникалық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, инактивтендірілген CNBG вакцинасының екі дозасын алған адамдарда екі-төрт аптадан кейін антиденелер дами бастаған.


Фото:elements.envato.com

China National Biotech Group жылына 300 миллион доза жасай алады. Үш-алты айда вакциналар өндірісін 1,3 миллиард дозаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін қосымша қуаттар іске қосылмақ.

Қытайлық вакциналардың екі дозасының бағасы мың юаньнен (63,5 мың теңге) аспайтыны хабарланды.

АҚШ

Financial Times мәліметінше, америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясы өз вакциналарының екі дозасын 50-60 долларға (21-26 мың теңге) бағалап отыр.

Бұған дейін Moderna компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңін бастағаны туралы хабарланған болатын. Компанияның вакцина жобасын АҚШ-тың федералды үкіметі қолдады. Үкімет бұл жобаға 500 миллион долларға жуық қаражат бөлген. Компанияның вакцинасы енді адамдарға да сыналады деп жоспарланып отыр.

FT мәліметіне сүйенсек, компания АҚШ-қа және басқа да "жоғары табысты" елдерге вакцинасын 50-60 долларға сатпақ. Бірақ Moderna өзінің вакцинасын арзандатуы мүмкін, себебі Pfizer және BioNTech компаниялары коронавирусқа қарсы өздері әзірлеген вакцинаның әр дозасын 19,5 (8 400 теңге) долларға бағалаған. Сондықтан, бұл компаниялар АҚШ билігімен 600 миллион доза сату туралы келісімге келген.


Фото:elements.envato.com

Еуропа

Еуропа елдері де COVID-19-ға қарсы өз вакцинасын дайындап жатыр. Оксфорд университеті, AstraZeneca компаниясы және италиялық Irbm of Pomezia зерттеу орталығы бірігіп, вакцина әзірлеген. Оның атауы - ChAdOx1.

Irbm of Pomezia президенті Пьеро Ди Лоренцо Libero газетіне берген сұхбатында бұл вакцина 2021 жылдың қаңтарында сатылымға шығарылатынын айтқан.

Бұл вакцина ең алдымен коронавирус жұқтыру қаупі жоғары адамдарға беріледі деп жоспарланып отыр.


© Тұрар Қазанғапов

Irbm of Pomezia президентінің айтуынша, вакцинаның 30 миллион дозасы шығарылады, оның құны - 2-3 еуро (1000-1500 теңге). Ол вакцинация жедел қарқынмен жүретініне сенімді, сондықтан 12 ай ішінде "планета вирусты жояды".

Алдын ала келісімдерге сәйкес, ChAdOx1 вакцинасы алдымен Италия мен Ұлыбританияда, содан кейін Нидерланд, Франция мен Германияда сатылады.

Ұлыбританиялық-швециялық AstraZeneca компаниясы да өз вакцинасын әзірлеген. Бұл компания өз вакцинасын Нидерланд, Германия, Франция мен Италияға жеткізуге келісімге келген. Оның бағасы 3-4 (1300-1700 теңге) доллар болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная