25 мая 2020 | 17:02

Алматы блокбекеттеріндегі ұзын-сонар кезек проблемасын шешу жолы айтылды

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz оқырмандары

Алматы қаласында блокбекеттердегі ұзын-сонар кезек мәселесі планшет сатып алу және жұмысқа адам тарту арқылы шешілмек. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов Almaty телеарнасында өткен онлайн брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласында блокбекеттердегі ұзын-сонар кезек мәселесі планшет сатып алу және жұмысқа адам тарту арқылы шешілмек. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов Almaty телеарнасында өткен онлайн брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде блокбекеттерде полиция департаментінің 700 қызметкері жұмыс істейді. Олар екі, кейде үш ауысыммен 22 бекетте тұрады. Бір бекетке 10 адамнан келеді деуге болады. Бірақ шын мәнінде олай емес. Себебі бізде блокбекеттерден бөлек олардың арасында периметр бар. Оларда да полиция департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлері жұмыс істейді. Алматыда рұқсат берілген салалардағы жұмысына келетіндердің саны артты. Қалаға келетін көліктер де көбейді. Біз әр блокбекетте планшеттерді көбейттік. Ол арқылы блокбекеттен адамдар мен көліктердің деректері тескеріледі. Бүгін-ертең бұл мәселе шешіледі", - деп сендірді Қожағапанов. 

Реклама
Реклама

Алматыда блокбекет маңында жиналған жұрт видеоға түсірілді.

Оның айтуынша, өтетін адамдарды тексеретін планшет сатып алудан бөлек, блокбекеттерде жұмыс істейтін адамдар көбейеді.

"Азаматтарымызды жағдайға түсінікпен қарауды сұраймыз. Қалаға тек Алматы қаласында рұқсат етілген салаларда жұмыс істейдін адамдар кіре алады. Олар өте көп, 250 мыңға жуық адам базаға тіркелген. Бұдан бөлек қала сыртындағы жағажайға блокбекет арқылы өтеді. Біз бұл мәселені планшеттерді және блокбекетте тексеретін адамдарды көбейту арқылы шешеміз", - деді ол.

Мұның алдында Алматыда карантин жеңілдетілгеннен кейін бірнеше саланың жұмысы жанданғаны хабарланған. Содан соң қалаға кіріп-шығатындарды тексеретін блокбекеттерде 6-7 сағат кезекте тұратындар көбейді.

Еске салайық, Алматыда 2201 адам коронавирус жұқтырған. Ал елімізде жұқтырғандар саны 8531-ге жетті. Айыққандар - 4400, қайтыс болғандар - 35.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная