ПОДЕЛИТЬСЯ
20 апреля 2020 | 16:41
"Әр деміміз үшін күресеміз". COVID-19 жұқтырғандар ауруға сенбейтіндерге үндеу жасады
Әлемде COVID-19 індетін 2,5 миллионға жуық адам жұқтырса да, коронавирусты тұмаудың бір түрі деп есептейтіндер бар. Соларға арнап дүниежүзінің түкпір-түкпірінде вирус жұқтырғандар үндеу жариялаған. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жұқтырған адамдардың COVID-19 туралы не айтқанын баяндайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлемде COVID-19 індетін 2,5 миллионға жуық адам жұқтырса да, коронавирусты тұмаудың бір түрі деп есептейтіндер бар. Соларға арнап дүниежүзінің түкпір-түкпірінде вирус жұқтырғандар үндеу жариялаған. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жұқтырған адамдардың COVID-19 туралы не айтқанын баяндайды.
"Өміріңді өкпеңнен шығарып алуға тырысады"
Ирландиялық пастор Марк Макларг коронавирус кезінде басынан не өткергенін толық айтып берді. Ол видеоүндеуін Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған.
"Мен коронавируспен бір апта бойы күресіп келемін. Маған Ольстер ауруханасының реаниматологтары көмектесіп жатыр. Бұл коронавирус өлімге әкеледі, ол өте қауіпті. Коронавирус сені өлтіргісі келеді. Ол тыныс алмауың үшін бүкіл өміріңді өкпеңнен шығарып алуға тырысады. Мен бүгінгі таңда әлі тірі екеніме шексіз ризамын. Бұл сіздерге қатысы жоқ деп ойламаңыздар. Бұл - коронавирус, бұл тұмау немесе жөтел деп бір сәтке де ойламаңыз", - дейді ол видеоүндеуінде.
Макларг коронавирус жұқтырған адамның әр тыныс үшін күресетінін айтады.
"Маған қарап, тыңдаңыз. Егер сіз коронавирус жұқтырсаңыз, сіз интенсив терапия бөліміне хабарласуыңыз керек. Әр тыныс үшін күресуге дайын болыңыз. Дәл қазір ұлттық денсаулық сақтау жүйесін қолдау қажет. Өз үлесіңізді қосыңыз - үйде болыңыз. Әлеуметтік қашықтықты ұстаныңыз. Жақсы көретін адамдарыңызға, достарыңызға, көршілеріңізге қоңырау шалыңыз. Ақылды болыңыз, мейірімді болыңыз", - дейді Марк Макларг.
Пастор үндеуінің соңында Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметіне сеніп, қолдау көрсетуге шақырды.
"Әжетханаға барсам, марафон жүгіргендей күй кешемін"
Ұлыбританияның коронавирус жұқтырған тағы бір тұрғыны - 39 жастағы Джастин есімді азамат. Ол аурудың қалай өтіп жатқанын Twitter желісіндегі парақшасында жазып отырған.
Оның мәлімдеуінше, қант диабетімен ауыратын ол коронавирус белгілерін 4 наурызда аңғарған. Сол кезде басы мен өкпесі ауырып, тыныс алуы қиындаған. Есінен танып қалған соң Джастин жергілікті ауруханалардың біріне барған.
Бірақ дәрігерлер оның тұмау жұқтырғанын айтып, дәрі мен ингалятор берген.
"Егер жағдайым нашарлай түссе, тағы да хабарласуымды сұрады. Бүгін қайта хабарласуға тура келді. Бүгін тыныс алсам қатты ауырды. Әжетханаға барсам, марафон жүгіріп бара жатқандай күй кешемін", - деді Джастин.
Екінші рет ауруханаға барғанында одан COVID-19 анықталыпты.
I have it. Don’t sleep on this thing people. I’m a very healthy type I diabetic. My body is fighting it very well but it’s kicking my ass. Don’t be a moron. Stay home! pic.twitter.com/X0Lb2FYE6z
— Justin (@jwdaddy80) March 17, 2020
Ұлыбртаниялықтың айтуынша, оның өкпесі қатты ауырады. Ал ингалятор қолданса, ауру асқына түседі екен.
Джастин Twitter-парақшасында "ақымақ болмай, үйде отыруға" шақырған.
"Өзімді ешқашан бұлай нашар сезінбеппін"
22 жастағы америкалық Эми Ширсель де Twitter желісіндегі парақшасында коронавирустың қалай өтіп жатқанын баяндап отырады. Айтуынша, ол Еуропаға барып келгеннен кейін жағдайы нашарлаған. Басында қызуы көтеріліп, жөтелген. Ал бірнеше күннен соң жағдайы нашарлай түскен - тәбеті жоғалып, ұйықтай алмаған.
Содан төртінші күні коронавирус жұқтырғанын білген. Ол кезде жүрегі айнуды бастаған.
"Бесінші күн. Жағдайым одан сайын нашарлап барады. Өзімді ешқашан бұлай нашар сезінбеппін", - деп жазды ол.
5th day. Things got worse and worse. I had never been this ill in my entire life. I was genuinely afraid I would die, because that is what it felt like.
— Amy (@AmyShircel) March 28, 2020
Ол вирусты тек қарт адамдар ғана жұқтырады деп ойлайтындарға үндеу жасады.
"Жасыңыз 20-да болса, вирустың сізге әлі жетпейді деп ойламаңыз. Жәй ғана маған қараңыз", - деді 22 жастағы Эми.
Эми Ширсель қазір өзін жақсы сезінеді. Америкалық қыз соңғы посттарында онлайн-дәріске қатысып жүргенін жазған.
"Өкпемде әйнек сынықтары бар сияқты"
Лондонның 39 жастағы тұрғыны Тара Джейн Лэнгстон да ауруханада жатып видеоролик түсірген. Ол жағдайы туралы баяндап, видеоны жұмыстағы әріптестеріне жіберген. Кейін видеоны Daily Mail басылымы жариялады.
Лэнгстонның айтуынша, ол 13 наурызда ауруханаға келген, екі күннен соң одан коронавирус табылған.
"Маған қараңыздаршы, мен жан сақтау бөлімінде жатырмын және түтіксіз тыныс ала алмаймын. Маған катетер қосылған. Мұнда канюля бар, міне тағы бір канюля. Бұл менің өзімді бұрынғыға қарағанда 10 есе жақсы сезінгендегі жағдайым", - дейді ол.
Лэнгстон әңгіме барысында жиі жөтеліп, ауыр тыныс алып тұрады. Ол Daily Mail-мен әңгімесінде тыныс алуы өте қиын екенін айтқан.
"Өкпемде әйнек сынықтары бар сияқты. Түсіндіру қиын. Әр деміміз үшін күресуімізге тура келеді. Бұл қорқынышты екен. Өмірімде мұндай жағдайдан қайта өткім келмейді", - деді науқас.
Тара Джейн Лэнгстон сақтық шараларын сақтауға шақырып, "менің орнымда болмаңыздар" деп тіледі.
"Жаным қиналып жатыр". Дәрігерлер коронавирусқа сенбейтіндерге үндеу жасады
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также