19 июля 2019 | 12:45

Авиациядағы тылсым оқиға: Boeing рейсіне қатысты сұмдық нұсқалар шықты

© Meaww

Осыдан 5 жыл бұрын "Boeing" MH370 рейсі із-түссіз жоғалған еді. Әлі күнге дейін бұл ұшақтың қайда екені жұмбақ. 2014 жылы 8 наурызға қараған түні Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағыт алған рейс Вьетнам әуе кеңістігіне кірген кезде жоғалып кетті. Рейсте барлығы 239 адам - 12 экипаж мүшесі мен 227 жолаушы болған. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаға қатысты жаңа деректерді жинап, осы күнге дейін айтылған болжамдарға шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Осыдан 5 жыл бұрын "Boeing" MH370 рейсі із-түссіз жоғалған еді. Әлі күнге дейін бұл ұшақтың қайда екені жұмбақ. 2014 жылы 8 наурызға қараған түні Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағыт алған рейс Вьетнам әуе кеңістігіне кірген кезде жоғалып кетті. Рейсте барлығы 239 адам - 12 экипаж мүшесі мен 227 жолаушы болған. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаға қатысты жаңа деректерді жинап, осы күнге дейін айтылған болжамдарға шолу жасады.

Жоғалған ұшаққа байланысты сарапшылардың пікірі 

Реклама
Реклама

Малайзияның экс-премьер министрі Махатхит Мохамад 8 наурызда жоғалып кеткен Malaysia Airlines-тың МН370 рейсіне байланысты өз тұжырымдарын сұхбаттарының бірінде айтқан. 92 жастағы саясаткердің ойынша бұл іске АҚШ Орталық барлау басқармасының қатысы бар.

"Біреу бір нәрсені жасырып отыр. Бұл іс халықаралық тергеуді қажет етеді!", - дейді саясаткер.

Мохамад Малайзия астанасы Куала-Лумпурда жұмбақ жағдайда жоғалған МН370 рейсіне байланысты бұдан бөлек 20-ға жуық болжамдар естіген.

"Аэропорттағы таксисттың ойынша экипажды біреулер басып алған. Негізгі мақсаттары - жоғалып кеткен жолаушылардың сақтандыруды төлемдерін алу. Ал сақтандыру компанияларының төлемдері 600 миллион долларды құраған", - дейді ол. 

Махатхит Мохамад естіген келесі болжам Петалинг көшесінде кәдесый сатушының ойы. Саудагердің ойынша ұшақты америкалықтар жойып жіберген. Себебі Boeing Солтүстік Кореяның тапсырмасымен ядролық зымыранға қажетті материалдарды тасымалдаған дейді.

Қорғаушы Абрахам Чэнг Малайзия билігі бұл оқиғаға байланысты үшінші тұлғалардың қатысуы мүмкін деген жорамалға мән бермей отыр деп есептейді.

"Егер мұндай нұсқаларды "сары басылымдар" жазса түсінер едім. Бірақ елдің бұрынғы көшбасшысы электронды ұрлау туралы айтса, мұндай болжамдар мұқият тексеруді қажет етеді. Ал бұл жалғыз ғана оқиға емес", - дейді Абрахам Чэнг.


© globallookpress.com

Қорғаушының айтуынша, ұшақтағы жолаушыларды өлтірген деген күдікті, "Boeing" ұшқышы Захари Ахмад Шахқа ұшар алдында белгісіз әйелден қоңырау түскен. Алайда полицейлер ол SIM-картасын жалған құжаттармен сатып алғандықтан, оның кім екенін анықтай алмаған. Оқиғаның мән-жайы ары қарай тексерілді ме? Жоқ, ешкім бас қатырмаған.

"Proteus Airlines" әуе компаниясының экс-басшысы Марк Дуген апатқа АҚШ Әуе қорғаныстарының қатысы бар деген ойда.

"Америкалықтардың ойынша ұшақты исламистер басып алып, Диего Гарсияның әскери базасына соғылған”, - дейді басшы.

Тағы бір маман құжаттарға сүйене отырып: "Апатқа ұшыраған бұл малайзиялық ұшақта АҚШ-тың "Freescale Semiconductor" компаниясының 20 қызметкері болған. Американың бұрынғы барлау қызметінің мүшесі Эдвард Сноуденнің мәлімдеуінше, Қытайға электронды тыңшылық жасау үшін Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің құпия жабдықтарын әзірлеген. Қанаттың бөлшектері, экипаждағы ішкі бөлшектері табылған. Бірақ ешбір жерде адам іздері жоқ. Бұл қалай болуы мүмкін?", - дейді маман. 

Ал журналист Ахмед Сахими жоғалған ұшаққа байланысты тергеу жұмыстарын циркке теңеген.

"Сегіз ай бойы тергеушілер ұшақтағы 4,5 тонналық экзотикалық жеміс мангустиндерді зерттеген. Еш зиянсыз жемістердің қалайша ұшақ апатына себеп болғаны әлі белгісіз", - дейді журналист Ахмед Сахими.

2015-2016 жылдары ұшақтың бөлшектері "Boeing" жоғалды деп болжанған аумақтан 4000 шақырым қашықтықта орналасқан Африка жағалауларынан табылған. Ұшақ әуеде жеті сағат бойы ұшып, спутник қоңыраулары қосулы бола тұра әуе диспетчерлерінің сұрауына жауап бермегені әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. 


©REUTERS

"Қайырлы түн, 370 рейс"

"MH370 Хошиминмен жұмысты жалғастырыңыздар, қайырлы түн 120,9", - деді диспетчер. Рейсте барлығы 239 адам - 12 экипаж мүшесі мен 227 жолаушы болған.

"Boeing" сағат 00:42-де ұшып кеткеннен 37 минут өткенде байланысқа шықпай, "Қайырлы түн, 370 рейс" деген суық хабарламаны жіберген", - дейді қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Юсуф Асаддин. Ол ұшақ әуеде бірнеше сағат бойы тұрып, радардан жоғалып кеткеніне сену қиын дейді.

"Бізге басынан ақпараттың бір бөлігін ғана айтып, жалған хабар таратып жатыр. Үкімет шынайы ақиқатты емес, миға қонымсыз экзотикалық нұсқаларды ғана айтып жатыр", - дейді сарапшы.

"Boeing" байланысқа шықпағанан кейін ұшақ экипаж кінәсінен немесе техникалық ақауларға байланысты апат болды деген болжам айтылды. Ешқандай апат іздері табылмаған соң экипаждың соңғы қоңырауынан кейін әуе кемесінің орны мен оның сәйкестендіру деректері туралы ақпаратты тасымалдайтын транспондерлік құрылғыларды біреу ажыратқаны анықталды. Зерттеулер транспондерлік құрылғылар ажыратылғаннан кейін, лайнер бағытын өзгерткенін көрсеткен. 

Істі Франция қолына алды

Деректердің барлығы бір тұжырымды көрсетеді: ұшақ шынымен де апатқа ұшыраған. Бірақ, "қалай?" және "не үшін?" деген сұрақтардың жауабы әлі табылмады. Ұзақ жылдар бойы авиациялық оқиғаларды тергеу саласында жұмыс істеген тәжірибелі мамандар MH370 апатын әлемдік авиация тарихындағы ең қиын жұмбақ дейді.

Францияның тергеу органдары француз инженері Гислен Ваттрелостың сұрауынан кейін істі өз қолдарына алды. Себебі ұшақ жолаушылары арасында оның әйелі мен екі баласы болған. Ендігі кезекте ол қалайда шындықтың көзін ашуға тырысатынын айтқан. Француз тергеушілеріне мұның барлығына шамамен 1 жылдай уақыт қажет. La Parisien дереккөзінің зерттеулері ұшақта соңғы сәтке дейін біреу болған деп нақты сеніммен айтып отыр.

Ең басты күдіктілердің бірі - "Boeing" ұшқышы Захари Ахмад Шах

Ұшақты 53 жастағы Захари Ахмад Шах және екінші пилот 27 жастағы Фарик Абдул Хамид басқарып отырған. Екінші пилот ешқандай күдік тұғызбады. Себебі, бұған дейін ол күмәнді әрекеттермен көзге түспеген. Оған қоса, жақында тойы болуы керек еді.

Захари Ахмад Шахтың өмірбаянын зерттеген тілшілер оның әйелімен ажыраспағанын анықтаған. Алайда ол жарымен бөлек тұрған. Балалары өз бетінше өмір сүретін ересек адамдар. Сондай-ақ тергеу барысында Захари Ахмад Шахтың оппозицияны қолдайды және Малайзия билігіне қарсы наразылық акцияларына қатысқан деген ақпарат пайда болды.


"Boeing 777" командирі Захари Ахмад Шах

Ахмад Шах біреудің тапсырмасын орындады немесе психопатиялық ауруға ұшырап, ұшақты жолаушылармен қоса мұхитқа құлатып, өз-өзіне қол жұмсаған деген күдік бар. Себебі мұндай оқиғалар бұрындары да болған.

1997 жылы "SilkAir" рейсінде 104 адам, 1999 жылы "EgyptAir" ұшағында 217 адам есінен адасып, өз-өзіне қолжұмсаған пилоттардың кесірінен қаза тапқан болатын.  Айта кетейік, "Boeing" оқиғасынан кейін 2015 жылы "Germanwings" ұшқышы Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алғанда қасақана тауға соғылып, 150 адамның өмірін қиған. Сондықтан, есінен адасқан ұшқыштарды да күдікті ретінде назардан тыс қалдырмау керек, дейді сарапшылар.

Захари Ахмадқа байланысты жаңа деректер ай сайын шығып жатыр. "The Atlantic" басылымы 2019 жылдың маусым айында қолда бар тергеу материалдарына негізделе отырып, жолаушылар ұшақ құлағанға дейін қайтыс болғанын жазады. Осы нұсқа бойынша Захари Ахмед Шах екінші ұшқыштан құтылып немесе экипаж салонына әдейі жіберді деген ой бар. Бұдан кейін командир байланыс жүйесін ажыратып, ұшу бағытын өзгерткен. Ұшақты 12 шақырым биікке көтерген.

Мұндай жағдайда оттегі маскалары кабинаға түседі, бірақ олардың жарамдылығы тек 15 минутқа ғана жетеді. Ал ұшқышқа кабинадағы оттегі бірнеше сағатқа жетеді. Нәтижесінде, командирден басқа әуе кемесінің бортында болғандар жарты сағаттың ішінде қайтыс болды. Осыдан кейін Захари Ахмад Шах ұшақтың қысымын қалпына келтіріп, борт электроникасн ішінара ауыстырған. Нәтижесінде ұшқыш жерге жалғыз өзі қонған.

Айта кетейік, бұл тілшілердің қолда бар тергеу материалдарына негізделе отырып жасаған болжамы. Авиация ұшқыштар жолаушылар отырған рейсті қасақана құлатқан кездердің болғанын біледі. Алайда, Захари Ахмад Шахтың кінәсін дәлелдеу үшін маңызды дәлелдемелер қажет. Ал олар табыла ма, жоқ па, белгісіз.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная