24 августа 2021 | 14:31

Балаларды қалқан еткен, танымал әзілкеш өлтірілген. Ауғанстанда не болып жатыр?

Фото: REUTERS

Қазіргі уақытта Ауғанстандағы жаңалықтың дені тәліптердің озбырлығына қатысты болып тұр. Бірі оларды балалар мен қарттарды қалқан ретінде пайдаланды деп айыптаса, құқық қорғаушылар ауғанның танымал әзілкеші содырлар қолынан қаза тапқанын айтып отыр. Tengrinews.kz тілшісі Ауғанстанда болып жатқан кейінгі жаңалықтарды баяндайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі уақытта Ауғанстандағы жаңалықтың дені тәліптердің озбырлығына қатысты болып тұр. Бірі оларды балалар мен қарттарды қалқан ретінде пайдаланды деп айыптаса, құқық қорғаушылар ауғанның танымал әзілкеші содырлар қолынан қаза тапқанын айтып отыр. Tengrinews.kz тілшісі Ауғанстанда болып жатқан кейінгі жаңалықтарды баяндайды. 

Тәліптер 12 адамнан тұратын кеңес құруы мүмкін

Foreign Policy мәліметінше, "Талибан" көшбасшылары (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) Ауғанстанды басқару үшін 12 адамнан тұратын кеңес құруға ниетті.

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, басқарушы кеңестегі ең ықпалды үш адам - "Талибан" ауған қозғалысының жетекшісі Абдул Ғани Барадар, ауған әскери қайраткері, молда Мохаммад Омардың ұлы Мохаммад Якуб, "Хаккани желісі" тобындағы жоғары дәрежелі тұлға, соңғы 20 жылдағы ең ірі террорлық шабуылдарды ұйымдастырушы, БҰҰ мен АҚШ-тың қара тізіміне енген Халил Хаккани


Фото elgezit.kg сайтынан

Ауғанстанды басқарудың бұл стратегиясы, "Талибан" қозғалысының бұрынғы басшылары, оның ішінде молда Омар да отыруды көздеген "президент" немесе "әмір" сияқты позицияларды қалпына келтіруге жол бермейтіні анық. Алайда мұндай стратегия фракциялық күреске жол ашады, басқарушы кеңестің орталығы Панжердегі халыққа тәліптерге қарсы күресуге мүмкіндік береді.

Басылымның ақпарат көздері мәліметінше, Талибан АҚШ-тың қолдауымен Ауғанстанның бұрынғы үкіметінің кейбір мүшесіне министрліктен орын ұсынады. Содырлар халықаралық қоғамдастық мойындауы үшін әкімшілік құруға тырысады.

Тәліптер балалар мен қарттарды қалқан ретінде пайдаланды ма?

Өзін уақытша мемлекет басшысы деп жариялаған Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салех "Талибан" содырларын балалар мен қарттарды тірі қалқан ретінде пайдаланды деп айыптады. 


©REUTERS

"Тәліптер Андараб алқабына азық-түлік пен жанармай өткізбейді. Гуманитарлық жағдай қиын. Мыңдаған әйел мен бала тауға қашып кетті. Кейін екі күннен бері балалар мен қарттарды ұрлап, оларды қозғалу немесе үйлерді тінту үшін қалқан ретінде пайдаланады", - деп жазды ол Twitter-де.

Сонымен бірге, елден қашқан президент Ашраф Ғани жанындағы ішкі істер министрі болған Мохаммад Масуд Андараби адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдарды Андарабтағы содырлар әрекетін тергеуге шақырды.

"Талибанның бейбіт тұрғындарға қатысты зұлымдықтары ақталмайды", - деп жазды ол Twitter-де.

Елде азық-түлік қымбаттады

Reuters мәліметінше, Кабулда "Талибан" қозғалысы билікке келгеннен кейін, елде азық-түлік бағасы шарықтап кетті, ал банктер әлі ашылған жоқ.

Агенттік мәліметінше, жергілікті тұрғындар Кабулда күнделікті қолданысқа қажетті негізгі азық-түлік өнімдері, мысалы, ұн, май және күріш бірнеше күн ішінде 10-20 пайызға дейін қымбаттады деп шағымданып отыр. Алайда банктер әлі ашылмағандықтан адамдар ақшасын ала алмайды. Western Union кеңселері жабылғаннан кейін шетелден түсетін ақша аударымдары да азайып кеткен.

"Мен мүлде шарасыз күйдемін. Өзімнің қауіпсіздігім туралы ойлаймын ба, балаларым мен отбасымды қалай асырау керегін ойлаймын ба - білмеймін", - деді 260 доллар жалақысынан айырылған бұрынғы полиция қызметкері. 


©REUTERS

Ер адам бір апта бойы әйелінің жүзіктері мен сырғасын сатпақ болғанын, бірақ басқа кәсіпорындар сияқты алтын базарлары да жабылып қалғандықтан, сатып алушы таппағанын айтты.

Жергілікті ауған валютасының долларға шаққандағы құны төмендеп кеткен (1 доллар = 86.02 афгани - еск). Ал негізгі азық-түлік тауарларының бағасы өсіп барады.

"Бәрі бітті. Үкімет қана емес, мен сияқты өмірі айлық жалақыға тәуелді болған мыңдаған адам құлады. Қарт анам ауырып жатыр, оған дәрі керек, ал балаларыма және отбасыма тамақ керек. Бізге Құдай өзі жар болсын", - деді бұрынғы мемлекеттік қызметкер.

Тәліптер америкалық ұшақтар мен тікұшақтарды қолды қылған

Al-Arabiya телеарнасының мәліметінше, "Талибан" бірнеше америкалық ұшақ, әскери тікұшақ пен танкке қарсы зымыранды жаулап алған. 

Телеарна дереккөзінің хабарына қарағанда, тәліптер жаулап алған қару-жарақтың көзін жою мәселесі әлі шешілмеген.

"Тәліптерге ұшақтар мен тікұшақтарды пайдалану қиын болатын шығар, себебі ұшқыштар жоқ. Тәліптерге техникалық қызмет те көрсетілмейді", - дейді дереккөз.  

Al-Arabiya ақпаратына сүйенсек, АҚШ эвакуация бітуін күтіп отыр. Сол кезде әскери қоймаларға соққы жасау бойынша шешім шығарылады


©REUTERS

Тәліптер танымал ауған әзілкешін аяусыз өлтірген

Daily Mail мәліметінше, "Талибан" содырлары ауғанның танымал әзілкеші, Желіде Хаш Цван лақапатымен танылған Назар Мохаммадты аяусыз өлтіріп тастаған. 

Human Rights Watch ақпараты бойынша, Мохаммад шілдеденің аяғында Қандағарда қаза болған, ол кезде тәліптер қалаға соққы жасаған еді. Кейін содырлардың өкілі Забиулла Муджахид әзілкешті атып тастаған екі адам тәліп болғанын растаған. Өкілдің сөзінше, бұл адамдар қамауға алынып, сотталады.   

Басылым мәліметінше, содырлар әзілкешті үйінен алып кеткен. Мохаммад ән мен биі арқылы тәліптерді мазақ етіп, халыққа солай танылған. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная