ПОДЕЛИТЬСЯ
05 августа 2020 | 11:30
Бейруттағы жойқын жарылыс: оқиға қалай болды?
4 тамыз кешкі уақытта Бейруттағы порт маңында жойқын жарылыс болып, оқиға орнынан видеолар әлеуметтік желіде тарай бастады. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан 78 адам қаза тапқан. Ел билігі, бүгін, 5 тамыз - аза тұту күні деп жариялады. Tengrinews.kz тілшісі Ливан астанасындағы жойқын жарылыс туралы баяндайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
4 тамыз кешкі уақытта Бейруттағы порт маңында жойқын жарылыс болып, оқиға орнынан видеолар әлеуметтік желіде тарай бастады. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан 78 адам қаза тапқан. Ел билігі, бүгін, 5 тамыз - аза тұту күні деп жариялады. Tengrinews.kz тілшісі Ливан астанасындағы жойқын жарылыс туралы баяндайды.
Оқиға қалай басталды?
Ливан астанасында болған жарылыс дүние жүзін дүр сілкіндіргені анық. Басында тарсыл естілген, бес минуттан кейін қара және күлгін түтін шықты. Артынша жарылыс болып, қызыл алау аспанға көтерілді. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық, порт маңында орналасқан бірнеше үй қирап, терезесі сынып кеткен. Салдарынан көптеген адам жарақат алған.
Қызыл Крест қызметкерінің хабарлауынша, қираған үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін. Соңғы мәліметтер бойынша, 78 адам қайтыс болған. Одан бөлек, Ливан билігі қайтыс болғандар саны ұлғаюы мүмкін екенін айтады, себебі көп адам із-түссіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар әлі де үйінділердің астынан адамдарды іздеп жатыр.
Қала губернаторының мәліметі бойынша, Бейруттағы ғимараттардың жартысы зардап шеккен.
"Салдары ауыр болып тұр. Бейруттағы ғимараттардың жартысына зақым келді", - деді губернатор.
Ал ауруханада жараланғандар саны көп болғандықтан ине шаншыр жер жоқ. Елдің денсаулық сақтау министрі Мухаммед Хассан Бейруттағы зардап шеккендерді басқа қалаға жеткізуді талап етті.
Бейрут ауруханаларындағы жағдай:
Blood Warning!
— ??.??????ᴹᵃˢᵗᵉʳ (@itz_expiry1) August 4, 2020
Footage from inside the St Joseph hospital in Beirut #Beirut #Lebanon pic.twitter.com/6Wi99z7Xd6
Ал Ливан президенті сәрсенбі, 5 тамыздан бастап үш күн жарылыс салдарынан қайтыс болғандарды аза тұту күні деп жариялады.
Көп ұзамай желіде 1,5 миллионнан аса халқы бар Бейруттағы жарылыс салдарының фотосы мен видеосы жарияланды.
Lebanon: Another video of Beirut Explosion pic.twitter.com/9AJO7Agh1c
— Amichai Stein (@AmichaiStein1) August 4, 2020
ALLAHIM SEN KORU??? #Beirut pic.twitter.com/ogFFFrJv9M
— Arda Büyüktemel (@ArdaByktemel) August 4, 2020
geçmiş olsun #Beirut Allah sonumuzu hayır etsin pic.twitter.com/tPu7OVtMOx
— ARZU (@ank_fs) August 4, 2020
Жарылыстың себептері
Бейрут губернаторы Марван Аббуд жарылысты 1945 жылы жапониялық Хиросима және Нагасаки қалаларында болған ядролық соққымен салыстырды.
Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб Бейрут портындағы жарылыстың себебін айтты. Оның айтуынша, жарылысқа 2014 жылдан бері 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған. Ол осы секілді жарылыс үшін және азот тыңайтқышы ретінде қолданылатын зат.
Премьер осы жағдайға кінәлі адамды таппайынша, оған ең ауыр жазаны беремейінше тынышталмайтынын жеткізді.
"Себебі 2750 тонна аммиак селитрасының партиясы 6 жыл бойы азаматтарға қауіп төндіріп, дұрыс сақталмауына жол беру мүмкін емес", - деді премьер.
Ливанның жетекші телеарналарының бірі LBCI Бейруттағы жарылыстың тағы бір нұсқасын атады. Дереккөз мәліметінше, жойқын жарылыстың болуына кемелердің бірінен бір жыл бұрын тәркіленген натрий нираты себеп болуы мүмкін.
Одан бөлек, ВВС мәліметінше, жарылыстың тағы бір нұсқасы болуы мүмкін екенін айтқан: оны Израиль ұйымдастырған болуы мүмкін. Алайда Израильдің сыртқы істер министрі Габи Ашкенази елдің Ливандағы жарылысқа қатысы жоғын мәлімдеген.
Дегенмен, Ливанның ішкі істер министрі Мухаммед Фахми тергеу жұмыстарының нәтижесін күтуді сұрады.
Айта кетейік, Бейруттағы жойқын жарылыс кезінде Қазақстанның консулы зардап шекті. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Жұмыста қалған консул жарылыс толқыны салдарынанжеңіл жарақат алған. Артынша Ливанда БҰҰ миссиясы бойынша қызмет етіп жатқан бітімгерлер (120 қазақстандық жауынгер) зардап шекпегені белгілі болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр. Сонымен қатар, ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ливандағы дипломаттар мен қазақстандықтардың жағдайы туралы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы туралы айтты. Министрдің сөзінше, Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Показать комментарии
Читайте также