ПОДЕЛИТЬСЯ
10 февраля 2022 | 13:34
Бірнеше ел ковид-шектеулерден бас тартты. ДДСҰ ол әлі қауіпті екенін ескертті
Бірнеше ел коронавирусқа байланысты шектеулерді толықтай алып тастады. Tengrinews.kz тілшісі COVID-шектеулерін алып тастаған елдерге шолу жасап, ДДСҰ ұстанымын анықтады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бірнеше ел коронавирусқа байланысты шектеулерді толықтай алып тастады. Tengrinews.kz тілшісі COVID-шектеулерін алып тастаған елдерге шолу жасап, ДДСҰ ұстанымын анықтады.
ДДСҰ шектеулердің алынуы туралы не дейді?
1 ақпанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірнеше елдің коронавирусқа байланысты шектеулерін алып тастауына байланысты мәлімдеме жасады. Ұйым ковид-шектеулерін алуда байқау керегін ескертті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар бөлімшесінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхове брифинг барысында айтқан.
"Абай болу керек, себебі көптеген ел "омикронның" көп тарайтын кезеңіне жеткен жоқ, көп ел қажет вакцинация деңгейіне жетпеді", - деді ұйым өкілі.
Оның сөзінше, мемлекеттер шектеуге байланысты шешім қабылдар алдында елдегі екпе салу қарқыны мен эпидахуалға назар аударуы керек.
Оның алдында, 19 қаңтарда ұйым шекараларды жабуға байланысты пікір білдірген болатын. ДДСҰ өкілдерінің сөзінше, "омикрон" штамына байланысты халықаралық сапарларды шектеу тиімсіз.
Қай елдер корвид-шектеулерді алып тастады?
COVID-шектеулерді толығымен алып тастаған Еурлпадағы алғашқы ел - Дания. Елде коронавирус шектеулері биыл 1 ақпаннан бастап күшін жойды. Ел билігі науқастар саны өсіп жатқанына қарамастан шектеулерді алып тастаған. The Herald мәліметінше, Данияда күніне 40-50 мың жағдай тіркеледі. Ал шектеулерді алып тастауға негізгі себеп - елдегі вакцинация қарқынының жоғары болуы. Роскилле университетінің эпидемиологы Лоне Симонсеннің сөзінше, елде екпенің үш дозасын алғандар саны көп.
Енді Данияда маска тағу және COVID-паспорттары міндетті емес. Ал бар және мейрамханалардың жұмысына шектеу қойылмайды. Сонымен қатар, елде түнгі клубтар ашыла бастаған, жабық нысандардағы адам саны шектеусіз. Тек Шенген аймағына жатпайтын елдерден келген, вакцина салдырмаған саяхатшылар үшін шекарада аздаған шектеу бар. Осылайша Дания барлық шектеулерді алып тастаған Еуропадағы алғашқы ел атанды.
Бүгін Швеция да коронавирус инфекциясының тарауына байланысты енгізілген шектеулерді алып тастағаны белгілі болды. Ел үкіметі мұндай шешімді денсаулық сақтау саласына түсіп жатқан салмаққа қарамастан қабылдаған. Денсаулық сақтау министрі Лена Халленгреннің сөзінше, енді елде COVID-19 қоғам үшін қауіпті ауру ретінде қарастырылмайды. Үкіметтегілердің айтуынша, Швецияда да вакцинация қарқыны жоғары болғандықтан және ауруханаға ауыр жағдайда түсетіндердің саны азайғандықтан осындай шешім қабылданған.
Келесі аптадан бастап барлар мен мейрамханалар түнгі 23.00-ден кейін де жұмыс істей алады. Келушілер санына шектеу жоқ. Бірақ Умео университетінің профессоры Фредрик Эльг шектеулердің алынуына қарсы шыққан. Оның сөзінше, елдері ауруханаларда жүктеме қатты.
"Біз сәл сабыр сақтап, ең болмағанда бірнеше апта күте тұруымыз керек. Бізде тестілеуді жалғастыруға жағдай жетерлік. Бұл ауру әлі де қоғамға үлкен салмақ түсіріп отыр", - деді профессор.
Бірақ Швецияның Денсаулық сақтау агенттігі өкілдерінің сөзінше, жаппай тестілеу жүргізудің кірістен гөрі, шығыны көп. Себебі Швеция бір аптада тестілеу жүргізу үшін 500 миллион швед кронын жұмсаған. Ал пандемия басталғалы елде тестілеуге 24 миллиард крон жұмсалған.
Ал Ұлыбритания коронавирус шектеулерінің кейбірі алынған. Биыл 21 қаңтарда премьер-министр Борис Джонсон елде енді маска тағу, оқшаулауда жату, үйден жұмыс істеу және екпе сертификаты міндетті емес екенін мәлімдеді.
Біріккен Араб Әмірліктерінде ковид-шектеулері біртіндеп алына бастайды. Елдегі Ұлттық басқару мәліметінше, ақпанның ортасына дейін қоғамдық көліктердегі, туристік орындар, сауда орталықтары мен басқа да коммерциялық ұйымдарда адам саны бойынша шектеу алынады. Бұл шешімді алғашқылардың бірі болып Дубай қолдаған - 15 ақпаннан бастап барлық шара мен қоғамдық жиындарға рұқсат беріле бастайды.
Карантин шаралары коронавирус деңгейі мен халықтың иммунизациясының жоғары болуымен байланысты. Мысалы елде 9,4 миллион адам, яғни 92 пайызы екпе салдырған. Ал бустерлік дозаны 4,5 миллионға жуық адам салдырған.
Германия биыл көктемде коронавирусқа байланысты барлық шектеуді алып тастауы мүмкін. Deutsche Welle мәліметінше, қоғамдық ұйымдар жергілікті билікті шектеулерді алып тастауға байланысты жоспар құруды ұсынған.
Мысалы міндетті медициналық сақтандыру кассаларының Федералды бірлестігінің (KBV) басшысы Андреас Гассен Германияға "Бостандық" жоспары - шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету жоспары қажетін айтты.
"Кейбірі пандемия COVID-19-дан болатын өлім тоқтағанда бітеді деп ойлайды. Бұл қате. Коронавирус айналымда жүрген аурулар арасында қалады", - дейді KBV басшысы.
Депутат Йоханнес Фехнердің сөзінше, көптеген шектеу биыл наурызда алынуы мүмкін.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также