03 июля 2019 | 11:57

Ердоғанның мәлімдемесі: Шыңжаңдағы барлық халықтар бақытты өмір сүріп жатыр

REUTERS/ Umit Bektas

Түркия президенті Тайип Ердоған Қытайға сапары кезінде "Шыңжаңдағы барлық халық бақытты өмір сүріп жатыр" деп мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Ал бұған дейін Түркия СІМ өкілдері қытай билігін ұйғырларды концлагерьлерде мәжбүрлеп ұстап отыр деген мәлімдеме жасаған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркия президенті Тайип Ердоған Қытайға сапары кезінде "Шыңжаңдағы барлық халық бақытты өмір сүріп жатыр" деп мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Ал бұған дейін Түркия СІМ өкілдері қытай билігін ұйғырларды концлагерьлерде мәжбүрлеп ұстап отыр деген мәлімдеме жасаған.

"Қытай Шыңжаңындағы барлық халықтардың бақытты өмірі, гүлденуі мен бақытты екені - факт, түрік тарапы Қытай мен Түркия арасында ешкімге дұшпандық жасауға мүмкіндік бермейді. Түркия радикализмге қарсы батыл әрекет етеді, Қытай тарапымен саяси өзара сенім деңгейін арттыруға, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келіседі", - деп келтіреді ҚХР СІМ Ердоғанның Си Цзиньпинмен кездесуінде сөйлеген сөзін.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Түркиямен терроризмге қарсы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін айтты. 

"Екі ел саяси өзара сенім деңгейін арттыруы, стратегиялық өзара іс-қимылды нығайтуы, егемендікке, тәуелсіздікке және аумақтық тұтастыққа қатысты мәселелерде бір-бірінің түбегейлі мүдделері мен алаңдаушылығын құрметтеуі қажет ... терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін нақты қадамдар жасау керек", - деп мәлімдеді Си Цзиньпин.

Ол қытай тарапы президент Ердоғанның Түркия аумағында ешқандай күштерге антиқытайлық сепаратистік қызметпен айналысуға мүмкіндік бермейтінін жоғары бағалайтынын, Түрік тарапы Қытайға терроризмге қарсы күресте қолдау көрсететініне үлкен мән беретінін атап өтті.

"Біз түрік тарапымен халықаралық терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайынбыз", - деп толықтырды Си Цзиньпин.

Еске салайық, биыл ақпан айында Түркия СІМ өкілі Хами Аксой Қытайды этникалық ұйғырлардың құқықтарын құрметтеуге және оларды мәжбүрлеп ұстап отырды делінген лагерьлерді жабуға шақырған. Ақсой "ХХІ ғасырда шоғырлану лагерлерінің тағы да пайда болуы - бүкіл адамзат үшін масқара" деп мәлімдеген. Оның айтуынша, "миллионнан астам ұйғыр түрмелер мен концлагерьлерде мәжбүрлеп ұстау, азаптау және идеологиялық өңдеу саясатына тап болған".

Кейін Қытай СІМ өкілдері бұл мәлімдемелерді "жағымсыз" деп атап, оған қарсылығын білдірген еді. Наурыз айының басында Түркияда Қытай елшілігі ҚХР-ның Измирдегі Бас консулдығының уақытша жабылғанын жариялаған. Алайда, елшілік бұл шешімнің "ресурстардың тиімділігі мен интеграциясы" деген түрлі пайымдаулар бойынша қабылданғанын мәлімдеді.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная