23 июня 2020 | 17:15

"Ереже бұзса бас бостандығынан айырылады". Шетелде түлектер емтиханды қалай тапсырады?

© Reuters

21 маусымнан бастап қазақстандық оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуден өте бастады. ҰБТ - мектеп бітірушілердің білімін сынау жүйесі. Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 2004 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Ал шетелдік талапкерлер емтиханды қалай тапсырады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

21 маусымнан бастап қазақстандық оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуден өте бастады. ҰБТ - мектеп бітірушілердің білімін сынау жүйесі. Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 2004 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Ал шетелдік талапкерлер емтиханды қалай тапсырады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

Қазақстан

Реклама
Реклама

Қазақстандық талапкер үш негізгі пән - Қазақстан тарихы, математика және оқу сауаттылығын тапсырады. Одан бөлек, екі салалық пән бар. Оны оқушының өзі таңдайды. Бес пән бойынша 120 тапсырма беріледі. Бірақ жалпы 140 ұпай жинау керек. Себебі кейбір тапсырмада бірнеше дұрыс жауап болады. Мәселен, екі салалық пәннің 30 тапсырмасындағы 20 тапсырмада 1 ғана дұрыс жауап берілсе, 10 тапсырмада бірнеше дұрыс жауап болады.

Ал биыл 21 маусымда басталған ҰБТ-ға 73 бала жіберілмеген. Сонымен қатар, 91 тестіленуші ҰБТ өткізу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты. Қазақстандық тестті бір жылда төрт рет тапсыруға болады. Бірақ екінші тесттен бастап жоғары оқу орнында тек ақылы бөлімге тапсыруға болады. Ал мемлекеттік грантқа үміткер болу үшін бірінші тапсырылатын тегін тесттен өту керек. Одан өте алмаса келесі тест ақылы болады - 2242 теңге төлеуі керек.

© Тұрар Қазанғапов

АҚШ

Америкалық оқушылар екі тесттің біреуін - SAT немесе АСТ тапсырады. Жалпы оқушылардың SAT, Scholastic Assessment Test-ті тапсырып жүргеніне 120 жылға жуықтаған, яғни, 1901 жылдан бері келе жатқан тестілеу жүйесі. SAT-ты бір жылда жеті рет тапсыруға болады. Оқушылар мәтінді талдап, математикадан есеп шығарып, эссе жазады. Әрбір блок бойынша оқу 200-800 балл аралығында жинай алады.

Ал ACT, яғни, American College Testing колледжге не жоғары оқу орнына түсуге не ауысуға арналған тест. Ол алғаш 1959 жылы өткен. Америкалық оқушылар АСТ-ны жылына алты рет тапсыра алады. Оқушылар ағылшын тілі, оқу, математика мен ғылыми ойлау қабілеті сынға түседі. Әр бөлім бойынша 1-36 балл аралығында жинай алады.

АҚШ-тың барлық жоғары оқу орны екі тесттің де нәтижесін қабылдай береді. Елдің орталық аймағында көбіне АСТ, ал батыс және шығыс жағалауларында SAT емтиханы танымал екен. Екі емтиханның да өту уақыты - 3 сағат.

Финляндия

Финляндиядағы оқушылар егер емтиханан өткісі келмесе оны тапсырмай-ақ қойса да болады екен. Себебі кәсіби училищеге түсу оқушының мектепті бітіргені туралы куәлік жеткілікті. Финляндиялық оқушылар үш жыл гимназияны бітіргеннен кейін жоғары оқу орнына түсе алады. Ол үшін фин, швед, шетел тілдерінен, математика не жаратылыстану ғылымы бойынша тест тапсырады.

Емтихан шамамен келесідей өтеді: жалпы екі мұғалім ғана болады, олар оқушы өзімен бірге артық зат алып кірмеуін қадағалап отырады. Емтиханға қажет заттың барлығы аудиторияда тұрады. Бірақ сөздік пен анықтамалық құрал алуға рұқсат етіледі екен. Басқа адаммен сөйлесіп не көшіруге тыйым салынады - ондай жағдайда оқушы емтиханнан шеттетілін не екінші жылға қалып қояды.

Қытай

Қытайдағы мемлекеттік "Гаокао" деп аталады. Ол қытайлық мектептерде бір күні, бір сағатта өтеді. Оқушылар өздерімен тек қажет заттарды: қалам, қарындаш, өшіргіш, сызғыш және циркуль ғана ала алады. Одан бөлек зат тіпті су алып кіруге болмайды екен. Аудиторияда детектор, камера және мобиль байланысты үзіп тастайтын сигналдар орналастырылады.

Жалпы емтихан екі күн өтеді. Қытайлық оқушылар бірінші күні 2,5 сағат әдебиет пен қытай тілі бойынша, ал түстен кейін шетел тілі мен математикадан сынақтан өтеді. Екінші күні міндетті пәннің бірі мен оқушының таңдаған пәнінен тест өтеді. Тест нәтижесін тек компьютер көрсетеді. Бұл адам факторын болдырмау үшін жасалады екен.

© Reuters

Тестілеу кезінде көшірген не шпаргалка қолданған оқушы өмір бойына бас бостандығынан айырылып не емтиханды қайтадан тапсыру мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Ал жоғары оқу орнына ақша төлеп түсу мүлде мүмкін емес жағдай көрінеді.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная