ПОДЕЛИТЬСЯ
30 апреля 2021 | 12:31
"Ешқандай дүрбелең жоқ". Үндістандық тұрғын елдегі коронавирус жағдайы туралы
Соңғы кездері Үндістанда коронавирус жағдайына байланысты жантүршігерлік фотолар мен видеолар тарай бастады. Бүгінде бұл ел вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Бір күннің өзінде елде 8 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталып, 20-ға жуық адам қайтыс болады. Үндістандағы жағдай шын мәнінде қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Гоада тұратын ресейлік тұрғын айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Соңғы кездері Үндістанда коронавирус жағдайына байланысты жантүршігерлік фотолар мен видеолар тарай бастады. Бүгінде бұл ел вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Бір күннің өзінде елде 8 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталып, 20-ға жуық адам қайтыс болады. Үндістандағы жағдай шын мәнінде қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Гоада тұратын ресейлік тұрғын айтып берді.
Фалия 2010 жылы қазан айында жұмыс бойынша келген. Бұл елге экскурсиялық гид болып жұмыс істеуге келген.
"Үндістанда болашақ жарыммен таныстым. Сосын мамырда қайтадан Сібірге, өз үйіме кеттім. Бірнеше күннен кейін болашақ жарым Ресейге келіп, әкемнен рұқсат алуға келді. Одан кейін біраз жыл туризм саласында істедім. Сосын сұлулық салоны саласында істедім. Енді қайтадан Ресейге көшпекпіз", - дейді ол.
Фото: instagram.com/ya_faliya
Фалия отбасымен тұратын Гоа штатындағы жағдай тұрақты екенін айтады.
"Әрине, Google-дағы статистика бойынша науқастар саны көп. Бірақ Гоа шағын штат болғандықтан науқастар саны аса көп емес. Туризм ашық. Бәрі жұмыс істеп тұр. Таныстарымыздан тек бір адам ауруханада жатыр. Жалпы жағдай тұрақты. Бірақ, әрине, кей жерлерде, мысалы қараша-желтоқсан айларымен салыстырғанда, ауруханадағы жағдай қиын деседі. Одан бөлек, бүгіннен бастап төрт күнге (29 сәуірден-еск.) локдаун жарияланды. Бұл шамамен дүйсенбіге дейін. Дүйсенбі күні де карантинді ұзартатын секілді. Бірақ біз оған дайынбыз. Оған қалыпты түрде қараймыз", - дейді Фалия.
Фалия Желіде түрлі жантүршігерлік видеолар тарағанынан хабардар. бірақ оларды көрмейтінін айтады.
"Маған жіберілген Желідегі бірнеше видеоны қараған жоқпын. Себебі жалпы біздің үйде теледидар жоқ. Жаңалық көргіміз келмейді де. Таныстарымыз жіберген видеоларды да көрмейміз. Иә, көшелерде адам мәйітін өртеп жатқанын естідім. Бірақ, білмеймін... Меніңше, ол асыра сілтеп айтылған нәрсе сияқты. Яғни жалпы Гоа туралы айтар болсақ, бәрі баратын жеріне барып, өз тірлігімен жүр. Маска тағу режимі сақталды. Мектептер былтырдан бері әлі жұмыс істемейді", - дейді жергілікті тұрғын.
Үндістанда науқастар саны өсуіне байланысты қоғамдық орындарда ешқандай дүрбьелең жоқ.
"Бізде барлық азық-түлік дүкені, дәріханалар жұмыс істеп тұр. Меніңше, ары кетсе 10-15 пайызға адам толып тұрған шығар. Бірақ ешқандай дүрбелең жоқ. Себебі былтыр бірден екі айға карантинде отырғандықтан адамдар қалай әрекет ету керегін біледі. Бәрін жеткізу қызметі, онлайн-шоппингпен алдыруға болады", - дейді ол.
Одан бөлек, елде вакцинация жүріп жатыр.
"Вакцина салдыру жұмыстары жүріп жатыр. Ол жас аралығы бойынша жүргізіліп жатыр. Жақында енем салдырды. Ол екі дозасын да салдырды. Қазір 35-40 жастағыларға салдырып жатыр", - дейді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также