ПОДЕЛИТЬСЯ
27 апреля 2020 | 17:32
Германияда коронавирустан тіркелген өлім саны аз. Неге?
Дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 3 миллионнан асты. Коронавирус дерегі анықталған 210 елдің ішінде Германия COVID-19 жұқтырған адам саны бойынша бесінші орында тұр. Дегенмен Германияда коронавирус жұқтырған адам санының көп болғанына қарамастан, қайтыс болған адам саны едәуір аз. Бұған не себеп болуы мүмкін? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 3 миллионнан асты. Коронавирус дерегі анықталған 210 елдің ішінде Германия COVID-19 жұқтырған адам саны бойынша бесінші орында тұр. Дегенмен Германияда коронавирус жұқтырған адам санының көп болғанына қарамастан, қайтыс болған адам саны едәуір аз. Бұған не себеп болуы мүмкін? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
Германияда алғаш коронавирус 27 қаңтарда Баварияда Webasto компаниясының қызметкерінен анықталған. Ол Қытайдан келген әріптесінен жұқтырған. Ал 1 ақпанда жергілікті БАҚ осы компанияның тағы 8 қызметкерінен вирус расталғанын мәлімдеген. Елде вирустың пайда болуына Италияға барып келген жергілікті тұрғындар себеп болған.
17 наурыздан бастап елдегі мектеп, балабақшалар жабылған. Ата-аналары маңызды салада (дәрігерлер, полиция қызметкерлері, фармацевттер мен құтқарушылар) қызмет ететін балаларды күндіз қарап беруге жағдай жасалған.
Елде коронавирус жұқтырған адам саны көп болғанымен, адам өлімі айтарлықтай аз. Бұл туралы әлем басылымдары жарыса жазған. Мәселен, Deutsche Welle басылымы елдегі коронавирустан болған өлім санының аздығына не себеп болғанына шолу жасаған. Жалпы, 27 сәуірдегі жағдай бойынша, елде коронавирус жұқтырған 157 770 адамның 6 мыңға жуығы ғана қайтыс болған. Одан бөлек, 114 500 адам жазылып шыққан. Ал Германиямен шамамен бірдей көрсеткіштегі Францияда COVID-19 жұқтырған 162 100 адамның 23 мыңға жуығы көз жұмған.
Елде коронавирустан адам өлімінің аз болуына не себеп?
Deutsche Welle Германиядағы коронавирустан болған өлім санының аздығына бірнеше мысал келтірген. Біріншісі - коронавирус жұқтырғандардың орташа жасының төмен болуы. Роберт Коха (RKI) атындағы институт мәліметінше, елдегі COVID-19 жұқтырғандар (70 пайызы) 15 пен 59 жас аралығындағы адамдар. Ал науқастардың орташа жасы - 49 жас екен.
Демек, Германия билігі коронавирусқа қатысты арнайы шараларды қабылдағанға дейін вирусты иммунитеті жоғары жастар, орта жастағы адамдар жұқтырып үлгерген. Оның ішінде шетелде демалыста жүрген адамдар коронавирус жұқтырып, кейіннен елге келген соң жақындарына жұқтырған екен. Сонымен қатар, Германияда вирустың тарауына бірнеше айтулы мереке себеп болған көрінеді.
Тағы бір нұсқа бойынша неміс денсаулық сақтау жүйесі COVID-19-ға дайын болған.
Наурыздың соңында Германияда карантин мен оқшаулану режимі іске қосылып, онсыз да дүние жүзіндегі ең мықты немістің денсаулық сақтау жүйесі COVID-19-ға дайындала бастаған. Ауруханалар науқастарды қабылдауға төсек орындарын босатып, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің кезекшілігіне қатысты төтенше кесте жасап, медициналық маска мен қорғаныш киімдерін артығымен сатып алған.
Германияда эпидемия басталардан бұрын 25 мыңдай жасанды тыныс алдыру аппараты болған көрінеді. Одан бөлек, 12 наурызда неміс билігі Drägerwerk компаниясынан тағы 10 мың жасанды тыныс алдыру аппаратын алдырған екен. Сондықтан неміс дәрігерлерінде шетелдегі әріптестеріне қарағанда аппарат жетіспеу мәселесі тумаған. Мәселен, жасанды тыныс алдыру аппараттары Сирияда, Ресейдің кей облыстарында, Нью-Йоркта жетіспейді екен. Сонымен қатар, 9 сәуірде Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан қазіргі уақытта республика бойынша қарқынды терапия бөлімшелерінде 10 мың орын артығымен тұрғанын хабарлаған.
Жалпы Германияда коронавирус жұқтырып, қайтыс болған адам санының қысқаруы соңғы екі күнде де байқалған. Мәселен, 25 сәуірде COVID-19-дан 179 науқас көз жұмған. Бұл алдыңғы күндерге қарағанда едәуір аз. Себебі 22-23 сәуір аралығында елде вирустан 260 адам қайтыс болған екен.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также