Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 февраля 2020 17:21

Грекиядағы ереуіл: босқындардың талабына гректер неге қарсы шықты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грекиядағы ереуіл © REUTERS Грекиядағы ереуіл © REUTERS

Соңғы жылдары Грекияда мигранттардың ереуілге шығуы жиілеп кеткен. 2014-2015 жылдары Грекия арқылы Еуропа елдеріне 100 мыңға жуық түркиялық мигрант өткен. 2016 жылдың ақпанында Балқан дәлізі жабылып, мыңдаған адам Грекияда қалып қойған. Гректер елде босқындардың көбейгеніне наразы. Былтырғы көрсеткіш бойынша, Грекияда 70 мыңдай босқын бар. Ал күні кеше елдегі мигранттар ереуілге шықты. Грекиядағы босқындардың талабы қандай, жергілікті халық неге наразы? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Соңғы жылдары Грекияда мигранттардың ереуілге шығуы жиілеп кеткен. 2014-2015 жылдары Грекия арқылы Еуропа елдеріне 100 мыңға жуық түркиялық мигрант өткен. 2016 жылдың ақпанында Балқан дәлізі жабылып, мыңдаған адам Грекияда қалып қойған. Гректер елде босқындардың көбейгеніне наразы. Былтырғы көрсеткіш бойынша, Грекияда 70 мыңдай босқын бар. Ал күні кеше елдегі мигранттар ереуілге шықты. Грекиядағы босқындардың талабы қандай, жергілікті халық неге наразы? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Бұл - елдегі мигранттардың ереуілге алғаш шығуы емес

Ереуілге шығатын мигранттардың басты талабы - оларды Грекияның құрлық аймағына көшіру. Себебі босқындарға оларды қоныстандырған аймақтың жағдайы аса ұнамайтын көрінеді. 

Былтыр 22 тамызда Грекия босқындарға бассауға беру саясатын өзгертетінін мәлімдеген. Балқан дәлізі жабылғаннан кейін елде мыңдаған босқын қалып қойған. Грекия билігі мигранттарға толы лагерьді босатып, оларды елдің құрлық бөлігіне көшірмек болған. Алайда олардың орнын басқа босқындар толтырып отырған. 

Грекия премьері Кириакос Мицотакис бассауға алғандар елде қалуға құқылы екенін, ал талапқа сай келмейтіндері Түркияға қайтуы керегін айтқан. 

Былтыр 4 қыркүйекте панасыз қалғандар мигранттар шоғырланған Лесбос аралындағы Мориа аймағында тәртіпсіздік жасаған. Себебі үш мың адамға арналған лагерьде тоғыз мыңдай мигрант өмір сүрген. Билік босқындардың елдің солтүстігіне аударғанымен түрік жағалауынан келетін адам көбейген. 

300-ге жуық жасөспірім оларды Мориадан көшіріп әкетуді талап етіп, ереуілге шыққан. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарына қарағанда, полицейлер лагерьдегілерге көзден жас ағызатын газ қолданған. 


© twitter.com/blueskytvgr

Елге шетелден мигранттар көптеп келуіне байланысты Грекия билігі жағалау күзетін нығайтатынын мәлімдеген. Ал Түркия билігінің өкілдері елде онсыз да төрт миллион босқын барын және мемлекет оларды асырай алмайтынын жеткізген. 

Айта кетейік, мемлекет басшылары мен Еуропа одағына мүше елдер 2016 жылдың наурызында Түркиямен бірлесіп миграция дағдарысы мәселесін шешуге арналған жоспарды мақұлдаған. Жоспардың негізгі мақсаты - Анкараға босқындарды қабылдауға қаржылай көмек көрсету мен Грекияға түрік елінен заңсыз келген азаматтарды қайтару болған. 

2019 жылдың 29 қыркүйегінде мигранттар шоғырланған Лесбос аралығындағы жағдай ушыға түскен. Лагерьге Афиныдан полицияның арнайы күші жіберілген. Бұл жолы 3 мың адамға арналған лагерьде түрік жағалауынан келген адам саны 12,5 мыңға жеткен. 

Лесбос аралындағы мигранттарга арналған лагерь © РИА Новости

Босқындар оларды тезірек Грекияның құрлық бөлігіне қоныстандырады деген оймен тұрғын үйге арналған контейнерді өртеп жіберген. Мигранттар өртті сөндіруге келген қызметкерлерге шабуылдап, екі өрт сөндіру көлігін қиратқан. Құтқарушылар лагерьден кетуге мәжбүр болған. Нәтижесінде 7-8 контейнер өртеніп, екі адам қаза тапқан

Жергілікті халық босқындардың орталыққа қоныс аударуына қарсы шықты 

Артынша Грекия билігі наразы мигранттардың талабын орындай бастаған көрінеді. Себебі билік Янница қалашығындағы Пелла ауданына 100-150-ге жуық босқынды туристік автобуспен қонақүйлерге әкеле бастаған. Алайда грекиялықтар мигранттардың орталыққа қоныстануына қарсы шығып, автобустардың жолын бөгеген. Сөйтіп мигранттарды тасып келе жатқан автобус кері бұрылып, артынша полиция жолды ашқаннан кейін босқындарды қайтадан қонақүйлерге әкеле бастаған. Бұдан хабардар болған халық полиция бөлімшесіне шағымданған.

Арал мэрі Кос Феодосис Никитарас шенеуніктермен бірге мигранттардың келуіне қарсы болғанымен, ақыры 4,5 мың босқын қоныс аударылған. 

Ереуілге шыққан жергілікті халық © РИА Новости

Ал бесінші ақпанда Лесбос аралығында елге заңсыз қоныс аударған босқындар тағы ереуілге шықты. Жергілікті полиция 40 адамды ұстаған. 

Үшінші ақпанда екі мыңдай адам "Еркіндік" ұранымен босқындар шоғырланған "Мориа" орталығынан Митилини қаласына дейін барған. Полиция ереуілді тоқтату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған. Нәтижесінде 13, ал кешке тағы 27 адам ұсталған.

Күннің екінші жартысында Мориа тұрғындары жиналыс өткізіп, қауіпсіздік шарасын нығайтып, мигранттарға арналған лагерьді жабуды талап еткен. Солтүстік аралдың губернаторы Константинос Мутзурис жағдай қиындап кеткенін айтқан.

Жиналыс барысында губернатор халықты сабырға шақырып, радикал әрекет жасамауын сұраған. Ал көші-қон және бассауға министрі Нотис Митаракистің айтуынша, Лесбостегі тәртіпсіздік арандатудан туғанын және билік өкілдері тергеу жүргізетінін мәлімдеген. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети