21 декабря 2020 | 12:47

"Жағдайды ушықтырған мутация". Ұлыбританияда тарап жатқан коронавирустың жаңа түрі туралы не белгілі?

© Reuters

Коронавирустың жаңа штамы Еуропаны дүрліктіре бастады. Себебі коронавирус инфекциясының бұған дейін тараған түрімен салыстырғанда оның адамнан адамға тез жұғатыны анықталды. Ұлыбританиядағы жаңа штамм желтоқсанда табылды. Артынша "ұлыбританиялық" штамм Дания, Аустралия және Нидерландта анықталған. Ұлыбританияда белсенді түрде тарап жатқан коронавирустың жаңа түрі туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирустың жаңа штамы Еуропаны дүрліктіре бастады. Себебі коронавирус инфекциясының бұған дейін тараған түрімен салыстырғанда оның адамнан адамға тез жұғатыны анықталды. Ұлыбританиядағы жаңа штамм желтоқсанда табылды. Артынша "ұлыбританиялық" штамм Дания, Аустралия және Нидерландта анықталған. Ұлыбританияда белсенді түрде тарап жатқан коронавирустың жаңа түрі туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Жаңа штамм туралы не белгілі?

Реклама
Реклама

14 желтоқсанда Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының қазіргі формасына қарағанда тез тарайтын түрі шыққаны белгілі болды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок хабарлаған болатын. Оның сөзінше, коронавирустың жаңа штамы елдің оңтүстік-шығысында тез тарап жатыр. Алғашқы зерттеу жұмыстары кезінде инфекцияның жаңа түрі елде белгілі вирустан тез тарайтыны анықталған.

Хэнкоктың сөзінше, 14 желтоқсандағы жағдайдың өзінде вирустың жаңа түрі елдің оңтүстігіндегі 60 ауданда анықталған. Ғалымдардың сөзінше, вирустың жаңа мутациясы кезінде ауру ауыр өтуі екіталай және коронавирусқа қарсы вакциналарға әсер етпейді деп айтуға негіз жоқ. Сондай-ақ вирустың жаңа түрі қауіпті екенін көрсететін дәлел жоқ. Алайда ғалымдар вирус тез тарайтынын мойындап отыр.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабардар. Соңғы айларда вирустың бұл түрі Еуропаның басқа да елдерінде тарай бастады", - дейді Хэнкок.

© Reuters

Әзірше мутация қалай өрбитіні түсініксіз. ДДҰ өкілі Мария Ван Керкховенің сөзінше, мутацияда антиденені өлтіретін қандай да бір өзгеріс болу-болмауы бақылауға алынады.

Коронавирустың жаңа штамына байланысты жағдай бақылаудан шықты

Көп ұзамай 20 желтоқсанда Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Лондон мен елдің оңтүстік-шығысындағы өңірлерде коронавирустың жаңа, тез тарайтын түріне байланысты қатаң шектеу шараларын қабылдады. Сенбі, 19 желтоқсанда болған кеңесте коронавирустың жаңа түрі тез таралатыны және халыққа сақ болу керегі айтылды. Премьер-министр Борис Джонсон қатысқан шұғыл баспасөз мәслихатында елдің бас дәрігері Крис Уитти және Ұлыбритания үкіметінің ғылыми мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі Патрик Вэлланс вирусқа қатысты жаңа мәліметтерді хабарлады.

"Коронавирустың жаңа түрі расында тез тарап жатыр", - деді Уитти. 

Крис Уитти мен Патрик Вэлланстың сөзінше, вирустың жаңа түрі, алдын ала болжам бойынша, әдеттегіден 70 пайызға тез жұғуы мүмкін, бірақ өлім немесе ауруханаға жатқызу бойынша қауіп жоқ. Алайда Джонсон Лондон мен елдің оңтүстік-шығысында Рождество мерекесіне қатаң шектеулер енгізуге, сондай-ақ жағдайы жақсы аудандарда қосымша шектеулер енгізуге мәжбүр болды.

© Reuters

Азық-түлік сатылмайтын дүкендер, спорт залдары мен шаштараздар қайтадан жабылады, адамдарға көбіне үйде отыру ұсынылды. Бір адаммен және тек таза ауада кездесуге рұқсат етілді. Өзгерістер жексенбі, 20 желтоқсанда таңертең күшіне енді және кем дегенде екі аптаға созылады. Шектеу 30 желтоқсанда қайта қаралады. Ал елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок қатаң шектеу шаралары вакцина енгізілгенге дейін бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтады.

Сонымен қатар, 20 желтоқсанда Мэтт Хэнкок коронавирустың жаңа штамына байланысты жағдай бақылаудан шыққанын айтты.

"COVID-19-дың жаңа штамы бақылаудан шықты. Енді адамдар вирус бар сияқты әрекет етуі керек. Әсіресе қатаң шектеулер қабылданған аймақтағы адамдар. (...) Коронавирустың бұл штамы үлкен проблема. Бұл қауіпті инфекцияны бақылауда ұстап отыруымыз керек еді, бірақ мутация жағдайды ушықтырып жіберді", - деді министр.

Айта кетейік, бүгінде Ұлыбритания коронавирус жұтырған адам саны бойынша 6-орында: науқастар саны - 2 040 147, қайтыс болған адам саны - 67 401. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная