10 января 2020 | 11:45

"Қанға - қан процесі басталып кетті". Иран-Америка қақтығысы туралы әлем сарапшылары не дейді?

© REUTERS

3 қаңтарда АҚШ Ирак астанасы Бағдатта әуе шабуылын жасап, Иранның әл-Құдыс жасағының қолбасшысы, генерал Касем Сулейманиді өлтірді. Иран билігі кек алатынын мәлімдеп, көп ұзамай 8 қаңтарда Иран америкалық базаларға зымыранмен соққы жасады. Нәтижесінде Ирактағы АҚШ базаларына шабуыл кезінде 80 адам қаза тапты. Иран-Америка қатынасы жайлы мамандардың пікірі қақ жарылды. Бірі соғыс басталып кетуі мүмкін десе, енді бірі бұл іс соңғы шабуылмен тоқтайды деседі. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасындағы қақтығыс жайлы сарапшылардың пікіріне шолу жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

3 қаңтарда АҚШ Ирак астанасы Бағдатта әуе шабуылын жасап, Иранның әл-Құдыс жасағының қолбасшысы, генерал Касем Сулейманиді өлтірді. Иран билігі кек алатынын мәлімдеп, көп ұзамай 8 қаңтарда Иран америкалық базаларға зымыранмен соққы жасады. Нәтижесінде Ирактағы АҚШ базаларына шабуыл кезінде 80 адам қаза тапты. Иран-Америка қатынасы жайлы мамандардың пікірі қақ жарылды. Бірі соғыс басталып кетуі мүмкін десе, енді бірі бұл іс соңғы шабуылмен тоқтайды деседі. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасындағы қақтығыс жайлы сарапшылардың пікіріне шолу жасады. 

"Соғыстың ауылы алыс емес"

Реклама
Реклама

Қытай медиа бірлестігінің беделді өкілі, Global Times мемлекеттік сыртқы саясат басылымының бас редакторы Ху Сицзинь Twitter желісіндегі парақшасында соңғы уақытта болып жатқан Иран-Америка қақтығысынан кейін соғыстың басталып кетуі әбден мүмкін екенін жазған. 

"Бәлкім, соғыстың ауылы да алыс емес шығар. Енді Иран не Иранды еліктіруге тырысатын күштер, Американың кез келген мақсаттағы шабуылы сәтсіз аяқталса АҚШ одан да қиын шабуыл жасауы мүмкін. Сондықтан АҚШ-ты не Иранды ұнатпайтын күштер алданып қалуы мүмкін", - дейді қытайлық маман. 

Ал АҚШ Орталық барлау басқармасының бұрынғы атқарушы директоры Майкл Морелл CBS арнасына берген сұхбатында генерал өлімі нәтижесінде қаза табатын қарапайым америкалықтардың көп болатынын айтқан. 

"Сүлеймани зұлым данышпан еді. Оның қолында көптеген америкалықтың қаны болды. Әлем онсыз (Сүлейманисіз - Еск.)  жақсара түсті. Мәселе - бұл қақтығыс үлкен шығынға әкеліп соғуы мүмкін. Қарапайым америкалықтардың өлімі көп болады", - деді Морелл. 

Ал "Голос Америки" мәліметінше, бүгінде 53 пайыз америкалық Трамптың Иранға қатысты саясатын қолдамайтын көрінеді. Жалпы сауалнамаға қатысқан адамдардың 39 пайызы Америка президентінің әрекетін мүлде қолдамайтынын жеткізген. 

"Кегіміз қорқынышты болады". Иран неге АҚШ-қа тіс қайрап отыр?

"Ядролық қару қолдану барша өркениеттің жойылып кетуіне себеп болады"

Ресейлік сарапшы маман Владимир Джабаров та алдағы таңда соғыс басталып кетуі мүмкін деген ойда. Бұл туралы ол  "Звезда" желілік басылымына берген сұхбатында айтқан. Джабаровтың айтуынша, Иран-Америка арақатынасында қанға - қан процесі басталып кетті. Сарапшы америкалықтар екіжақты қақтығыстың ушығуына байланысты жаңа қадамдар жасалуы мүмкін деген пікірде. 

"Бұл процесс ұзаққа созылып не ірі қақтығысқа ұласып, жарылу қаупі жоғары екі еле арасында соғыс басталып кетуі мүмкін", - дейді Джабаров. 

Владимир Джабаров екі елдің пікірін тыңдап, қақтығысты тоқтатуға тырысып, Трамптың көздегені не екенін ұғу маңызды екенін атап өткен. 

"Есі дұрыс адамдар жеңіске жетеді деп сенемін. Себебі қақтығыс кезінде ядролық қаруды қолданудың салдары адам сенгісіз жайттарға әкеп соғуы мүмкін. Ондай жағдайда бүкіл әлем Америкаға наразы болады.

Қазіргі заманда ядролық қару қолдану барша өркениеттің жойылып кетуіне себеп болады. Сондықтан кезекті реакция кез келген жерде жасалуы мүмкін. Оған дейін жеткізбейді деп ойлаймын. Жалпы қақтығыста, әрине, америкалықтар басым. Бірақ ирандықтар әскерилер де осал емес", - дейді сарапшы. 

"Қорғану үшін соққы жасаған". Иран мен АҚШ қақтығысын әлем басылымдары қалай жазып жатыр?

"Иранды (Соғыс болған жағдайда - Еск.) Ирак, Сирия, Түркия, Йемен тіпті Ресей қолдауы мүмкін. Ал Америка жағында Еуропа, Сауд Арабиясы болады. Бұл мемлекеттер қарумен жақсы жабдықталғанымен, мықты күштері жоқ. Егер екі жақ қазірден бастап келіспесе ауыр соғыс болады", - саясаткер Маис Курбанов. 
"Жағдайды ушықтырудың қажеті жоқ"

БАӘ энергетика министрі Сухейль әл-Мазруи 8 қарашада Абу-Дабиде болған баспасөз конференциясының кулуарында Иран мен АҚШ-тың қазіргі қатынасы ешқандай соғыс емес екенін және жағдайды ушықтырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеген.  

"Ешқандай соғыс болмайды. Ол тек біздің одақтасымыз болып саналатын Америка мен көршілес ел Иран арасындағы эскалация. Біз Таяу Шығыстағы шиеленістің күшейгенін қаламаймыз", - деген екен әл-Мазруи. 

"Екі ел арасында соғыс болуы екіталай"

Ресей ғылым академиясының шығыстану институтының профессоры Владимир Сажин "Международная жизнь" журналына берген сұхбатында Иран-Америка арасында соғыс болуы мүмкін емес екенін айтты. 

"Иран мен АҚШ арасында үлкен соғыс болуы екіталай. Себебі Вашингтондағылар мен Тегерандағылар  мұның түкке қажеті жоқ екенін түсінеді. Иран басшылығы генералдың өліміне қатысты кек ауыр болатынын мәлімдегендіктен АҚШ та ауыр соққы жасауы мүмкін. Яғни, екі ала арасында эскалация басталады. Дегенмен Иран мен АҚШ-тың тұрақты қарулы күштері қатысатын кең ауқымды соғыс болмайды деп есептеймін", - дейді Владимир Сажин.

Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ Ирак астанасы Бағдат әуежайының маңына үш зымыран ұшырып, салдарынан Иран генералы Касем Сулеймани қаза тапқан болатын. Пентагон мұның жоспарланған соққы екенін мәлімдеген еді. 

Касем Сулейманидің қазасынан кейін Иран 8 қаңтарда Ирактағы екі америкалық әуебазаға шабуыл жасап, "Азап шегуші Сүлеймани" операциясының басталғанын жариялады. АҚШ нысандарына қарата "жер - жер" класындағы ондаған зымыран ұшырылды.

Шабуыл нәтижесінде Эйн-әл-Асад әуебазасында орналасқан бірнеше жойғыш ұшақ зақымдалған. Басқа ақпараттарға сенсек, бірнеше ұшақ жойылған. Иранның Press TV телеарнасы 80 адамның қаза болғанын хабарлады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная