Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 января 2020 17:26

"Қауіпті індеттен барлық базар жабылды". Қытайдағы қазақ елдегі жағдайды айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы. © Reuters, © Instagram.com/aikin_s/ Tengrinews.kz коллажы. © Reuters, © Instagram.com/aikin_s/

Осымен бір ай бойы Қытайда белгісіз індеттен жүздеген адамның зардап шеккені хабарланып жатыр. Ресми мәліметтерге қарағанда, 2002 жылдары да Қытайда осындай індет таралып, 400-ге жуық адам қаза болып, 5 мыңнан аса адам зардап шеккен екен. Ал соңғы деректер бойынша вирус жұқтырғандардың саны 200-ге жетіп, үш адамның көз жұмғаны белгілі болды. Өршіп тұрған қауіпті індет туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қытайда тұратын қазақ Әйгерім Сапекова айтып берді. 


Осымен бір ай бойы Қытайда белгісіз індеттен жүздеген адамның зардап шеккені хабарланып жатыр. Ресми мәліметтерге қарағанда, 2002 жылдары да Қытайда осындай індет таралып, 400-ге жуық адам қаза болып, 5 мыңнан аса адам зардап шеккен екен. Ал соңғы деректер бойынша вирус жұқтырғандардың саны 200-ге жетіп, үш адамның көз жұмғаны белгілі болды. Өршіп тұрған қауіпті індет туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қытайда тұратын қазақ Әйгерім Сапекова айтып берді. 

Әйгерім отбасымен қауіпті індет өршіп жатқан Қытайдың Ухань қаласында өмір сүреді. Қазақ отбасының Қытайда тұрып жатқанына 11 жыл болған екен. Қазіргі уақытта Әйгерім "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бакалавриат пен магистратураны да Уханьда бітірген.

Сәпекова халықты дүрліктірудің қажеті жоқ екенін айтады. Оның айтуынша, дәл қазір қалада барлық жағдай бақылауда.


Науқастар жұмыс істеген базар. Қазір бұл базар жабылды. © scmp.com

"Бұл індет желтоқсан айының басында белең алды. Барлығы балық сататын базарда басталды. Індет жұқтырғандар дене қызуы мен жөтелге шағымданды. Олардың барлығын ауруханаға жеткізіп, биліктегілер базарлардың барлығын жауып тастады. Бірақ қазіргі уақытта барлығы бақылауда. Тұрғындар дүрлігіп жатқан жоқ, қалада барлығы тыныш. Ешкім маскамен жүрген жоқ. Дегенмен біз халық көп жүретін жерлерге бармауға тырысамыз және міндетті түрде маска киіп аламыз", - дейді Қытайдағы қазақ.


© gorod48.ru

Әйгерімнің айтуынша, ол Қытайға көшіп келгелі мұндай індет таралған емес.

"Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Дегенмен байбалам салып, дүрлігудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі ол вирус ауа тамшысы арқылы таралмайды. Дәл қазір бұл індет тек Уханьда таралып жатыр. Ең бастысы гигиенаны сақтап, маскамен жүру керек. Теңіз өнімдерінен де бас тарту қажет", - дейді Әйгерім.

Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет. Бүгінге дейін не белгілі?

Кейбір дереккөзздер бастапқыда мұны пневмония деп айтса, жергілікті дәрігерлер оны жоққа шығарған болатын. Дегенмен Қытай мұның жалпыұлттық эпидемия болып кетуінен қауіптенеді. Дәл қазір Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары елдегі жағдайды бақылап отыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Гонконг, Тайвань, Сингапур елдерінде қауіпсіздік мақсатында эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық дәрігерлер көрші елдегі жағдайдың ушығуына байланысты дабыл қаққан болатын. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дерттің басты белгілері - дене қызуының жоғарылауы, кеуде қуысының ауыруы және қақырық мол бөлінетін жөтел.

 Аурудың алдын алу үшін мынадай шараларды қабылдаған жөн:

- үйді үнемі желдетіп отыру және таза ұстау;
- таза ауада серуендеп, қалыпты дене қозғалысын сақтау;
- массаж, дене шынықтыру, су процедуралары сияқты жалпы иммунитетті нығайтатын шараларға көңіл бөлу;
- салауатты өмір салтын ұстану;
- бойды үнемі жылы ұстау;
- тыныс алу органдарының созылмалы ауруларынан уақтылы емделу.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети