ПОДЕЛИТЬСЯ
17 сентября 2020 | 12:47
"Мұғалімдер жаппай жұқтырды". Өзбекстанда мектептер карантинге жабылды
Өзбекстанда 14 қыркүйектен бастап мемлекеттік білім беру мекемелері ашылды. Балалар қалауы бойынша мектепке бара алады немесе үйде онлайн оқи алады. Алайда ел үкіметі үшін қиын жағдай болды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өзбекстанда 14 қыркүйектен бастап мемлекеттік білім беру мекемелері ашылды. Балалар қалауы бойынша мектепке бара алады немесе үйде онлайн оқи алады. Алайда ел үкіметі үшін қиын жағдай болды.
Самарқанд облысының Пайарык ауданында 576 мұғалім коронавирус анықтайтын тест тапсырғанда 60-ынан коронавирус анықталды. Ал бүгін Ташкенттің Шайхантахур ауданында № 40 және № 262 мектеп карантинге жабылды. Себебі бұл мектептің мұғалімдері де COVID-19 жұқтырғанын білмей жұмысқа келген.
Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстандағы коронавирус пандемиясына байланысты жағдайды баяндайды.
Өзбекстанда білім мекемелерін ашу немесе жабуға қатысты шешімді жергілікті кеңестің депутаттары шығарады. Олар мектептің даярлығын, аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды және денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндігін ескереді.
14 қыркүйекте мектепке барған оқушылар мен ата-аналардың қуанышы ұзаққа бармады. Кей өңірде мұғалімдердің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Кеше Ташкенттің Шайхантахур ауданындағы № 40 және № 262 мектебі қызметін тоқтатылғаны хабарланды.
"Осы жылғы 15 қыркүйектен бастап Шайхантахур ауданында № 40, 262 мектептер эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша дәстүрлі оқу процесі уақытша тоқтатылды", - делінген Ташкенттің Бас халық білімі басқармасының хабарламасында.
Бұл мектептерде жұмыс істейтін бірнеше мұғалімнің анализінен COVID-19 анықталған. Олар инфекция жұқтырғанын білмеген. Ауруы симтомсыз өткен.
Бұған дейін астанадағы 318 мектептің 139-ы дәстүрлі оқу форматында жаңа оқу жылын бастаған. Басқа мектептер оқу процесін офлайн форматта бастағанша сабағын телевизиялық "Онлайн мектеп" жобасы аясында оқиды. Өзбекстанның барлық аймағында дәстүрлі оқу форматына көшкен мектептерде COVID-19 бар-жоғын анықтау үшін мұғалімдерді жаппай тестілеу жүргізіліп жатыр.
Алайда нәтижесі көңілге қонбай, самарқандтық ұстаздардың ауырғаны анықталды. Самарқанд облысы Пайарык ауданында 576 мұғалімнің ішінен 60-ында тест нәтижесі оң болып шықты. Бұл - тестілеудің алғашқы күніндегі нәтиже. Бұл туралы аудандық хокимияттың баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
Бұл ауданда 99 мектеп ашылады деп жоспарланған. Аймақта бәрі 1860 мұғалім тест тапсырған. Толық нәтижесі туралы енді хабарланады.
Аймақта ата-аналардан баласын қандай форматта оқытқысы келетіні сұралды. Сауалнамаға 47 809 адам қатысты. Ата-аналардың 75 пайызы дәстүрлі форматта, ал 25 пайызы қашықтан - телеарнадағы сабақтар арқылы оқығысы келетінін айтқан.
Соңғы мәліметтер бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 162-ге жетті. Оның 45 474-і аурудан айықты, 409 науқас қайтыс болды.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также