03 сентября 2021 | 17:05

Нәтижесіз келіссөз бен адам шығыны. Тәліптер ала алмаған Панжшерде не болып жатыр?

Фото: twitter.com/Hashtagelyoum

17 тамызда "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған - еск.) өкілдері Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алған болатын. Осылайша олар ел билігін қолына алып, барлық аймақты басып алды. Тәліптердің қолына өтпеген Панжшер провинциясы ғана. Бүгінде бұл аймақ үшін күрес жүріп жатыр. Панжшердегі қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

17 тамызда "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған - еск.) өкілдері Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алған болатын. Осылайша олар ел билігін қолына алып, барлық аймақты басып алды. Тәліптердің қолына өтпеген Панжшер провинциясы ғана. Бүгінде бұл аймақ үшін күрес жүріп жатыр. Панжшердегі қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

18 тамызда 1980-1990-жылдардағы ауған көшбасшысы және қорғаныс министрі болған Ахмад Шах Масудтың ұлы Ахмад Масуд (сондай-ақ Панжшер арыстаны лақапатымен белгілі) "Талибанға" қарсы қозғалыс басталғанын мәлімдеген болатын. Масудтың сөзінше, негізгі қарсылық алаңы - Панжшер болып отыр. Себебі Панжшер тәліптер басқара алмайтын жалғыз аймақ. Ол шамамен Кабулдан солтүстікке қарай 120 шақырым жерде орналасқан.

Кейіннен 22 тамызда тәліптер Панжшердегі қарулы оппозиция бөлімдерін берілуге шақырды. Ахмад Масудқа провинцияны тәліптердің бақылауына беруіне төрт сағат берілді. Тәліптер провинцияны басып алу бойынша операцияны бастауға дайын екенін жеткізген еді. Көп ұзамай "Талибан" қозғалысының жүздеген сарбазы Панжшерге аттанды.

Реклама
Реклама

Тәліптер жаулай алмаған Панжшер шатқалы туралы не белгілі?

Ахмад Масуд батыс елдерінен де көмек сұрады

Оның сөзінше, АҚШ пен оның одақтастары "ұрыс алаңынан кеткенімен" Америка әлі де "демократияның ұлы арсеналы" болып қала алады.

"Сол үшін Ауғанстанның батыстағы "достарынан" Вашингтон мен Нью-Йоркте конгресс пен Байдан әкімшілігі алдында бізді жақтауын сұраймын. (...) Қандай жағдай болса да мен және менің сарбаздарым Панжшерді қасық қанымыз қалғанша қорғаймыз. Біздің жауынгерлік рухымыз биік. Оны бізге тәжірибе көрсетті. Бірақ бізге қару, оқ-дәрі мен жабдықтар көбірек қажет", - деп мәлімдеме жасады Ахмад Масуд.

Ахмад Масуд. Фото: Reuters

Артынша 31 тамызда Ахмад Масуд тағы бір мәлімдеме жасады: ол тәліптерге қарсы қозғалыс қандай жағдайда тоқтайтынын түсіндірді. Масуд "Талибан" инклюзив үкімет құрып, азаматтардың бостандығы мен теңдігін қамтамасыз етсе, Ауғанстанның қарсылық майданы тоқтайтынын жеткізді.

"Тәліптер билікті тең бөліп, Ауғанстандағы адамдарға әділдік, теңдік пен еркіндікті қамтамасыз ететін болса, мен беріліп, саясаттан кетуге дайынмын. Басқа ешқандай нұсқа қарастырылмайды", - деді Масуд.

Ал кеше, 2 қыркүйекте "Талибан" қозғалысының өкілдері Панжшер провинциясын қоршауға алғанын мәлімдеді. Қозғалыс басшысы Амир Хан Моттаки провинция басшыларымен жүргізген келіссөз нәтижесіз болғанын айтты. Одан бөлек, Моттаки көтеріліске шыққандарды қаруларын тастап, ал Ахмад Масудты берілуге шақырды.

Моттакидің сөзінше, тәліптер Панжшердің төрт жағы бойынша дайындық жүргізіп жатыр және соғыс ашуға еш себеп жоқ. Ол тәліптерге қарсы қозғалыс кезінде "Талибанды" НАТО мен АҚШ қолдау көрсеткеннің өзінде жеңе алмағанын еске салды.

"Бірақ біз әлі де соғыс болмайтынына кепілдік беріп, Панжшер мәселесі бейбіт шешілетінін түсіндіруге тырысып жатырмыз", - деді "Талибан" басшысы.

2 қыркүйекте түнгі уақытта Панжшер провинциясының өкілдері бір түнде тәліптердің 350 сарбазын өлтіріп, қаруларын тартып алғанын мәлімдеді. Мерт болған сарбаздардың бәрі Панжшер аймағын басып кірмек болған.  

Ауғандардың өкілі Фахим Дашти РИА Новостиге аймаққа басып кірген тәліптердің мерт болғанын растады. Онң сөзінше, 350 тәліп өлтірілген, тағы 280 адам жарақат алған. Одан бөлек, "Талибанның" 35 сарбазы ұсталған.

Артынша Желіде "Талибан" сарбаздарының көзі жойылған сәттің видеосы пайда болды. Видеода атылған автомат және пулеметтің даусы естіледі.

Осылайша "Талибан" Панжшер провинциясын басып алуға әрекет жасаған кезінде адам шығына ұшырады. Бүгінде Панжшер әлі де ауған провинциясы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная