19 мая 2020 | 12:48

Нұр-Сұлтанда 84 жасөспірім коронавирус жұқтырған

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: ©Reuters

Нұр-Сұлтандағы коронавирус инфекциясының қазіргі жағдайы туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтандағы коронавирус инфекциясының қазіргі жағдайы туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қисықова қалада жұқтырғандардың жас мөлшеріне тоқталды.

Реклама
Реклама

"Қазір қалалық ауруханаларда 1022 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 67 пайызы - коронавирус жұқпасынан ем алушылар. Соңғы ақпаратқа сәйкес коронавирусты 1287 адам жұқтырғаны белгілі болды. Оның 84-і 18 жасқа дейінгі балалар. Оның 62 пайызы - ер, 38 пайызы - әйел адамдар", - деді ол ОКҚ өткен онлайн-брифингте.

Сонымен қатар, бүгінде коронавирус жұқтырғандардың 47 пайызы үйдегі карантинге жіберілген.

"Жастарына сәйкес қарастырсақ, ең көп ауырғандар 18-49 жас аралығындағылар - 76 пайыз. 50-69 жастағылар - 16 пайыз, 70 жастан асқандар - 2 пайыз, балалар - 6 пайыз. Ауырғандардың 47 пайызы жазылып, үйдегі карантинге жіберілді", - деді ол.

"Қазір 10 науқас тұрақты ауыр халде жатыр. Қалғандарының жағдайы - қанағаттанарлық", - деп қосты Қисықова.

Еске салайық, соңғы мәліметтерге сәйкес еліміз бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 6 751 адамға жетті. Вирус жұқтырған адамдардың 3 469-ы айықты, 35 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная