11 мая 2021 | 13:12

"Өртеп үлгермей жатыр". Үндістанда тұратын қазақстандықтың әңгімесі

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: REUTERS

Үндістандағы кейінгі ахуалға бүкіл әлем көз тігіп отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдап, көмек көрсетуге дайын екенімізді жеткізген болатын. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Үндістанда 6 жылдан бері тұрып жатқан Әсел Әділбековамен әңгімелесті. Әсел үнді халқының бүгіні туралы айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістандағы кейінгі ахуалға бүкіл әлем көз тігіп отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдап, көмек көрсетуге дайын екенімізді жеткізген болатын. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Үндістанда 6 жылдан бері тұрып жатқан Әсел Әділбековамен әңгімелесті. Әсел үнді халқының бүгіні туралы айтып берді.

"Үндістанда екінің бірінде коронавирус"

Мен Дели қаласында оқып, жұмыс істеймін. Үндістанның бүгінгі ахуалы мәз емес, күніне 300-400 мың адамнан коронавирус анықталып жатыр. Өзім де бұл вирусты жұқтырып, ауыр өткердім. Ауруханаға жатпадым, дәрігерлердің жазып берген антибиотик, дәрілерін іштім. Үндістанда екінің бірінде коронавирус, мұндағы барлық танысым, достарым ауырды. Бірінде жеңіл, бірінде ауыр өтті. Қазіргі таңда ауруханаларда орын жоқ, дәрі жетпейді, вакцина жағы да қиын. Бұған дейін вакцина салынып жатқан еді, бірақ сәуірде тоқтатылды. Мамырдың ортасынан бастап ресейлік "Спутник V" вакцинасын алдырайын деп жатыр. 

Реклама
Реклама

Өзім медициналық туризм саласында қызмет етемін, ауруханаларда жүремін, коронавирусты да сол жерде жұқтырдым. Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан, араб елдерінен емделуге келген адамдардың барлығына дерлігі коронавирус жұқтырды. Былтыр дәл осы кезде Үндістанның жағдайы қазіргідей қиын болған жоқ еді, тіпті керісінше, бұл ел бір жыл бойы басқа елдерге көмектесіп жатты, Қазақстанға да ұшақпен дәрі-дәрмек жөнелтті. Биыл наурызға дейін бәрі жақсы болатын, әлемде қатаң карантин болып жатқанда Үндістан жайбарақат өмір сүрді. Алайда, биыл наурыздың соңынан бастап барлығы бақылаудан шықты. 

"Үндістан коронавирусты жеңді делінген еді"

Биыл қаңтар-ақпанда Үндістан коронавирусты жеңді делінген болатын, соның да әсері шығар, адамдар арқаны кеңге салған сияқты. Жаңалықтарда діни мерекеге әлемнен миллиондаған адам жиналып, Ганга өзеніне жуыну кезінде коронавирус тарап кетті деген де ақпараттар айтылды, нақты себебін ешкім білмейді, басқа да жайттар кесірін тигізген шығар. Бір білерім, коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, мемлекет ие бола алмай қалды. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханадан орын сұрап жатқандар көп, бірақ орын жоқ, оттегі баллоны да тапшы.


Фото: REUTERS


Фото: REUTERS

Күндегі көз алдымдағы көрініс, адамдар оттегі баллонына таласып, жанжалдасып, төбелесіп жатады.

"Крематорийлер мәйіттерді өртеп үлгермей жатыр"

Үндістан толықтай карантинде, қайтыс болып жатқандар өте көп. Бірақ "далада көз жұмып, көшеде өртеп жатыр" деп тараған ақпарат жалған. Интернетте кеңінен тараған мына сурет расында да болған жайт, бұл көрініс Делиде түсірілген. Крематорийлер мәйіттерді өртеп үлгермей жатыр.


Фото: REUTERS

Тест тапсырған кезде көрдім, ауруханалардың сыртында "бос орын жоқ" деп, немесе "1 орын босады" деп бағасы жазылып тұрады.


Фото: REUTERS

Ауруханаларда орын жоқ, науқастар сыртта жатыр.

  "Үнділерде вакцинаға сенбеу деген жоқ"

Үндістан халқы вакцинаға оң көзқараспен қарайды, сенбей, қарсылық білдіретіндер жоқ десе де болады. Үнділер Үкімет басындағылар не айтса, соны бұлжытпай орындайтын халық. Үндістанның вакцинасы салынған кездерде вакцинадан қайтыс болыпты деген мәлімет болған жоқ. Қазақстанда вакцинаға сенбей, қарсы шығатын адамдардың аз емес екенін білемін, салыстырсақ, үнділерде ондай мәселе жоқ, керісінше, вакцинаны асыға күтіп отыр. 


Фото: REUTERS

Дәл қазір, Үндістанда толық локдаун, билік карантинді 17 мамырға дейін созды, бірақ ай соңына дейін карантин болады деп айтылып жатыр. Қазіргі таңда ауруханалар, дәріханалар мен азық-түлік сататын дүкендер ғана ашық. Мектеп, университет сияқты кейбір мекемелерде орын босатып, төсектер қойылып жатыр.


Фото: REUTERS

"Үндістанда дәрігер атану қиын"

Үндістандағы қазіргі ахуалға қарап медицинасына күмәнмен қарауға болмайды. Бұл елде медицинаның дамығаны сонша бізде жылына бір жасалатын ең ауыр оталар Үндістанда күнде жасалады. Халық саны өте көп және медицинада бәсекелестік өте жоғары, қызметке тек мықты мамандар алынады. Үндістанда медициналық білім алу ақысы қымбат. Сол үшін де көбі Украина, Ресей, Қазақстанға барып оқиды. Оқуларын бітіріп келгеннен кейін олардан мемлекеттік тестілеу алынады, одан өту өте қиын. Оқуын бітіргеніне 7 жыл болса да әлі сол тестілеуден өте алмай жүргендерді білемін. Үндістанда ол тестіден өтпегендер тіркеу бөлімінде ғана отыра алады немесе көмекші, аудармашы болады, болды, дәрігер бола алмайды, Үндістанда дәрігер атану қиын.


Фото: REUTERS

Айта кетейік, былтыр Қазақстаннан және елшіліктен біраз адам хабарласып, үнді дәрігерлерінің коронавирусты емдеп жатқан хаттамасын сұрады. Жаңарған хаттамалар қолымда болды, жолдап отырдым. Ал қазіргі қиын кезеңде әлем елдері үнді халқына қолынан келгенінше көмек көрсетіп жатыр, көп ұзамай ахуал жақсарады деп сенеміз.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная