ПОДЕЛИТЬСЯ
24 июня 2020 | 15:43
Шетелде коронавирусты анықтайтын тест бағасы қанша?
Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 9,3 миллионнан асты. Одан бөлек, күн сайын әр елде COVID-19-ды анықтауға миллиондаған тест жасалып жатыр. Қазақстанның өзінде коронавирус пандемиясы басталғалы 1,3 миллион тест жасалған екен. Алайда әр елде коронавирусты анықтайтын тесттің бағасы 7 мыңнан 1,6 миллионға дейін екен. Шетелде COVID-19 тестінің бағасы қаншадан? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 9,3 миллионнан асты. Одан бөлек, күн сайын әр елде COVID-19-ды анықтауға миллиондаған тест жасалып жатыр. Қазақстанның өзінде коронавирус пандемиясы басталғалы 1,3 миллион тест жасалған екен. Алайда әр елде коронавирусты анықтайтын тесттің бағасы 7 мыңнан 1,6 миллионға дейін екен. Шетелде COVID-19 тестінің бағасы қаншадан? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
Ресейде, коронавирусқа байланысты ресми мәлімет беретін сайттағы ақпарат бойынша, пандемия басталғалы 17,5 миллион тест тапсырылған. Сәуірдің аяғында елде ресейлік 17 тест-жүйесі тіркелген. Алғашында сараптаманы Роспотребнадзордың гигиена және эпидемиология орталығы жүргізген. Анализді тек дәрігердің тағайындауы бойынша тапсыруға болады. Наурыздың соңында Ресейдегі екі жекеменшік зертхана коронавирусты анықтайтын тестті ақылы түрде тапсыруға болатынын хабарлаған. Алайда бұл зертханалар ауру белгісі жоқ адамдарды ғана қабылдайды екен.
"Коммерсант" мәліметінше, сәуірдің басында зертханалық медицина бағытының жетекшісі Елена Тиванова тестілеу бағасы 1250 рубль (шамамен 7200 теңге) болатынын айтқан. Бұл зертхана қызметкерін шақырмағандағы баға (650 рубль). Сараптама 1-2 күн жүргізіледі. Ал оның нәтижесі электрон поштаға келеді.
Өзбекстанда коронавирус пандемиясы басталғалы вирус жұқтырған 6,7 мың адам анықталған. Өзбекстандықтар коронавирусты анықтайтын тест тапсыру үшін 224-240 мың сум төлеуі керек. Бұл теңгемен шаққанда 8800-9500 теңге аралығында. Оны тапсыру үшін тек төлқұжат керек. Тесттің нәтижесі екі күнде дайын болады.
Podrobno.uz мәліметі бойынша, елде коронавирусты анықтайтын тест тапсыру үшін алдын ала жазылудың қажеті жоқ. Нәтижесін тест тапсырған орталықтан алуға болады.
Қазақстанда коронавирусты анықтайтын тесттен Ұлттық сараптама орталығының бөлімшелерінде өтуге болады. Орталықта ПТР әдісі бойынша ақылы тесттің бағасы 11 500 теңге. Тест нәтижесі 12-24 сағат аралығында шығады. Тестілеуден өту үшін қазақстандықтар алдын ала nce.kz сайтында тіркелуі керек. Зертханаға медициналық маска тағып келу керек және әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.
Анализ қабылдау жергілікті уақыт бойынша 8:30 бен 16:00 аралығында. Орталықтың әр өңірдегі бөлімшелерінің мекенжайын мына жерден көруге болады.
Айта кетейік, тестті жекеменшік зертханаларда да тапсыруға болады.
Германияда коронавирус пандемиясы басталғалы 5 миллионнан аса тест жасалған. "Хабар 24" телеарнасының мәліметінше, Германияда коронавирусты анықтауға арналған тесттен егер оны дәрігер тағайындаған болса тегін өтуге болады. Ал вирус белгісі жоқ, бірақ тесттен өткісі келетін адамдар оны жекеменшік ауруханаларда өте алады. Бағасы 60-100 еуро аралығында. Бұл шамамен 27 мың мен 45 мың теңге аралығында.
© Reuters
Ал жақында Германияда автоматтандырылған станциялар орналастырылған екен. Ол жерде тестті дәрігерлер емес, роботтар қабылдап алады да, сараптаманы зертханаға жібереді.
Бүгінде Италия коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша дүние жүзінде 9-орынға түсті. Жалпы COVID-19 жұқтырған 238 мыңнан аса адам анықталған. Бүкіл ел бойынша 5 миллионнан аса тест жасалған. Италиядағы жеке клиникалар коронавирусты анықтауға тест тапсырушылардан 3,5 мың еуро (шамамен 1,6 миллион теңге) алады екен. Ол үшін тесттен өтушілер қан тапсырады да, ол зертханаға жіберіледі.
Тест нәтижесі тапсырғаннан кейін 12 сағаттан соң шығады. Мемлекет COVID-19-ды анықтау үшін тегін тестілеумен барлық италиялықты қамтамасыз ете алмайтын көрінеді. Тегін тест коронавирус инфекциясын жұқтырды деген адамдарға ғана жасалады екен. Одан бөлек, қаржылай мүмкіндігі жоқтар сараптамаға 25 еуро (шамамен 12 мың теңге) төлейді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также