11 сентября 2019 | 13:19

Шейхтан қашқан ханшайымның оқиғасы қалай үш елді жауластыра жаздады

Мохаммед бен Рашид Әл Мактум мен Хайя ханшайым © REUTERS

Дубай әміршісі әрі БАӘ премьер-министрі шейх Мохаммед бен Рашид Әл Мактум мен оның жары арасындағы оқиға бүкіл әлемнің қызу талқысына түсті. Әл Мактумның жары ханшайым Хайя бинт әл-Хусейн Біріккен Араб Әмірліктерін екі бірдей елмен қақтығыстырып қоя жаздады. Тengrinews.kz тілшісі Хайя бинт әл-Хусейннің Араб Әмірлігінен қашуы жайлы мәліметтерді шолып шықты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дубай әміршісі әрі БАӘ премьер-министрі шейх Мохаммед бен Рашид Әл Мактум мен оның жары арасындағы оқиға бүкіл әлемнің қызу талқысына түсті. Әл Мактумның жары ханшайым Хайя бинт әл-Хусейн Біріккен Араб Әмірліктерін екі бірдей елмен қақтығыстырып қоя жаздады. Тengrinews.kz тілшісі Хайя бинт әл-Хусейннің Араб Әмірлігінен қашуы жайлы мәліметтерді шолып шықты.

15 жылға созылған ертегі

Реклама
Реклама

45 жастағы Хайя бинт әл-Хусейн - Иордания патшасының қарындасы, Дубай әміршісі Мохаммед бен Рашид Әл Мактумның жары. Олар 2004 жылы 10 сәуірде отау құрған.

Әл-Мактумның ресми алты жарының ішінде халық арасына көп шығатын, іс-шараларға жиі қатысатын әйелі осы - Хайя бинт әл-Хусейн. БАӘ премьер-министрі түрлі елдердің президенттерімен кездесуге Хайяны ханшайымды алып баратын. Әмірлікті басқаратын адамның жары үшін көптің алдына шығу жиі болатын құбылыс емес.


Мохаммед бен Рашид Әл Мактум мен Хайя ханшайым. © Business Insider

Хайяның өзі ниет білдіргендермен суретке түсіп, журналистерге сұхбат беруден де жасқанбайды. Араб Әмірлігіндегі іс-шараларда шашын орамалмен жауып, жабық киімдер киетін. Ал Еуропаға сапар барысында сәнді көйлектер киюден тартынбайды.

Сондықтан Хайя бинт әл-Хусейннің өмірі сырттан қарағанда ертегідей көрінетін. Бірақ биыл жарасымды жұптың ертегісіне нүкте қойылды.

Екі баласы мен 40 миллион доллар алып қашты

Биыл 29 маусымда The Sun таблоиды ханшайымның елден қашып кеткенін хабарлады. Басылымның мәліметінше, Хайя бинт әл-Хусейн ақпаннан бері халық арасына шықпаған. Ол 11 жастағы қызы Әл-Джалил мен 7 жастағы ұлы Заидті алып, Германияға қашып кеткен. Сол жақтан бассауға сұрап, күйеуімен ажырасуға арыз жазған. Ханшайым өзімен бірге 40 миллион еуроға жуық қаражат алып қашқан. Бұл қаражат оның жаңа өмір бастауына қажет болған.


Хайя ханшайым отбасымен. © instagram.com/hrhprincesshaya

Хайя бинт әл-Хусейннің қашуы БАӘ мен Германия арасында дипломатиялық дағдарысқа алып келген. Кей мәліметтерге сүйенсек, Дубай әміршісі неміс билігінен әйелі мен балаларын қайтаруды талап еткен. Бірақ Германия тарапы бұл талапты орындаудан бас тартқан.

Қазір ол 107 миллион доллар тұратын үйінде

Десе де, ханшайым Германияда көп болмай, Ұлыбританияға кеткен. Хайя бинт әл-Хусейн орта және жоғары білімді Ұлыбританияда алғандықтан, бұл ел оған таңсық емес. Оның үстіне, Лондонда ханшайымның 107 миллион доллар тұратын зәулім үйі бар. Қазір ол балаларымен сонда тұрып жатыр. Ұлыбритания билігі де ханшайымды Араб Әмірлігіне қайтарудан бас тартқан екен.

Батыс басылымдарының мәлімдеуінше, ханшайым өз өмірі үшін қорқып, БАӘ-ден қашып кеткен. Қашудың тағы бір нұсқасы бойынша, Хайя өзінің оққағарларының бірімен көңіл қосқан екен. Бірақ бүгінге дейін шейх пен оның жары арасында нақты қандай кикілжің болғаны белгісіз.

Қазіргі уақытта Дубай әміршісі де, Хайя бинт әл-Хусейн де ажырасуға арыз жазған. Енді бұл істі Лондон Жоғары соты қарайды. Ажырасу ісінде Хайяның құқығын адвокат Фиона Шеклтон қорғайды. Ол Диана ханшайыммен ажырасқан кезде Чарльз ханзаданың адвокаты болған. Ал араб шейхы леди Хелен Уордты адвокат етіп таңдаған. Ол бұрын әнші Мадоннамен ажырасқан режиссер Гай Ричидің құқығын қорғаған. Шейх әйелінен балаларын қайтаруды талап етіп отыр.

Иорданиядан келген көмек

Arabian Royal Agency мәліметі бойынша, бұл іске ханшайымның ағасы - Иордания королі,  Абдалла II ибн Хусейн араласқан. Ол Хайя бинт әл-Хусейнді Иорданияның Ұлыбританиядағы елшілігі басшысының орынбасары етіп тағайындаған. Осылайша, ол қарындасы мен оның балаларын Араб Әмірлігіне қинап қайтару мүмкіндігіне кедергі келтірді.


Хайя ханшайым мен Иордания королі Абдалла II ибн Хусейн. © instagram.com/hrhprincesshaya

Енді ханшайым мен оның балаларында дипломатиялық қол сұқпаушылық бар және оны британиялық билік БАӘ мен шейх Мохаммедке қайтара алмайды.

Бірақ басылымның хабарлауынша, Хайя ханшайымның тағайындауын ұлыбританиялық билік мақұлдауы тиіс. Сол кезде ғана Хайя бинт әл-Хусейн ресми түрде дипломат атана алады.

Шейхтың қызы да елден қашпақ болған

Хайя ханшайымның елден қашуына былтырғы оқиға да себеп болуы мүмкін. 2018 жылы ақпанда шейх Мохаммедтің қызы Латифа елден қашуға оқталған. Бұл жоспарды ол жеті жыл бойы дайындаған екен.

Бірақ Латифаның ойы іске аспай қалған еді. Ол отырған яхтаны Үндістандағы жағалаулардың маңынан БАӘ арнайы жасағы ұстап, Латифаны елге алып келген.

Бұл оқиға әлемге құпия болып қалып қояр еді, бірақ кейін Желіде Латифа түсірген видео тараған. Онда шейхтың қызы әкесінің бұйрығымен болған "алтын түрме" жайлы, таңдаудың жоқ екені және үйдегі зорлық-зомбылық туралы айтып берген.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы бірнеше рет БАӘ-ден Латифаның қазіргі жағдайы туралы мәлімет беруді талап еткенімен, әмірлік билігі оны орындаған жоқ.

Биыл 5 қаңтарда Хайя соңғы сұхбаттарының бірінде Латифаның сөздері рас болса, жарын алдағы уақытта қорғамайтынын айтқан болатын. Көп ұзамай Хайя бинт әл-Хусейннің өзі жұртшылық көзінен таса болды.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная