16 сентября 2021 | 16:15

SpaceX ғарышқа ұшырған туристер кім және олардың мақсаты не?

Фото: Reuters

Ғарышқа алғаш рет толығымен туристерден тұратын экипаж ұшты. Оны ғарышқа Илон Масктің SpaceX компаниясы жіберді. Туристер қатарында миллиардер де, қарапайым дәрігер де бар. Tengrinews.kz тілшісі ғарышқа аттанған туристер туралы баяндайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ғарышқа алғаш рет толығымен туристерден тұратын экипаж ұшты. Оны ғарышқа Илон Масктің SpaceX компаниясы жіберді. Туристер қатарында миллиардер де, қарапайым дәрігер де бар. Tengrinews.kz тілшісі ғарышқа аттанған туристер туралы баяндайды. 

Туристер экипажы ғарышқа ұшты

Алғаш рет орбитаға ғарышкерлер емес, бұл саладан хабары көп емес қарапайым адамдар экипажы ұшты. Бұл ғарыш саласындағы тарихи сәт саналады. 

Реклама
Реклама

РИА Новости мәліметінше, туристерді миллиардер Илон Масктің SpaceX компаниясы ұшырды. Компанияның Falcon 9 зымыран тасығышы бүгін елорда уақытымен таңғы 06.03-те Флорида штатындағы Канаверал ғарыш айлағынан ұшты. Falcon 9 тасығышы туристер отырған Crew Dragon кемесін орбитаға шығарады. 

Өз қозғалтқыштары қосылғаннан кейін Crew Dragon зымыран тасығыштан бөлініп, кеме орбитаға, 585 шақырым биікке шықты. Бұл Халықаралық ғарыш станциясы ұшатын орбитадан әлдеқайда жоғары. 

Жоспар бойынша туристер ғарышта үш күн өткізеді. Бірақ олар үш күн бойы ғарышта саяхаттай бермей, шағын ғылыми зерттеулер жүргізеді. Негізі, Inspiration 4 деп аталатын бұл миссия балалардың онкологиялық ауруларын емдейтін St. Jude Children's Research Hospital ауруханасына қаражат жинауға бағытталған.

Ғарышқа кімдер аттанды?

Алғаш болып ғарышқа ғарышкерсіз аттанған туристер ретінде тарихта қалатындар кімдер? Туристер қатарында төрт адам бар. Бәрі бірге алты ай бойы дайындалған. Туристер туралы толығырақ тоқталайық. 


Крис Семброски, Сиан Проктор, Джаред Исаакман және Хейли Арсенокс. Фото: Reuters

Газета.ru мәліметінше, біріншісі - америкалық миллиардер Джаред Исаакман. Ол - кеме командирі, осы миссияның ұйымдастырушысы әрі демеушісі. Онкологиялық ауруларды емдеу үшін Бұл миссияны қайырымдылық қорға да айналдырған осы Исаакман. Біз атаған ауруханаға 100 миллион доллар берген. Бұл сапарда әр орынға ерекше атау берілген. Мысалы,  Исаакманның орны "Көшбасшылық" деп аталады.

"Сеніміміздің шегі жоқ: дайындығымызға, құрылғыларымызға, бағдарламалық жасақтамамызға, бастамамызға қолдау білдірген ғажайып SpaceX командасына сенімдіміз", - деді ол таяуда Space.com сайтына. 

Ал "Үміт" орнында 29 жастағы Хейли Арсенокс отырады. Ол Сент-Джуд ауруханағасында дәрігердің көмекшісі болып жұмыс істейді. Оған 10 жасында сол аяқтың остеосаркомасы диагнозы қойылған. Арсенокс 12 химиотерапия алған және тізе мен жамбас бөлігін алып тастау үшін бірнеше ота жасатқан. Бүгінгі таңда Арсенокс ғарышта болған ең жас америкалық атанды.

Арсенокс бұл сапарда борттағы дәрігер қызметін атқарады. 

Үшінші орын "Жомарттық" деп аталады. Ол Сент-Джуд ауруханасына ең көп ақша жинаған адамға арналған. Оны жеңіп алған адам бара алмай, билетін досы, 41 жастағы Крис Семброскиге сыйлаған. Семброски - инженер. 

"Біздің сапарымыз балаларды мүмкін еместі де армандауға шабыттандырып, ғарышты игерудің жаңа дәуірін бастап, ол бәріне қолжетімді болады деп үміттенемін", - деді Крис Семброски.

"Өркендеу" деп аталатын төртінші орынды 51 жастағы Сиан Проктор иеленген. Ол Саут-Маунтин қоғамдық колледжінің геоғылым профессоры. Бұл орынды әйел байқау арқылы жеңіп алған. Исаакман басқаратын Shift4 Shop платформасындағы интернет-дүкеннің ашылуында байқау өткен. Проктор сол байқау арқылы жолдамаға ие болған. 

Ғарыш туризмі миллиардерлерді қызықтырып отыр

Негізі бұған дейін де ғарышқа аттанған туристер болған. Бірақ ол кездерде зымыран орбитада ұзақ болмаған. Ғарышқа барған алғашқы турист ұлыбританиялық Ричард Брэнсон саналады. Ол биыл 11 шілдеде өзінің Virgin Galactic компаниясы шығарған ғарыш кемесімен ұшқан. Оның видеосы компанияның YouTube-каналында жарияланды. 


© REUTERS

Брэнсон 86 шақырымға көтерілген, сондықтан ол ғарыш шекарасына жеткен жоқ. Себебі Халықаралық авиация федерациясы орнатқан шекара бойынша, ғарыш 100 шақырым биіктен басталады. 

Бір аптадан кейін Blue Origin қожайыны, әлемдегі ең бай адам Джефф Безос та ғарышқа аттанды. Компанияның Twitter желісіндегі парақшасына сенсек, ол ғарыш шекарасынан өтіп, онда төрт минут болған. 


© REUTERS

Бүгінде ғарыш туризмі дамып келеді. Virgin Galactic компаниясы туристерді ғарышқа апаруға дайын. Компания сайтындағы мәліметке сүйенсек, орбитаға ұшу 450 мың доллар тұрады. Зымыраннан бір орын немесе отбасыға, достарға арналған көпорынды пакет сатып алуға болады. Рейстің бүкіл орнын да сатып алу қарастырылған. 

Ал, Business Insider мәліметінше, Безостың Blue Origin компаниясы да туризмнің осы бағыты бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Безостың айтуынша, жаздың ортасына дейін 100 миллион долларға билет сатылған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная