03 января 2019 | 22:38

Таиландта жойқын дауыл болады: Ерке Есмахан мен Айгүл Мүкей елдегі жағдайды айтып берді

Ерке Есмахан мен Айгүл Мүкей. © Instagram

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан мен тележүргізуші Айгүл Мүкей Таиландта алдағы күндері болады деген жойқын дауылдан қалай сақтанып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан мен тележүргізуші Айгүл Мүкей Таиландта алдағы күндері болады деген жойқын дауылдан қалай сақтанып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айгүл Мүкейдің айтуынша, олар тоқтаған Пхукет аралында әзірше жағдай тұрақты. Ол дауылдың ертең, 4 қаңтарда болуы мүмкін екенін айтып отыр. 

Реклама
Реклама

"Біздің аралда әзірше бәрі тыныш... Бірақ ертең Пабук деген дауыл болады деп жатыр. Пхукетте жүргеніңде дауыл тұратыны жайлы хабар тараса - бойыңды үрей билейді екен - 2004 жылы болған цунами бәріміздің есімізде... бірақ дауыл мен тайфундарды Зоя немесе Кристина деген әйел есімдерімен атайды, ал ерлердің есімі берілетіндері болмашысы ғана. Жалпы сақ боламыз, теңізге бармаймыз... Қонақүйде боламыз", - деп жазды тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

На нашем острове пока все спокойно...???????????? А вот завтра обещают Ураган по имени Пабук... ( на всякий случай, назову его уважительно, с большой буквы и по имени )... Когда ты находишься на Пхукете и вдруг приходит инфа об урагане, немного становится не по себе - все мы помним Цунами 2004 года... но еще я знаю, что сильные ураганы и тайфуны называют женскими именами, например Зоя или Кристина... а мужские, они так... поменьше... Ну в общем, мы будем аккуратными- в море не пойдем... Посидим в отеле- креветки пожуем... или сок попьем мангово - ананасовый ????????????????????????????????????

Публикация от AigulMukei (@aigulmukei) 3 Янв 2019 в 2:14 PST

Әнші Ерке Есмахан да жойқын дауылдың өздері тоқтаған жерде емес екенін айтты.

"Таиландтан сәлем! (...). БАҚ өкілдері Таиландта қатты дауыл (ураган) болады деп жатыр. Қазақстаннан біраз адам звондап, жақындарым уайымдап жатыр. Тайфун Таиландтың басқа аймақтарында екен, біз тоқтаған жерде қорқыныш жоқ. Уайымдамаңыздар! Не болса да, бір Алла жер бетін табиғи апаттардан сақтасын! Муслим мен сіңлілерім жанымда. Олардың ойнап-күлгенінің өзі бір бөлек демалысқа татиды", - деп жазды әнші Ерке Емахан Instagram желісіндегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Таиландтан сәлем!✌️ Таиландқа жиі келіп жүрміз ғой,сондықтан беймаараал жатырмыз деп әңгімені бастайын ба?!???? Ұйқының шаруасын да тындырдық.???? БАҚ өкілдері Таиландта қатты дауыл(ураган) болады деп жатыр. Қазақстаннан біраз адам звондап, жақындарым уайымдап жатыр. Тайфун Таиландтың басқа аймақтарында екен, біз тоқтаған жерде қорқыныш жоқ. Уайымдамаңыздар!???? Не болса да, бір Алла жер бетін табиғи апаттардан сақтасын!???? Муслим мен сіңлілерім жанымда. Олардың ойнап-күлгенінің өзі бір бөлек демалысқа татиды.???? Ал менде көңіл шіркін кейде Алматы жақта....????

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan) 3 Янв 2019 в 7:13 PST

Айта кетейік, бұл ел аумағына және Самуи мен Пхукет аралдарына 50 жылда болмаған Pabuk атты жойқын дауыл жақындап келеді. 

Осыған байланысты таяуда ҚР СІМ өкілдері Таиландтағы қазақстандықтарға сақ болуды ескерткен еді. "Төтенше жағдай болса дереу Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне ҚР СІМ веб-сайтындағы байланыс бойынша хабар алмасуды сұраймыз", - деп ескерткен еді сыртқы саяси ведомство өкілдері.

Таиландтың ғылым және технология министрлігінің гидрологиялық және ауыл шаруашылығы ақпарат институтының 2 қаңтарда жариялаған мәлімдемесіне сенсек, Оңтүстік Қытай теңізінің астындағы атмосферада қалыптасқан Thirtysix атты қысымы төмен аймақ тропикалық дауыл жағдайына өтіп, қазір Сиам шығанағының жағалауына қарай жылжып келеді. 

Дауыл Таиландтың оңтүстігімен, Сиам шығанағынан Андаман теңізіне дейінгі аймақтан өтеді, оның ішіне Самуи, Пхукет, Краби және Пхангнга деген әлемге белгілі туристік аймақтар кіріп отыр. Құжатқа қарағанда, өткен сәрсенбінің өзінде елдің Чумпхон провинциясында желдің жылдамдығы сағатына 65 шақырымға жеткен.

Таиланд билігіне сілтеме жасаған ҚР СІМ өкілдерінің мәліметінше, Оңтүстік Қытай теңізінде күш алған "Пабук" тропикалық дауылы Спратли аралдарының оңтүстік-батысында және қазір ол Сиам шығанағына қарай жылжып келеді. Ғалымдар Таиланд жағалауына дауыл 5 қаңтарда жетеді деп отыр. 

Мәлімдемеге қарағанда, 3-4 қаңтарда Сураттхани, Накхонситхаммарат, Пхаттхалунг, Сонгкхла, Паттани, Яла, Наратхиват, Краби, Транг және Сатун, ал 4-5 қаңтар күндері Пхетбури, Прачуапкхирикхан, Накхонситхаммарат, Пхаттхалунг, Сонгкхла, Паттани, Яла, Наратхиват, Ранонг, Пхангнга, Пхукет, Краби, Транг және Сатун провинцияларында жаңбыр құйып жауады.

Еске салайық, Таиландта соңғы ірі тайфун мен тропикалық дауыл 1989 жылы болып, салдарынан 400-ден аса адам қаза тапқан еді. Ал 1962 жылы елде Harriet деп аталатын дауыл соғып, 900-ден аса адамның өмірін жалмаған болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная