07 қараша 2019 14:54

Тәжікстанның шекара бекетіне жасалған шабуылдың мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тәжікстанның ІІМ баспасөз қызметі. © Тәжікстанның ІІМ баспасөз қызметі.

6 қарашаға қараған түні белгісіз біреулер Тәжікстанның шекара бекетіне шабуыл жасап, салдарынан 17 адам қаза тапты. Бұл күні Тәжікстан Конституция күнін атап өтуі тиіс болған. ІІМ мәліметінше, 20-ға жуық адам атыс шығарған. Кейінірек Тәжікстан билігі шабуылға "ДАИШ" содырларының қатысы барын хабарлады. Қазіргі уақытта жолдар жабылып, Душанбе мен оған жақын елді мекендерде қауіпсіздік шаралары күшейген. Tengrinews.kz тілшісі бұл шабуылға ненің себеп болуы мүмкін екенін саралап, Тәжікстандағы жағдайға шолу жасады.


6 қарашаға қараған түні белгісіз біреулер Тәжікстанның шекара бекетіне шабуыл жасап, салдарынан 17 адам қаза тапты. Бұл күні Тәжікстан Конституция күнін атап өтуі тиіс болған. ІІМ мәліметінше, 20-ға жуық адам атыс шығарған. Кейінірек Тәжікстан билігі шабуылға "ДАИШ" содырларының қатысы барын хабарлады. Қазіргі уақытта жолдар жабылып, Душанбе мен оған жақын елді мекендерде қауіпсіздік шаралары күшейген. Tengrinews.kz тілшісі бұл шабуылға ненің себеп болуы мүмкін екенін саралап, Тәжікстандағы жағдайға шолу жасады.

Ең ірі шабуыл

Түнгі уақытта 20 адам бетперде киіп, шекараға шабуылдаған. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сенсек, олар Ауғанстаннан келген. Биліктегілер бұл жағдайды Тәжікстан аумағында болған ең ірі шабуыл екенін айтып отыр. Айтуларынша, шабуылдағандарға біреулер "арнайы тапсырма" берген. 

Тәжікстанның күш құрылымдарының мәліметіне қарағанда, шабуылдағандар - Тәжікстан тумалары, Исфара қаласының тұрғындары. Сондай-ақ, ведомство өкілдері қаза тапқандардың ішінде әйелдердің де болғанын айтады.

Шабуыл болған жер.© google.maps

Ресми мәлімет бойынша, атыстан әскери қызметкер мен ішкі істер органдарының бір қызметкері қаза тапқан. Олар - Тәжікстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің 26 жастағы әскери қызметкері Изатулло Әбубакр мен 42 жастағы жергілікті инспектор Бахром Шохзода.


Қаза болған Изатулло Әбубакр.© akhbor-rus.com

                                                                          Оқиға болған жер.  © akhbor-rus.com

ДАИШ шабуыл жасады - МҰҚК

Душанбе билігі бұл жағдайға кінәлі деп бірауыздан ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымын атады. Олар тапсырманы орындауға келген деді. Жергілікті "Ховар" ақпарат агенттігінің мәліметінше, содырлар тобы Ауғанстан - Тәжікстан мемлекеттік шекарасынан 3 қарашада өтіп кеткен. "Олар Ауғанстанның бір провинциясынан келген, әдейі түнгі уақытта келіп, тапсырмасын орындай бастаған.

"Шабуылдағандардың барлығы - ДАИШ мүшесі. Олар осыған дейін Тәжікстан шекарасынан заңсыз бірнеше рет өткен. Осыдан кейін содырлар өздеріне қолайлы деген аумақты таңдап, Ишкобод ауданына келіп шабуыл жасады", - делінген мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

                                                              © Тәжікстанның ІІМ баспасөз қызметі.

Шабуылға не себеп болуы мүмкін?

Ресейлік саясаткер, шығыстанушы Дмитрий Верхотуров Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасындағы жағдайға қатысты ойын білдірді. Бұл туралы Верхотуров "Взгляд" басылымына берген сұхбатында айтады. Оның айтуынша, ДАИШ содырлары өздерінің Орта Азияда екендерін мәлімдегісі келген.

"Түрлі нұсқа болуы мүмкін. Бірақ ең жақын келетіні - "Ислам мемлекеті" экстремист тобындағылар өздерінің бар екенін, "тірі екенін" мәлімдегісі келген. 

Саясаткердің айтуынша, Тәжікстанның да, Өзбекстанның да Сирия мен Ауғанстанға кетіп қалған жергілікті тұрғындары көп. Осылайша олар үйлеріне қайтуды жоспарлаған болуы мүмкін дейді. Шығыстанушы Ташкент пен Душанбенің жедел түрде осы мәселені шешу керектігін айтады.

"Бұл Тәжікстан үшін үлкен қауіп"

Биыл ақпан айында Ресейдің ішкі істер министрінің орынбасары таяуда содырлардың Тәжікстанға шабуылдауы мүмкін екенін, осылайша Орта Азияға үлкен қауіп төнетінін мәлімдеген болатын. Алайда Тәжікстан билігі мұны оның жеке пікірі деп, айтқан болжамды еш қабылдамады. 

Ведомство ресейлік шенеуніктің мәлімдемесі негізсіз екенін айтты. Алайда, саясаткерлердің айтуынша, осы аптада болған жағдай Тәжікстандағы жағдайдың шиеленісіп тұрғанын көрсетеді. Ресей билігіндегілердің айтуынша, қарағнада Ауғанстанның солтүстігінде содырлар өте көп жинаған және олардың саны 1000-нан асады.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, мұның алдында Ауғанстан содырлары  Орта Азия елдеріне шабуылдаған емес. Бірақ 2018 жылдың шілдесінде Тәжікстандағы Дангара қаласының маңында шетелдік велосипедшілерге шабуыл жасаған болатын. Велосипедшілерді бір топ ер адам қағып, артынан атыс шығарып, 4 адамды өлтіріп кеткен еді. Атыс шығарғандардың барлығы Тәжікстан тумасы болды.

                                                                            © akhbor-rus.com

Енді қазіргі уақытта шабуыл болған жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Өзбекстанның шекара қызметіндегілер бұл жағдаймен айналысып жатқанын мәлімдеді. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері қазіргі уақытта Ташкент пен Душанбенің тығыз қарым-қатынаста осы мәселені талқылап жатқанын айтты.

Бірақ Тәжікстанның ресми органдары шабуылға қатысқандардың және қаза тапқандардың аты-жөнін жарияламай отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети